168
Сенсорлық тәрбие
Таным қоршаған ортадағы заттар
мен құбылыстарды сезім
арқылы тану, түйсіну мен қабылдаудан басталады. Әлем туралы
білімнің алғашқы қайнар көзі – сезім. Сезім арқылы бала, оның
сезім мүшелеріне әсер ететін, заттардың жеке белгілерін,
қасиеттерін таниды. Осылай бала заттың дәмі, түсі, көлемі, иісі,
дыбысы, салмағы, температурасы және т.б. бар екендігін
түсінеді. Таным процесінің ең күрделісі,
бала тікелей
араласатын заттрадың барлық (көп) белгілерінің көрінісін
қамтамасыз ететін, қабылдау болып табылады.
И.М. Сеченовтың айтуынша, бала ойының тамыры сезімде
жатыр. Сезім мен қабылдаудың байлығы –
қоршаған ортаны
толық түсінудің, ойлау процесі дамуының қажетті алғышарты,
өйткені «сыртқы сезім барлық ойға қонымды жұмыстар үшін
материал береді» (К. Д. Ушинский).
Бала өмірде объектілер формаларының, бояуларының және
басқа да белгілеріның, сондай-ақ ойыншықтар мен үй
жағдайындағы заттардың алуан түрімен кездеседі. Ол
өнер
туындыларымен: музыкамен, көркем суретпен, мүсіндік
туындымен танысады. Баланы көп түстілігі, иістері, дыбыстары
бар сенсорлық белгілерімен табиғат қоршайды. Әрине, мақсатты
бағытталған тәрбиесі жоқ әрбір бала қалай болса да осыны
қабылдайды. Алайда бұл үлкендер
тарапынан сауатты
педагогикалық жетекшіліксіз меңгерілсе, онда ол көп жағдайда
үстір, сапасыз болады. Ал сезу мен қабылдау, әсіресе, мектепке
дейінгі кезеңде дамиды, жүзеге асады.
Осы кезде сенсорлық
тәрбие көмекке келеді.
Сенсорлық тәрбие – сезім арқылы тануды қалыптастыру мен
сезім мен қабылдауды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін
мақсатты бағытталған педагогикалық ықпал ету.
Достарыңызбен бөлісу: