Әдебиеттің
сөз өнері ретіндегі
ерекшелігі
.
Әдебиеттің бей-
нелеу құралы
–
сөз. Сөз (соның ішінде көркем сөз) қашанда бел-
гілі мағынаға, заттық сипатқа ие. Ол - адамның ой-сезімін жеткі-
1
Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. –Алматы, 2003. 176-б.
8
зудің күшті құралы. Әдебиет бейнелеу өнерінің қатарына жата-
ды, жекеленген құбылыстар (оқиғалар, адамдар кескіні, заттар,
алуан көңіл-күйлер) заттық нұсқада бейнеленеді. Бұл жағынан ол
кескін өнері мен мүсін өнеріне ұқсас. Әдебиетті басқа өнер түр-
леріне жанрлық ойлау жүйесі, автордың замандастарымен және
өткен дәуір жазушыларымен диалогы (интертекстуалдық), ком-
позиция, ырғақ (қайталау, мотив) жақындатады.
Көркем әдебиеттің өзге өнер түрлеріне қарағанда өмір
шындығын кеңінен қамтып суреттеу мүмкіндігінің молырақ еке-
нін А.Байтұрсынұлынан бастап барлық әдебиеттанушылар қа-
дап айтады. Басқа өнер түрлерінің қызметін белгілі бір шамада
сөз өнері атқара алады. Әрине, әр өнер түрінің өзіндік қайта-
ланбас қасиеті, адамның рухани өмірінде алатын өзіне тән дара
орны бар. Дегенмен өмір шындығын тереңнен қозғап, жан-жақ-
ты суреттеуде адаммен бірге жасасып келе жатқан сөз өнерінің
орны озық, құдіреті басқа өнер түрлерінен ерекше.
Өнердің айрықша бір саласы ретінде көркем әдебиеттің
өзіндік ерекшеліктері бар. Көркем әдебиет:
1)
нақты болмыспен және түстер әлемімен бәсекеге түсіп,
адам санасында қатар өмір сүретін қиялдағы, ойдағы, вир-
туалды әлемді жасау мүмкіндігімен және өзінің тұтастық қа-
сиетімен (кеңістік, уақыт, адамдар, заттар, иістер, дәм, эмоция-
лар, өмір сүру заңдылықтары) ерекшеленеді;
2)
ойлау жүйесінің ұлттық, тарихи, әлеуметтік ерекше-
ліктеріне сәйкес адамның ақыл-ой қызметін жеткізе білу мүмкін-
дігіне ие;
3)
бір тілден екінші тілге аударуда, театрдағы қойылым,
инсценировка кезінде, теледидар мен кинодағы экранизация
барысында, опера мен балетте мәтінді либреттоға айналдыру
тұсында, тіпті ауызша баяндау барысында әдебиет, негізінен, өзі-
нің мазмұндық тұтастығын сақтай білу қасиетіне ие (кейде поэ-
тикалық мәтіндердің жартылай немесе толық аударуға келмей
жатуы оның әдеби табиғатымен байланысты емес, музыкалық
табиғатына, әуезділігіне қатысты нәрсе);
4)
басқа өнер түрлерінің мазмұны мен пішінін әр қилы дә-
режеде сөз арқылы жеткізу қасиетіне ие;
9
Көркемөнердің өзге түрлерінде бұл белгілер толығымен
болмаса да, жекелей кездеседі. Әдебиеттің бұл ерекшелігі оның
болмысты бейнелеудегі төмендегідей өзгеше тәсілдеріне байла-
нысты:
1)
сөз деңгейінде эмоционалдық бояу-реңктегі ұғымдар-
ды қолдану;
2)
ойыңды жеткізу арқылы идеяларды жүзеге асыру;
3)
ақпаратты тасымалдау, әсер ету функциясын атқаратын
-
метафора, метонимия, эпитет, теңеулер т.б. көркемдік бейне-
леу тәсілдерін қолдану;
Бұл тәсілдер жүйе ретінде ауызша әдеби шығармашылықта
да бар. Фольклормен салыстырғанда әдебиеттің авторлық сипа-
ты (адамды, өнерді, әлемді танудың авторлық концепциясы, ав-
торлық дүниетаным, авторлық идея, авторлық стиль, автордың
кейіпкер ретінде көрінуі) сынды өзіндік ерекшеліктері бар.
Фольклор мен әдебиет бір-бірінен жанрлар жүйесін жасауда да
ерекшеленеді.
Сөз өнерінің және әдебиет туралы ғылымның басты ны-
саны – әдеби туынды. Бір қарағанда түсінікті көрінетін «әдеби
туынды» ұғымына анықтама беру оңай емес. Әдебиет теория-
сына арналған оқулықтарды шолып қарасақ, көркемөнер туын-
дысының екі қыры бар. Біріншісі – «сыртқы материалдық туын-
ды» (М.Бахтин), яғни сөздер, дыбыстар, бояулар, сызықтар арқы-
лы қолдан жасалған материалдық дүние, заттық нұсқа. Екінші
жағынан, оның материалдық болмысымен қатар көрерменге,
тыңдаушыға, оқырманға көркемдік тұрғыдан әсер ететін эстети-
калық жағы да бар.
Бұл екеуінің байланысы өнер туындыларында әр қилы.
Айталық, бейнелеу өнерінде, мүсін өнерінде, әдебиетте, кино
өнерінде олардың байланысы берік әрі тұрақты, өзгеріске көн-
бейді. Ал сахна өнерінде немесе музыкада шығармашылық
орындау барысында эстетикалық әсер әркезде еріксіз түрде жаңа
қырынан өзгеруі мүмкін. Мысалы, суреткер-орындаушының
(дирижердің немесе домбырашының, бишінің, драмалық театр
әртісінің) көрермендермен тікелей қарым-қатынасының бары-
сында сыртқы материалдық туынды өзгеріп, әрқашан жаңарып
отырады.
10
Кейде туындының сыртқы материалдық түрі оның эсте-
тикалық әсеріне бейтарап болуы мүмін. Мысалы, қолжазбадағы
немесе кітаптағы әріптердің үлкен-кішілігі оқуға ыңғайлы болу
үшін ғана маңызды. Сөйте тұрып, туындының сыртқы түрі оның
адамға беретін эстетикалық әсеріне тікелей қатысты бола алады.
Мысалы, мәтінде жеке сөздерді айқындап бөліп көрсетудің не-
месе автордың кейбір сөздерді ерекшелеп, бас әріптермен бе-
руінің көркемдік мәнге ие болатын тұстары бар.
Түйіндесек, көркемөнер туындысы - эстетикалық және ма-
териалдық бастаулардың бұлжымас бірлігі. Көркем туындылар -
(атап айтқанда, әдеби туындылар да) шығармашылық ой не-
гізінде туған, мағыналық және эстетикалық үйлесімдегі, «аяқтал-
ған», жасалып біткен дүниелер. Оларды ақтық ақиқат ретінде қа-
былдаймыз, яғни, оларды автордан тыс өзгертуге, жөндеуге,
қайта жасауға болмайды. Кейде автор тірі болса, бұрын жария-
ланған шығармасын қайта өңдеп, қайта жазып, өзгертулер енгізуі
мүмкін. Мысалы, Ш.Айтматов жазылып біткен «Боранды бекет»
романына кейін жаңа тарау қосты. Ә.Нұрпейісов «Сең» шығар-
масын қайта өңдеп, «Соңғы парыз» романын жазды. Кейбір
туындылардың қаламгердің әртүрлі жылдары жазған, бір-бірінен
ерекшеленетін авторлық нұсқалары да болады. Мысалы,
М.Әуезовтің «Қаралы сұлу» әңгімесі, «Қараш-Қараш оқиғасы»
повесі. Кейде қаламгер ұзақ жылдар бойы жазылып біткен шы-
ғармасын өңдеп, жетілдіріп, кемеліне жеткізуге ұмтылады
(
Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романы).
Сонымен әдеби туынды өзінің көркемдік бір тұтастығына
қарамастан біртекті, бірыңғай құбылыс емес. Ол - көпқабатты,
терең ойлы, көп қырлы, көп деңгейлі күрделі дүние.
Автор көркем туындыны дүниеге әкелгеннен кейін оқыр-
мандар оны қабылдайды, яғни оның белгілі бір деңгейде өзінің
дербес «өмірі» бар. Осы мағынасында әдеби туындының атқа-
Достарыңызбен бөлісу: |