165
әкеледі. Осыдан, баланың миын ауырлатуға, шаршатуға
болмайды
деген ереже шығады, осы ережені ұстанумыз қажет!
Мектеп жасына дейінгі бала ақыл-ойының дамуында жіберілген
қателіктерді ересек жаста жою қиындық әкеледі. Бұл ақаулар
кейінгі дамушылыққа кері әсер етеді.
Мысалы, отбасында мектепке дейінгі мекемелерде баланың
құрылыс материалдары, конструкторлармен
ойнауына көңіл
бөлмейді. Сол себепті балада кеңістік қиялы дамымайды. Бұл
мектепте геометрияны, сызуды меңгеруде қиындықтар
тудырады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде кітапқа деген
қызығушылықты оятпаған, ойлау әрекетін, көркем сөз негізінде
өз басынан өткізуді дамытпаған.
Әдеби шығарманы тыңдай
отырып, бала оның кейіпкерлерін, олардың іс-әрекетін, келбетін
көз алдына келтіруі, әркеттерінің себебін білуі, табиғат суретін
елестетете алуы тиіс. Ал оның
өмірінде көркем шығармамен
танысуды
теледидарға
жүктеген.
Балаға
елестетудің,
қиялдаудың, ойлаудың қажеті жоқ, барлығы «суретте»
көрсетілген. Мектепте балаға ақыл-ой дамуындағы аралықты
жеңуге өте қиын болады: әдеби шығарманы жеңіл түрде
қабылдау әдеті көрініс табады.
Достарыңызбен бөлісу: