ҚОСЫМША А • Ұйым жəне педагогикалық ұжыммен танысу. Мен ұйым жəне педагогикалық ұжыммен танысу барысында ұстаздың кім екенің білдім. Ұстаз – шəкірттерін білім нəрімен сусындататын адам. Ұстаз болу — екінің бірінің қолынан келмес, əрі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Себебі, ол дəрігер сынды жас түлектердің болашағына жауапты. Бала өмірге қадам жасаған сəтте оның жолында небір қиындықтар кездеседі, сол кезде өзінің тəжірибесімен бөлісетін адам сол баланың өмірінде өшпес із қалдырады. Ата-анамыз біз өмірге келген күннен бастап: жүріп-тұруға, оқуға, санауға, жаза білуге, қоғамдық орындарда өзімізді қалай ұстау керек екендігін үйретеді. Алайда ата-ананың үйде берілген тəрбиесі жеткіліксіз, өйткені олар балаға өзінің нəрестесі ретінде қарайды. Ата- анамыздан кейінгі ақылымен бөлісер, ар-ұятты бойғы сіңірер бірде-бір адам болса, ол – ұстаз. Ал мектептегі ұстаз балаға жеке адам, тұлға ретінде қарайды. Білім ордасының ерекшелігі - ондағы əрбір жұмыстың сапалы да сауатты орындалуы, басшының ақылы мен тəртібіне бағыну арқылы сыйластық пен тəрбиені маңызды факторы етіп құралған шағын мемлекеттің ішкі саясаты. Мұғалім - оқушы үшін үлгілі болуы керек. Əрбір киім киюің, сөз сөйлеуің, өз - өзіңді ұстауың барлығы өз орнымен болуы керек. Өзіңді сыйлату үшін ең алдымен өзгені сыйлай білуің керек. Мұғалімдер арасындағы бір - біріне деген сыйластықты байқадым. Тəжірибесі көптеген жылдар бойы жиналған үлкен буын мұғалімдер, өздерінің ақыл-ойымен жəне біліктілігімен жас буын мұғалімдерге көмектесіп, қол ұшын созып тұруға əрдайым дайын болса, керісінше жас буын мұғалімдерде əрдайым көмектесіп жүгіріп жүреді. Қандай да бір жағдайларды, қиындықтарды олар өзара бірігіп, шешіп