С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ой дамуының



Pdf көрінісі
бет93/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ой дамуының 
негізгі ерекшеліктері – қабылдау, бейнелі ойлау, қиялдау 
сынды танымның образды формаларының басымдығы. 
Олардың пайда болуы мен қалыптасуы үшін мектепке дейінгі 
жас ерекше мүмкіндіктерге толы болады. А.Н. Леонтьев баса 
айтқандай, баланың ақыл-ой дамуын оның рухани бейнесін 
жасаушы психикалық дамудан, қызығушылық молдығынан, 
сезмінен және басқа да белгілерден тыс қарастыруға болмайды.
Шынында да, танымдық процестер іс-әрекеттің алуан 
түрлерінде көрініс табады. Сонымен, елестету қабілеті дамыған 
балада алда тұрған іс-әрекеттің бейнесі көрінеді, ол оны 
жоспарлайды, оған қажеттісін анықтайды. Баланың меңгерген 
білімі оның ой-өрісін кеңейтіп қана қоймайды, бұл білімдер 
адамға, олардың әрекеттеріне, табиғатқа, өнерге деген қарым-
қатынасты бекітеді. Баланың адамгершілік бейнесін дамыту 
үшін өнегелік нормалар, тәртіп ережесі, адамгершілік 
қасиеттердің наөты көрінісі туралы түсінік маңызды болып 
саналады. Мысалы, 3-4 жастағы балалар тату ойнаған 
балалардың бәрін «менің досым» дейді. Дос дегеен кім? Достасу 
деген не? Шын дос қандай болады? Бала игеретін достық, дос 


166 
туралы түсінік оның мінез-құлқын жаңа мазмұнмен толықтырып 
бағыттайды, достың әрекетін бағалауға және өзін-өзі бағалауға 
қызмет етеді. Бала кіші жасынан бастап, денсаулықты сақтау, 
мәдени-гигиеналық әдет, дұрыс қозғалысты үйренудің негізі 
болатын, өз денесін күту жөнінде (қолды, бетті жуу, қол 
орамалды, майлықты пайдалануды) білім алады. Баланы 
мәдениетке тарту, өнер туындыларымен таныстыру, қоршаған 
әлемді оның алуан түрлілігімен қабылдау, қиялдау, ойлау, есте 
сақтаусыз мүмкін болмайтын түсінуді, ұғынуды талап етеді. 
Эстетикалық қабылдау процесіне ойлау әрекетін белсенді түрде 
енгізу – баланың байқампаздығы, сенсорлық мәденит пен 
ойлаудың деңгейі көрінетін бағалау пікірлерін қалыптастыруға 
арналған алғышарт. Сөйтіп, баланың миына әсер етуді мақсат 
ететін ақыл-ой тәрбиесі оның адамгершілік бейнесінің 
қалыптасуына, эстетикалық дамуына, салауатты өмір суру 
әдетін дағдылануға жақсы ықпал жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет