167
және басқа да байланыстар) түсінеді. Ойлау нәтижелері сөздің
көмегімен беріледі. Мысалы, 4 жасар Саша терезеге жақындап:
«Түнде жаңбыр жауды. Әне қандай үлкен шалшық», - деді.
Қабылдау мен ойлаудың арасында тығыз байланыс бар.
Қабылдау бала өмірінің алғашқы айларында қалыптасады, ал
ойлаудың дами бастауын Л.С. Выготский шамамен 2 жасқа
жатқызады. Ойлау дамуының негізінде
терең танымға сезімдік
(сенсорный) тәжірибені қоятын қабылдау жатыр. Мектепке
дейінегі жас бойы қабылдау ойлауды дайындайды, оған талдау,
салыстыру, жинақта, қорытындылау үшін «азық» береді. Ойлау,
өз кезегінде, оның мақсаттылығы
мен нәтижелілігін арттырып,
қабылдаудың дамуы мен жүзеге асуына оң әсер етеді.
Бала өмірінің алғашқы кезеңінде ақыл-ойының толық дамуы
үшін, оның қабылдауы мен ойлауының дамуы туралы ойлану
қажет. Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі балалар ақыл-
ой тәрбиесінің маңызды міндеттеріне:
■
Достарыңызбен бөлісу: