99
Керек. Ол адам мүмкіндіктерінің бағдары болып
табылады және көпқырлы тұлғаның түрлі бағыттарында
тәрбиелеудің міндеттерін қалыптастыруға көмектеседі. Онда
күшті адамгершілік бастауы – адам мүмкіншіліктеріне
сенуқаланған.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде мінсіз
мақсатқа бағыт алу аса қажет. Ғылым бүгінгі күні адам қандай
«қасиетімен» Жерге келген, қай
салада ол біршама табысты
және өзін көрсете алады деген сауалдарға әлі жауап бере
алмайды. Біреуін тежеп, басқасын (ересек таңдаған) дамыта
отырып, қателіктер жібермеу үшін, бала өзін түрлі
бағыттарда
сынап көретін жағдайларды жасау қажет.
Ересектің міндеті – баланың дамуын мұқият бақылай
отырып, осы балаға тән және құнды болып табылатын, оның
маңайында тұлға үйлесімділігі қалықтайтын негіз бола алатын
бүршектерді өткізіп алмау керек.
Достарыңызбен бөлісу: