С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет5/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

ратын бірнеше қызметтері бар: 
1)
Әдеби шығарма танымдық, гносеологиялық қызмет 
атқарады (гносеология – танымның табиғаты мен мүмкіндіктерін 
зерттейтін философияның бір тарауы). Дүниені тану - ғылымның 
басты міндеттерінің бірі. Алайда ғылым салалары айналадағы 
дүниенің жеке бір бөлігін, нақты қырын, сипатын ғана зерттесе, 


11 
әдебиет пен өнер өмірді көркемдік тұтастықта таниды. Әдебиет 
пен өнер адам өмірінің кезеңдерін, өмір құбылыстарын бұлжы-
мас бірлікте қарастырып, әлемнің бүтін бейнесін жасауға ұмты-
лады.
2) 
Әдеби шығарма суреттейтін өмір құбылыстарын баға-лау 
қызметін атқарады. Белгілі бір өмір құбылыстарын суреттеу 
арқылы қаламгер оны өзінің дүниетанымы тұрғысынан бағалап, 
жақтайтынын, я терістейтінін көрсетіп, көзқарасын танытады. 
Кейде шығармада өмір құбылыстарына үкім айту айқын аңға-
рылмауы мүмкін. Қалай дегенмен, кез келген шығарманың көр-
кемдік тінінде қандай да бір құндылықтар жүйесі болады. Өмір 
құбылыстарына «үкім» шығара бермейтін лирикалық өлеңдердің 
өзінде баға беру байқалады. 
3) 
Туындының тәрбиелік қызметі бар. Әдебиеттің тәр-
биелік мәнін қарапайым түсініп, қандай да бір нақты насихаттық 
міндеттердің орындалуымен шектемеу қажет. Көп жағдайда 
әдебиеттің тәрбиелілік қызметін ұнамды кейіпкерлерге еліктеуді, 
белгілі бір нақты әрекеттерді жасауды үйретеді деп қарайды. 
Бұл жөн шығар, алайда бұлай деп қарау да оның мағынасын та-
рылтады. Ең алдымен, әдебиет пен өнер адамды тұлға ретінде 
қалыптастырады, оның құндылықтар жүйесіне әсер етеді, ой-
лауға, сезінуге, қиялдауға үйретеді.
4) 
Шығарма эстетикалық қызмет атқарады, яғни оқыр-
манның жан дүниесіне, көңіл-күйіне күшті әсер етеді, оған ой 
қосады, рахаттану сезімін оятады. Көркем шығарманы түсіну 
үшін оны өзіңнің жүрегіңнен өткізіп, оқиғаны басыңнан кешір-
гендей күйге түсу қажет. Ал ол туынды оқырманға, я көрер-
менге, тыңдарманға эстетикалық тұрғыдан әсер етсе ғана жүзеге 
аспақ. 
5) 
Әдебиет өз ойын білдіру, өзін-өзі таныту функциясын 
атқарады. Ол авторға ғана қатысты емес, оқырман да өзінің 
көңіл-күйін, психологиялық ахуалын, сезімін бейнелеу үшін 
өзіне ұнайтын, айтайын деген ойын дәл беретін шығармалардан 
жолдар, үзінділер, өлең шумақтарын оқып, жаттап жатады. Жа-
зушының қандайда бір сөздері немесе шығармасы арқылы өзіміз 
сөзбен жеткізе алмаған, айта алмаған асыл ойларымызды, сырлы 
сезімімізді дәл суреттеп жататыны әрбір адамның күнделікті 


12 
өмірінде кездесіп жататын жайт. Ендеше көркем туынды арқылы 
автор ғана емес, мыңдаған оқырман да өзінің ойын, өз сезімін 
жарыққа шығарады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, көркем туынды - адамның 
жасампаз әрекетінің жемісі. Әдеби шығарманы тудырушы - 
автор. Әдебиеттану ғылымында автор ұғымы бір-бірімен байла-
нысы бар бірнеше мағынада қолданылады: нақты биографиялық 
автор және әдебиеттану талдауына қажетті автор ұғымы. Екінші 
мағынасындағы автор – көркем шығарманың идеялық тұжырым-
дамасының иесі. Ол шығарманы тудырған жазушы, ақын тұлға-
сымен тікелей байланысты болғанымен, екеуі бір ұғым емес. 
Өйткені көркем шығармада автордың тұтас тұлғасы емес, оның 
кейбір маңызды қырлары ғана көрінуі мүмкін. Оқырманға әсер 
еткен көркем шығарманың авторы өмірдегі нақты автордан 
басқаша болуы да мүмкін. Мысалы, әзіл-сықақшы жазушылар-
дың барлығы бірдей өмірде көңілді адам бола бермеген немесе 
асқақтық пен құштарлық мол, көтеріңкі лептегі шығармалардың 
авторы тұйық, тұнжыраған адам болуы да мүмкін. Автор катего-
риясын әдебиеттану тұрғысынан талдауда біз нақты автордың 
өмірбаянына, оның шығармадан тыс, публицистикалық пікірле-
ріне тоқталмай, нақты шығармада ғана көрінген автор тұлғасын, 
шығармадағы дүниені тану ерекшелігін қарастырамыз.
Бірінші мағынасындағы автордың, әдебиетті жасаушы 
өнерпаздың, сөз зергерінің қоғамдық болмыс-бітімі, суреткер та-
биғатының негізгі ерекшелігі қандай? Негізінен, суреткер тұл-
ғасы оның жеке адамдық қасиеттерімен, азаматтық рухымен, қо-
ғамдық позициясымен айқындалады.
Табиғи дарындылық пен биік эстетикалық талғам қаламгер 
шығармашылығында басты орын алатыны сөзсіз. Дарындылық 
қай заманда болсын жоғары бағаланған. Біреулер оны тәңірінің 
сыйы деп қараса, енді біреулер еңбек пен тәжірибенің жемісіне 
жатқызады. Кейбір тілдерде суреткерді дүниені жаратушыға 
балап, жасаушы («творец») деп атайтыны да сондықтан болар. 
«Талант – тумыстан» деген халық сөзін қағида тұтсақ, табиғи
қабілеттің ұшқындары кез келген жанда бар. Олай болмаса, адам
көркем өнердің құдіретті күшін бағалай алмас еді. Алайда табиғи 


13 
қабілеттің, дарынның тәрбиеленуіне, қалыптасуына көп жағдай-
лар әсер етеді.
Көркемөнер - өмір шындығының сәулесі. Күрделі, озық 
шығарма - суреткер талантының туындысы ғана емес, қоғам қа-
жеттілігінің де жемісі. Жазушының, ақынның қоғамдық тұлғасы 
мен кескін-келбетін оның білім-білігі, дүниетанымы мен өмірлік 
тәжірибесі айқындайды. Өмірдегі белсенділік қана жазушының 
қоғамдық процестерді терең, жан-жақты тануын қамтамасыз 
етеді. 
Табиғат берген жалғыз талантпен таңғажайып туынды жа-
сау бұл дәуірде мүмкін емес. Өнерпаздық қасиетіңді сақтап қалу 
үшін шынайы талантпен қоса дамылсыз ізденіс қажет. Қазіргі 
«жаһандану кезеңі» - энциклопедиялық білім заманы. Көркем-
өнерге жат қасиет - қолда барға қанағаттану. Суреткер үнемі 
ізденіс үстінде болуы қажет. Шеберлігін шыңдауды, ізденуді 
тоқтатқан сәтте суреткер өзін өнер иесі ретінде жоғалтады. На-
ғыз маман суреткерге тән шеберлік жоқ жерде суреткерлік дара-
лық та жоқ. Шеберлік мәселесі шығарманың көркемдігімен өл-
шенеді. Шеберлік шексіз. Әдебиеттегі нағыз көркемдік әлемнің 
де шет-шегі жоқ. 
Көркем шығармашылық теориясы мен тәжірибесінде жазу-
шы шеберлігі - күрделі де қызықты мәселелердің бірі. Жазушы 
шеберлігі шығарма құрылымында көркемдік бейнелеу тәсілдерін 
шебер қолданумен шектелмейді. Суреткердің шығармашылық 
еңбегі тақырып таңдауда, фактілерді іріктеуде, композиция, 
сюжет құруда, көркемдік деталь қызметінде де көрініс табады. 
Сонымен қатар әдебиетшінің өзіне дейінгі суреткерлердің іс-
тәжірибесін, оның ықпал, әсерін терең білуі аса қажет. Жа-
зушылар әдеби процесті бақылап, жаңадан шыққан көркем 
туындылармен танысып отыруы тиіс. Олар, бір жағынан, сурет-
кердің ой-қиялын дамытады, ойдан шығарушылыққа жетелейді, 
жазу мәнерін, стилін қалыптастырады, шындық, болмыс жөнін-
дегі түсінігін қалыптастырады. Өнер иесіне, мазмұнды өмір тә-
жірибесінің тигізер әсері мол. 
Әр жазушыға тән өзгеше стиль мен дүниетаным бірлігі бо-
лады. Суреткер шығармашылық даралығын айқындауда нақты 
бір жанр сипаты, тақырып, объект ортақтығы елеулі роль атқар-


14 
мақ. Суреткер айналасындағы нәрсені сол қалпында жалаң қа-
былдап қана қоймай, дүние тынысын мейлінше терең бейнелей 
отырып, оның жасырын жұмбақ сырына бойлап, мән-мағынасын 
ашады. Суреткердің шығармашылық әрекеті арқылы көркемдік 
әлемі түзіледі.
Жазылып біткен шығармаға әр жазушының көзқарасы әр 
түрлі болмақ. Әр жазушының жұмыс істеу жүйесі, шығарма жазу 
тәртібі түрліше. Тынымсыз еңбек пен жалықпай іздену арқылы 
суреткердің шеберлігі шыңдалып, тұлғасы толысады, шығарма
жетіліп, көркейе түседі. Шығармасына қайта оралып, оны жетіл-
діру, кемелдендіру дағдысы Л.Толстой, Н.Гогольге тән болған.
Н.Гоголь өз шығармасын өз қолымен сегіз рет көшіруге дейін 
барған. Көшіру үстінде аяқталған мәтінге өзгерістер енгізу, то-
лықтыру жұмысы жасалып отырғаны белгілі. Л.Толстой да туын-
дыларын қайта-қайта өңдеп, бірнеше рет өзгерістерге ұшыратып 
отырған (оның белгілі шығармаларының бірнеше нұсқалары 
бар). М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын жазу бары-
сындағы еңбегі өз алдына бір әңгіме.
Суреткерге ақыл-парасатпен қатар нәзік сезімталдық, ин-
туиция тән. Әлемдік әдебиет тарихынан суреткер интуициясы, 
алтыншы сезімі туралы мысалдарды көптеп кездестіруге болады. 
Жапон жазушысы Ясунари Кавабата айтқандай: «Жазушы – жер 
сілкінуін күн ілгері болжап білетін ерекше сейсмикалық аппарат 
сияқты, ол өз заманының әлеуметтік-психологиялық өзгерістерін 
қалт жібермеуге тиіс». 
Суреткердің шығармашылық еңбегі үшін шабыт аса қажет. 
Шабыт, біріншіден, жоғары нәтижелігімен, екіншіден, адамның 
күш-қуатының биікке өрлеуімен сипатталады. И.Репин: «Шабыт 

азапты еңбек үшін берілетін сыйлық» деп жазған болатын. 
А.Пушкин болса, тіпті геометрияға да шабыт қажет екендігін жа-
зады. Суреткер шабыты халық мүддесіне негізделсе ғана өмірлі 
болмақ. Шабыттану сезімі алдына қойылған мақсатты шығар-
машылықпен шешуге құмартқан және оған табандылықпен 
ұмтылған адамда пайда болады. Суреткердің шабытқа берілген 
күйі - шығармашылықпен айналысатын адамдар үшін қалыпты 
құбылыс.


15 
Фантазия, қиял еркіндігі - адамның қабылдаған ақпарат 
пен елестерді қайта сұрыптап, жаңартып, солардың негізінде 
жаңа бейнелер жасау қабілеті. Қиял шығармашылық еңбек үстін-
де дамып отырады. Ол ойлаумен бірге, жаңадан бір нәрсені 
елестету процесі. Шығармашылық процесте суреткердің сана-
сындағы есепсіз мол бейнелер үнемі қайта өңделіп, жаңарып, 
түрленіп отырады. Қиялдау, ойдан шығару шындық өмірмен 
байланыса отырып, адамға қанат бітіріп, үлкен мақсаттарға жете-
лейді.
Әдебиет - өмірді тану құралы ғана емес, адамның өмірге 
көзқарасын қалыптастыратын, мінез-құлқы мен тұрмыс-тіршілі-
гіне әсер ететін өнер түрі. Адамзат ақыл-ойының көркемдік даму 
тәжірибесінде адам жанына төтенше әсер етіп, дүниеге қайта 
жаратылғандай, катарсис ахуалды бастан кешіргізетін көркем 
шығармалар да бар. Көркем туындыда адамдар мен заттарды 
қайта жасап, әлемді қайта жаратқысы келген түпкі ойдың бой 
көрсететіні белгілі. Француз мәдениеттанушысы, философ, та-
рихшы Мирча Элиаде герменевтика тәсілдерін қолдана отырып, 
көркем шығарманың, мысалы, О.Бальзактың «Адам комедиясы» 
шығармасы мәтінінің сакральды, тылсым күші болады деуінің де 
жаны бар. Әдебиеттанушы ғалымдардың пікірінше, Генрих 
Мелвилл, Марк Твен, Уильям Фолкнер, Скотт Фицжеральд шы-
ғармалары да осындай киелі әсерге ие екен. Қазіргі әдебиеттану 
шығармаларды осы тұрғыдан келіп талдай бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет