С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет3/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

1
. КӨРКЕМӨНЕР ТАБИҒАТЫ
 
1.1.
Көркемөнер және әдебиеттің сөз өнері ретіндегі
ерекшеліктері
Көркемөнер - адамзат баласының рухани мәдениетінің, қо-
ғамдық санасы мен көркемдік танымының айрықша түрі. Ол - 
қоғамдық сананың көркемдік ойлау тәсіліне негізделген, өмір құ-
былысын бейнелеп көрсету құралы, шығармашылықтың үлкен 
бір саласы. Бұл турасында Л.Толстой: «Адам өз басынан ке-
шірген, өз жүрегінен өткерген күйді қайтадан қалпына келтіріп, 
қайта көрсету мақсатында суреттесе, сырт белгілері арқылы көз 
алдыңа елестетіп, нақтылы бейнелесе, сол өнер болады. Яғни, 
сен суретті немесе мүсінді тамашалап тұрып, сол суреткердің өзі 
кешірген ахуалды, оның қиялындағы мұң-қайғыны қабылдап, я 
сол ләззаттың рахатына кенелсең немесе сол сезімдердің өзіңе 
әсер еткенін көрсең, сол нағыз өнер туындысы болады» - деп 
пайымдайды. Ұлы ойшылдың бұл пікірінен жалпы көркемөнер 
туындысының адамның жүрегіне терең бойлап, жан дүниесіне 
әсер етіп, тәрбиелейтін рухани күшін, көркемдік-эстетикалық құ-
діретін көреміз. Ол өзінің «Өнер дегеніміз не?» трактатында 
(1898) 
әлем эстетикасындағы көркем мәдениет құбылыстарына 
коммуникативтік тәсілдің негізін қалаған пікірлерін ортаға 
салды. Ол өнерді «ләззат алу тәсілі» деп қарамай, «адам өмірі-
нің бір шарты» деп таныды. Л.Толстой өнерді адамдардың руха-
ни қарым-қатынасының құралы ретінде түсінді
1

Өнер туындысын жасайтын және одан эстетикалық нәр 
алып қабылдайтын ақыл-ой қызметінің ерекше бір түрі - көр-
кемдік ойлау. Көркемдік ойлаудың мәні дүниені көркемдік тұр-
ғыдан игерудегі рухани қабілетпен анықталады. Образдық, се-
зімдік тұрғыдан әлемді тану, адам болмысына үңілу, тіршілік мә-
нін бағалау, көңіл-күй құбылыстарын қиял ырқымен суреттей 
білу - міне, бұның өзі көркемдік ойлаудың ерекшелігі болып та-
былады. Эстетикалық биік талғам, көркем сананың эмоциялық 
бел-сенділігі, ерекше шабыт, ішкі түйсік көркемдік ойлаудың 
қуатын танытады. Көркемдік ой шығармадағы бейнелі ұғымдар 
1
Толстой Л.И. О литературе. - М., 1955. – С. 355.



арқылы көрінеді. Осы мәселеге арнайы назар аударған ғалым 
Б.Ыбырайым: «көркемдік ойдың басты шарты - шығарманың 
немесе көркем творчествоның біздің ой-қиял әлемімізге қуатты 
ықпал жасауы. Кемел шығарма ғана - қуатты эмоциялық-эсте-
тикалық ықпал – көркемдік ойдың қозғаушы күші»
1

дейді. Көр-
кемдік ойдың басты қасиеті - оның адамның ойлау жүйесіне 
пәрменді әсер етуінде. Шынайы мағынасындағы өнер туындысы 
ғана, мейлі ол көркем әдебиет, я сурет, болмаса музыкалық шы-
ғарма болсын, адамның жанын тебірентіп, ойына қозғау са-
латын, эстетикалық тұрғыдан әсер ететін құдіретті күшке ие.
Мәдениеттанушылардың пікірінше, адамның рухани 
әлеміне әсері, ықпалы жағынан әдебиет театрды ғана алдына са-
лады. Алайда ол драмалық мәтін түрінде осы өнер саласында да 
бар. Әдебиеттің басқа өнер түрлерінен ерекшелігі - сөздік фор-
масында, яғни, басты бейнелеу тәсілі - сөз, тіл болуына бай-
ланысты ол дәнекер, делдал, медиатор функциясын атқарады.
Әдебиет адамның әлемді, дүниені тануы мен игеруінің көркем-
дік, жүйелілік-логикалық тәсілдерін біріктіре алады. Әдебиеттің 
бұл қасиеті өнердің кейбір аралас жанрлары мен түрлерінде – 
театрда, операда, әнде көрінеді.
Әр халықтың көркемдік даму тарихында өзіне тән ерек-
шеліктері болады. Бір халықтың сәулет өнерімен, зәулім архи-
тектуралық ғимараттарымен аты шықса, енді бір халық клас-
сикалық бай музыкасымен мақтанады. Қазақ халқының сөз өне-
ріне сүйіспеншілігін көрсететін бай ауыз әдебиетінің мұралары, 
жыраулар поэзиясы, айтыс өнері, шешендік сөз үлгілері - бай 
рухани мәдениетіміздің өзгеше бір сипатындай. Бұл турасында 
М.Әуезов: «Бақыт іздеп ғасырлар бойы сахараны шарлап шарқ 
ұрған мұндар жолаушы – қазақ халқы бізге архитектура мен 
скульптураның, сурет өнерінің ескерткіштерін қалдыра алмады. 
Бірақ ол бізге ең асыл мұра – жыр мұрасын мирас етті» - деп жа-
зады.
Көркемөнер түрлерінің ішінде сөз өнерін аса жоғары ба-
ғалаған ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы әдебиеттің өнердің басқа 
түрлерінің қызметін атқара алатындығына баса назар аударды. 
1
Ыбырайым Б. Сырлы әлем. Алматы: Ана тілі, 1997. 45-б.



Ол көркем өнерді: сәулет өнері, мүсін өнері, саз өнері, сурет 
өнері, сөз өнері деп беске бөлді. Әр жанрда жасалғанымен, өнер-
дің барлық түрі дүниені эстетикалық жолмен тану, әдемілікті се-
зіну арқылы жасалынады. Өмір құбылыстарының сан алуанды-
ғын, өмір шындығын сурет өнерінде – бояу, әдебиетте – сөз, мү-
сін өнерінде – саз, сәулет өнерінде - тас, музыкада – дыбыс адам 
жанына этикалық және эстетикалық әсер етудің үйлесімі арқылы
айқындап береді. Өнердің салаларына ортақ сипат - дүниені 
әсемдік жолымен тану арқылы өмір шындығын өнер шындығына 
айналдыру, өмір құбылыстарын жинақтап суреттеу. Көркемө-
нер, оның ішінде сөз өнері – адам тағдырының көркем көрінісі. 
Сондықтан әдебиетті адамтану ғылымы ретінде зерделейміз.
Әдебиет – арабша «сөз өнері», «асыл сөз», «үлгілі сөз»
деген сөзден шыққан, ал орысша «литература» деген атау латын-
ның әріп, жазу-сызу деген мағынадағы сөзінен тарайды. 
Еуропада ХҮІІІ ғ. бастап «литература» термин ретінде қолда-
нылып келеді. Әдебиет кең мағынасында жазылған және қоғам-
дық маңызы бар мәтіндердің жиынтығы ұғымында да қолда-
нылады. Қазіргі кезеңдегі қолданыс аясы кең, яғни жазба мәде-
ниет туындыларына байланысты да (діни, философиялық, эсте-
тикалық, деректі, техникалық, ғылыми мазмұндағы және т.б. әде-
биет) қолданылады. 
А.Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде сөз 
өнеріне: «Нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келіс-
тіріп айту өнері. Бұл сөз өнері болады. Қазақша асыл сөз, арабша 

әдебиет, еуропаша – литература» – деген анықтама береді. 
Ғалым ойын әрі қарай сабақтай отырып: «Бір нәрсе, я бір тақы-
рып турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің 
күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. 
Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп, қисынын, қы-
рын, кестесін келістіріп, сөз арқылы тысқа шығару сөз шығару 
болады»
1
– 
дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет