С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет205/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

Тапсырма 
1. 
Л.С.Выготскийдің мектеп жасына дейінгі баланың ойын 
барысында іс-қимыл жасаудан ойлауға, ал төрт жаста ойлаудан 
іс-қимыл жасауға баруға қабілетті деген сөздерін түсіндіріңіз. 
Пайымдауларыңызды өзінің бақылаған балалар ойындары 
мысалдарымен бекітіңіз. 
2. 
Ерте, орта және жоғары мектепке дейінгі жастағы балалар 
рөлді бейнелеудің қандай құралдарын падаланатынын сызба 
түрінде көрсетіңіз. 
3. 
Балалардың шартты, жалпыланған ойын іс-қимылдарын 
игеруі неге байланысты екеннін, бала ойын барысында сөзбен 
алмастыруға қандай мақсатта келетінін дәлелдеңіз. 
4. 
Балалардың жанұя ойынын ойнауын бақылаңыз және 
мұнда қазіргі өмір қалай көрінетінін анықтаңыз. 


370 
Сюжетті-рөлдік ойындардың алғышарттары 
Өмірінің алғашқы жылдары ересектердің үйрету мақсатында 
ықпал ету барысында сәби сюжеттік-рөлдік және режиссерлық 
ойындардың алғышарттарын білдіретін ойын әрекетінің даму 
кезеңдерінен өтеді. 
Алғашқы 
осындай 
кезең 
болып 
танысу 
ойыны 
табылады.ересек әртүрлі ойыншықтар, заттарды пайдалана 
отырып, сәбидің заттық-ойын әрекетін ұйымдастырады. Оның 
мазмұнын нәрестенің зат, ойыншық сапасы мен қасиеттерін 
зерттей 
отырып, 
ересекпен 
бірге 
жасайтын 
әрекет-
манипуляциялары құрайды. 3-4 айынан бастап нәресте оның 
кеудесінің үстіне іліп қойған ойыншықтарға талпынады 
(сақиналар, ұсақ кішкене шардардан жасалған гирляндалар), 
оларға қарайды: затқа байқамай қолы тиіп кетіп, оған қуанады, 
қимылды қайталағысы келеді. 5-6 айында сәбиге әр түрлі 
материалдардан жасалған, пішіні, көлемі, түсіне қарай 
ажыратылатын ойыншықтарды ұсынады (резеңкелі, ағаш, 
пластмассалы). Оған ойыншықты ұстап алуды, қолдан екінші 
қолға беруді, оны бұлғауды, ұруды үйретеді. Сәбиге қосымша 
парақтар, сондай-ақ, дыбыс шығаратын түрлі ойыншықтарды 
береді. Ересек адам сәбиге атын атап шақыра отырып, 
ойыншықты және онымен әрекет етуді көрестеді. Ойыншықпен 
дербес манипуляциялар жасау барысында бала оның қасиеттерін 
тани бастайды. Таныстыру ойынында бала әрекеттерінің әдейі 
бағытталғандығы байқалады: сылдырмаққа тартылады, оны 
ұстайды, қарайды, манеждің шетіне соғып, ұрады, манеждің 
сыртына лақтырады, қалай сылдырлап құлағанын тыңдайды 
және т.б. Заттармен осылай әдейі әрекет етуі – сюжеттік-рөлдік 
ойындарға тән мақсатқа бағытталғандықтың дамуының 
алғышарттары. 
Ойын әрекеті дамуының екінші кезеңінде бейнелеп көрсету 
ойыны пайда болады, мұнда баланың іс-қимылдары заттың 
ерекше қасиеттерін айқындауға және оның көмегімен белгілі 


371 
нәтижеге жетуге бағытталған.Ересек адам заттың атын атап қана 
қоймайды, сонымен қатар, сәбидің назарын оның тікелей 
қолданысына да аударады: «Бұл шыны-аяқ, бұдан ішеді. Бұл 
төсек жайма, онымен қонжықты жауап қояйық». 7-8 айлық 
сәбидің назарын ойыншықтардың қасиеттеріне аудартады. 
Баланы осы қасиеттеріне сәйкес ойнауды, атап айтқанда
кішкентай шарды домалатуға, қорабшаға ұсақ ойыншықтарды 
салуға, рәзеңке балықты қысып, босатуғаүйретеді. Сәбилер 
кейбір тұрмыстық заттармен әрекет етуді игереді: табақтарды 
бір-біріне салады, кәстрөлді, қорабшаны жабады. Сәбиді 9-10 
айында заттарды пішініне, олардың физикалық қасиеттеріне 
қарай сәйкестендіруді, яғни сақиналарды алып, өзекшеге 
салуды, 2-3 кубиктік бірінің үстіне бірін қоюдыүйретеді. 
Сюжеттік-рөлдік ойынды қалыптастыру үшін балаға меңгерген 
іс-қимылдарын бір заттан екіншісіне апаруға, яғни іс-әрекетті 
жалпылауға үйрету маңызды. Мысалы, кішкентай шарды 
төбешіктен сырғанатуға үйренсең – сол қимылды доппен, 
машинкамен, алмамен және т.б. жасап көр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет