С. А. Козлова, Т. А. Куликова


оларға аса маңызды болуында. Егер көзіне бір уақытта



Pdf көрінісі
бет209/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

оларға аса маңызды болуында. Егер көзіне бір уақытта 
бірнеше ойыншық түссе, олардың назары ауытқиды, 
сондықтан оларды барлық бөлменің ішіне орналастыру 
керек, мағыналық байланыстарына қарай жинақтаған 
абзал. Мысалы, плитаның үстіне ас ішетін ыдыс-аяқты қою, 
жылқының үстіне салт аттыны отырғызу, арбаға кірпішті 
үю, легеннің қасына сүлгі, сорғышты, құмыраны қою. Бұл 
балаға бір емес, тізбектелген іс-әрекетті орындауға көмек 
береді. 
Балалар іс-қимылын игермеген ойыншықтарды өзіндік 
пайдалануға беруге болмайды. Алдымен балаларды 
ересектермен бірлескен ойында ойын әрекеттеріне үйреткен 
дұрыс. Сонымен, егер балалар кубиктерді, кірпіштерді құра 
алмаса, тәрбиеші үйрететін ойындарды, жеке сабақтарды 
жүргізеді. Басқа уақытта құрылыс материалдары жинап 
қойылады. Балалардың ермек ету ойыншықтарымен еркін 
ойнағаны мақсатқа сай емес: тәрбиеші оларды белгілі 
кезеңдерде оларды қуанту, үйі, анасы туралы ойларын 
сергілту үшін пайдаланады. Осы ойыншықтар баланың 
сезімі мен уайымдауына әсер етуі үшін жаңашылдығы мен 
кездейсоқтығын сақтап қалуы қажет.  
Сонымен, өмірінің екінші жылы ойындар дамиды, олар 
арқылы бала заттармен танысады, қоршаған әлемде 
бағдарлану қажеттіоігін қанағаттандырады. Еліктеу сипаты 
өзгереді: бала ойын барысында өзіне үйреткен ғана емес, 
сонымен қатар, ересектерден көрген іс-қимылдарын да 
жеткізеді. Балалардың осы кезеңінің соңында режиссерлық 
және сюжтрөлдік ойындардың бүршіктері көрінеді, атап 


375 
айтқанда: ересектерге еліктеу, қиялындағы образдарды 
жасау, белсенді әрекет ету, қоршаған әлемді тану 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет