С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет162/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

Этикалық әңгімелесудің мақсаты - адамгершілік сезімдерін, 
адамгершілік түсініктерін, пікір, бағалауды қалыптастыру. 
Этикалық әңгімелесудің тақырыптары мыналар бола алады: 
«Сыпайылық туралы», «үйде және көшеде өзін-өзі қалай ұстау 
керек», «Дос пен достық туралы», «Менің сүйікті апам» және 
т.б. Этикалық әңгімені көркем шығарма оқумен, иллюстративті 
материал көрсетумен, фильм көрсетумен байланыстырған жөн 
болады.


279 
Танымдық 
әңгімелесудің 
тематикасы 
білім 
беру 
бағдарламасымен анықталады. Сонымен қатар, ол балалардың 
өмірінің мазмұнымен, ағымдағы өмірдегі оқиғалармен, 
қоршаған табиғат пен үлкендердің еңбегімен тығыз байланысты. 
Дидактикалық мақсаттарға қарай кіріспе және жинақтау 
(қорытынды) деп бөлінеді.Кіріспе әңгімелесудің міндеті – 
балаларды алдағы қызметтерге, бақылауға дайындау. Бұл 
мақсатпен педагог балалардың тәжірибесін анықтайды, жаңа 
объектерді, құбылыстарды қабылдауға негіз болатын білімді 
өзекті етеді, алдағы қызметке қызығушылықты оятады, 
практикалық немесе танымдық мақсаттар қояды. 
Жинақтайтын (қорытынды) әңгімелесу білім беру 
жұмысының айтарлықтай ұзақ уақыт аралығында баланың алған 
білімін сомалау, нақтылау, жүйелілеу мақсатында өткізіледі. 
Мысалы, үлкен топта «Біздің қорғаушылар» тақырыбында білім 
беру жұмысы жүрді. Балаларға көркем әдебиетті оқыды, олар 
өздерінің соғысқа қатысқан аталары мен апалары туралы 
альбомді әрледі. Альбомға олардыңфотоларын, сонымен бірге 
олар туралы әңгімелерді салды. Балалар видеофильмдер 
үзінділерін көрді, соғыс кезінің әндерін тындады. Педагогтің 
сұрауы бойынша ата-аналар балаларымен Мәңгілік отқа барып 
келді. Балалар сурет салды. Сонымен , көптеген білі мен 
машықтар игерілді, балалардың жңа білідері мен машықтары, 
сезімдері білінетін шығармашылық жұмыстар жиналды. Бұдан 
кейін педагог қорытынды әңгіме жүргізеді. Алдын ала ол 
тәрбиеленушілерді сәйкес психологиялық ыңғайға келтіріп : 
балалардың 
жұмыстарынан 
эксұстаным 
жасайды, 
фотоматериалдар дайындайды (экскурсияда , Петяның атасымен 
кездесудегі, әскери дәрігермен кездесудегі), соғыс туралы 
кітаптап көрмесін ұймдастырады және т.б. бұның бәрі алған 
әсерлерді 
жандануына, 
қиялға 
серпін 
береді, 
жақсы 
эмоционалдық фон береді. Әңгіме кезінде балаларға 
байланыстар, қатынастар орнатуға, алған білімді жинақтауға 
бағытталған сұрақтар беріледі. Педагог пен балалардың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет