қонжық келді, оны тамақтандырайықшы»), жаңа ас мәзірін («Бәліштен ауыз тигізейік, қонақтарға кәмпит берейік»), жаңа ыдыс-аяқты (вазадағы алма, ыдыстағы кәмтип) енгізеді. Балаларды алдында игерген әрекеттерін ойынның жаңа нұсқаларында іске асыруға түрткі беру керек. Педагог баланы зат-орынбасарларды пайдалануға (пышақ жоқ, нанды немен тураймыз?), ойындағы ситуацияларды ісе асыруға ынталандыратын жағдайларды жасады. Осындай ойын әдетте сөзбен қамтылады, ол бейнені жасауға көмектеседі (ботқа дәмді; көжек сәбізді жақсы көреді; қонжық жасайсың – аузын қағаз майлықпен сүртті!). Сюжеттік-рөлдік ойынды дамыту үшін қойылым- сахналаулар тиімді. Педагог бір ойыншықтың (қуыршақ Ляля) қалай жуынатынын, беті мен қолын сүлгімен қалай сүртетінін, қалай үстел басына отырып, сүт ішетінін көрсетеді, яғни бір ойыншықпен бірізді түрлі әрекеттердің тізбегін көрсетеді. Келесі жолы әр түрлі ойыншық орындайтын бір түрлі іс-әрекеттер көрсетіледі: қонжық, қуыршақ Ляля, көжек. Олар кезекпен кішкентай балаларға
373 таныс әнді айтады, жатқа тақпақ айтады, билейді, доп ойнайды. Балаларға, сонымен қатар, үстел үстіндегі, құыршақ театрларды пайдалана отырып, сахналауды, сюжеттік- рөлдік ойындарды көрсетеді. Олар өздерінің тәжірибесіне жақын таныс ертегісі, тақпақтар, тұрмыстық қойылымдар қалай ойналып жатқанына қызығушылықпен қарайды. Көсетілімнен кейін педагог сәбилерге ойыншықтармен ойнауды ұсынады, сабақта көргендеріне еліетеу ынтасын тудырады. Балалардың ойынына қосыла отырып, тәрбиеші ойын әрекетін қалай орындауды көрсетіп, олардың алдына