С. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата01.06.2023
өлшемі1.9 Mb.
#474605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Практика 2023 2

Негізгі бөлім:
Практикадан өту нəтижесінде студент келесі құзыреттерді қалыптастырады 
жəне көрсетеді: 
педагогикалық қызмет саласында: 

жалпы білім беретін мектепте шет тілін оқыту сабақтарын 
ұйымдастырудың заманауи əдістері мен технологияларын қолдану қабілеті; 

оқылатын пəндер сапасын бағалау мен диагностиканың заманауи 
технологияларын қолдануға дайын болу; 
əдістемелік қызмет саласында: 

мектепте шет тілін оқыту мен тəрбиелеудің əдістемелік модельдерін, 
əдістемелерін, техгологиялары мен тəсілдерін əзірлеуге жəне жүзеге асыруға 
дайын болу. 
Жасалған жұмысымның мазмұны келесідегідей: 
1.Зерттеу: 

нормативтік құжаттар мен мұғалімдер əзірлейтін 
жоспарлар( Мемстандарт, оқу жоспары; оқу бағдарламасы; пəн мұғалімінің 
күнтізбелік, тақырыптық жəне сабақ жоспары, пəн бойынша сыныптан тыс 
жұмыс жоспары, сынып жетекшісінің тəрбие жұмысының жоспары); 

пəн бойынша оқу кабинетінің (ТСО, кесте, схемалар, үлестірмелі 
дидактикалық материалдар, электронды тасымалдағыштардағы оқулықтар, 
видеотекалар жəне т.б.); 

оқу үрдісінің түрлі формаларындағы жағдайы (сабақ, семинар, 
дөңгелек үстел жəне т.б.); 
2.Қатысу: 

пəн мұғалімі сабағына дидактикалық материалдарды дайындау; 

оқыту қызметін талдау жəне өзіндік талдау. 


3. Жүзеге асыру: 

қазіргі заманғы инновациялық жəне компьютерлік технологиялар мен 
оқыту құралдарын, интерактивті əдістер мен сынып жетекшінің қызметін 
қолдана отырып, негізгі жəне екінші шет тілі бойынша пəн мұғалімінің оқу 
іс-əрекеті. 
4. Шет тілі бойынша оқу тəжірибесін ұйымдастыру. 
Менің студент-практикант ретіндегі міндеттерім: 
Оқу (танысу) тəжірибесі кезінде:

жауапты, ұйымшыл болу; 

тапсырылған жұмыстардың барлық түрлерін орындау; 

ұқыпты, сыпайы болу. 
Тəжірибе кезінде маған тапсырмалар міндеттелді. Олар: Ұйыммен жəне 
педагогикалық ұжыммен танысу;Ағылшын тілі бойынша 1 оқу-əдістемелік 
кешеніне талдау жүргізу;Ағылшын тілінен сабақ жоспарын зерттеу (кез 
келген сынып, кез келген тақырып бойынша);Бір тəрбие іс-шарасының 
жоспар-конспект құру (викторина, олимпиада, конкурс, шығармашылық 
конкурс, КВН, театр қойылымы жəне т.б.); Ағылшын тілі бойынша 
жаңартылған білім беру бағдарламасының тұжырымдамасын үйрену;Шет тілі 
бойынша бейне-сабақ жасауға қойылатын талаптарды зерделеу; Learning 
apps. Ресурстар. Олармен жұмыс жасау. 
Əр тапсырылған тапсырманы өз деңгейіме сай орындап шықтым. Орындау 
барысында өзіме қажет дағдылар мен ақпараттарға аса мəн беріп, олармен 
тереңірек таныстым. Əр тапсырманы орындай отырып, жауапкершілікке, 
тиянақтылыққа, жинақылыққа, əр іске ерекше ынта-ниетпен қарау керек 
екендігін түсіндім. 
Оқу іс-тəжірибесі кезінде ешқандай ауытқу орын алмады, барлығы жоспарға 
сай жасалынды.
Əр тапсырма менің білімімді дамытуға өз үлесін қосты. Айта кетсек, 
біріншіден, мен ұжым жəне педагогикалық ұжымның не екенін білдім. 
Мұғалімнің міндеттері мен құқықтарымен таныстым. Екіншіден, ағылшын 
тілі оқулығын талдау барысында, ағылшын тілін үйренудегі оқу құралының 
маңызы өте жоғары екенін түсіндім. Оқу құралындағы əрбір мəтін, тапсырма, 
ережелер мен жаңа сөздердің дұрыс қолданылуы оқушы адам үшін маңызды.


Үшіншіден, сабақ жоспарымен танысып, талдау арқылы, сабақтың өту 
барысы қалай болатыны туралы жəне қажетті ақпараттарды қалай дұрыс 
қолдануды, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауды, өзімді сабақ 
уақытында қалай дұрыс ұстау керектігі туралы жəне оқушылардың білімін 
бағалауды үйрендім. Жəне бұл тəжірибем болашақта жұмысыма септігін 
тигізеді деп ойлаймын.
Төртіншіден, сыныптан тыс іс-шараның жоспарын талдау барысында, 
сабақтан тыс ағылшын тілін оқушыларға тиімді жəне көңілді етіп көрсетудің 
маңызын түсіндім. Əртүрлі əдіс-тəсілдер арқылы оөушылардың ағылшын 
тілінен білімдерін дамытуда сыныптан тыс іс-шараларлың маңызы зор екенін 
байқадым. 
Бесіншіден, ағылшын тілінен жаңа бағдарламаның əсерінің күштілігін 
байқадым. Жаңа бағдарлама оқушыларды жаңа тəсілдермен, жаңа оқу 
құралдарымен оқытуды жоспарлайды. Жəне бұл болашақ оқушылар үшін өте 
тиімді деп ойлаймын. Жəне өз нəтижесін беретініне сенімдімін. 
Алтыншыдан, ағылшын тілін оқып үйренуші үшін бейнесабақ өте тиімді 
жəне қолайлы болып келеді. Сіз қай жерден, қай қаладан болсаңызда, сізге 
ағылшын тілін меңгеруге ештеңе кедергі бола алмайды. Сондықтан бұл – 
ағылшын тілін оқып үйренудің жеңіл əрі тиімді жолдарының бірі екенін 
тапсырма орындау барысында жете түсіндім.
Əрбір тапсырма маған өз білімімді жетілдіру үшін өз көмегін тигізді жəне 
менің іс-тəжірибемде айрықша орын алады. Əр тапсырмадан алған 
тəжірибемді болашақта жұмысыма қолданамын. 
Кəсіби дайындықты жетілдіруде алдыма бірқатар міндеттер қойдым. Айта 
кетсем, жоғары оқу орны қызметінің негізгі бағыттарымен танысу, 
мамандықпен жəне оның білім беру бағдарламаларымен танысу, болашақ 
кəсіптің объектілері болып табылатын ұйымдардың ұйымдық-құқықтық 
формасымен, құрылымымен, басқару жүйесімен жалпы танысу, болашақ 
кəсіби қызметтің түрлерін, функциялары мен міндеттерін зерттеу, іскерлік 
хат-хабарларды жəне іс жүргізуді зерттеу, 
еңбек ұжымында жұмыс істеу дағдыларын меңгеру болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет