Уақыт пен кеңістік композициясы. Көркемдік уақыт пен
кеңістік - әдебиеттану ғылымындағы мәні терең өзекті мәселе-
лердің бірі. Болмыстағы құбылыстардың барлығын біз осы өл-
шемдер арқылы ғана бағамдай аламыз. Тылсым табиғатта мезгіл
мен мекен заңдылығына бағынбайтын еш нәрсе болмас. Кеңес
заманында таптық ұстанымға сүйенген зерттеушілер кеңістік пен
уақытты тарихи уақыттың ғана ішінде қарастырды. Алайда соң-
ғы жылдары көркем шығармадағы уақыт пен кеңістік мәселесін
зерттеген теориялық еңбектер жарық көруде. Орыс әдебиет-
тануында көркемдік кеңістік пен уақыт турасында алғаш сөз
қозғаған ғалымның бірі - М.Бахтин. Ол көркем шығарманың біті-
міне лайық өзара байланысқа түсіп, көркемдік қызмет атқаратын
уақыт пен кеңістіктің бірлігін «хронотоп» деп атайды. Көркем
шығармадағы «хронотоп» немесе «мекеншақ» (Б.Майтанов)
108
ұғымы әлемнің философиялық-логикалық моделін бейнелеу
арқылы өтпелі дәуір әдеби процесіндегі терең өзгерістерді
пайымдауға мүмкіндік береді. М.Бахтин: «Әдеби көркем шығар-
мадағы хронотоп дегеніміз – уақыт пен кеңістік белгілерінің
нақтылы бір бүтіннің табиғатына лайық бірлікте көрінуі. Мұнда
уақыт қоюланып тығыздалады, сығылысады. Сөйтіп көркемді-
гімен көзге түсетіндей дәрежеге жетеді: ал кеңістік болса,
шоғырланады, тарихтың, сюжеттің, уақыттың қозғалысына ба-
ғындырылады. Уақыт таңбасы кеңістікте белгіленіп көрінеді. Ал
кеңістік уақыт арқылы танылып, уақыт арқылы өлшенеді. Мі-
неки көркем хронотоп қатпарлардың осылай қиысып, белгілер-
дің осылай қосылып, тұтастануымен сипатталады»
1
-
деп анық-
тама береді.
Аталған уақыт пен кеңістік ұғымдары әдебиет пен өнерге
қатысты үш салаға бөлініп қарастырылады: 1.Реалды (физика-
лық) уақыт пен кеңістік; 2.Концептуалдық уақыт пен кеңістік;
3.Перцептуалдық уақыт пен кеңістік
2
.
Уақыт пен кеңістік категорияларының мағынасы, функция-
лары, құрылымы Б.М.Бахтин, Д.С.Лихачев, Н.К.Гей,
Г.М.Фридлендер, А.Я.Гуревич т.б. ғалымдарың еңбектерінде қа-
растырылады. Осы мәселе З.Қабдолов, З.Ахметов, Ш.Елеукенов,
Ж.Дәдебаев, Б.Майтанов, Т.Рахымжанов, А.Ж.Жақсылықов,
Н.Джуанышбеков, А.Темірболат еңбектерінде сөз болады.
Реалды уақыт пен кеңістік бізден тыс объективті түрде
болып жатқан құбылыстарда, олардың алмасу, орын ауыстыру
өзгешеліктеріне қатысты. Адамзаттың ұғымында олар туралы
түсініктің болуы да, болмауы да мүмкін. Концептуалдық уақыт
пен кеңістік – табиғат, аспан денелері, қоршаған орта туралы біз-
дің заманымызда жинақталған ұғымдар. Бұл іс жүзінде реалды
уақыт пен кеңістіктің санамыздағы үлгісі болып табылады. Бұған
әр халықтың өзінше қолданатын ай, күн, календарлары, мүшел,
жыл санау, жыл қайыру ерекшеліктерін жатқызуға болады. Пер-
цептуалдық уақыт пен кеңістік ұғымы адамдардың сезім-
1
Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. –М., 1975. – С. 235
2
Зобов А., Мостепаненко А. О типологии пространственно-временных
отношений в сфере искусства // Ритм, пространство и время в литературе и
искусстве. - Л.:Наука, 1974. - С.11
109
түйсіктерінің, психологиялық суреттерінің өзгеріп отыруымен
төркіндес. Мәселен, көркем шығарманың өз ішінде ғана жүріп
отыратын уақыт пен кеңістікке қатысты адамдардың көңіл-
күйінің өзгеріп отыруы осының айғағы.
Уақыт пен кеңістіктің біздің санамызда бейнеленген қан-
дай үлгісі болса да, олардың өзгешеліктері, өлшем-пішіндері
реалды уақыт пен кеңістікке қарап анықталады, барлығы да со-
дан туындайды. Уақыт пен кеңістік жазушының дүниетанымын,
дүниені қабылдауын, жазушы стилін қалыптастыруда үлкен роль
атқарады, сол арқылы әлемнің жеке-авторлық суретін құру ерек-
шелігін, көркем шығарманың ішкі заңдылықтарын айқындайды,
шығарманың композициялық тірегі болып, көркем образдардың
ашылуының ішкі ұйымдастырушысы болады. Уақыт пен кеңіс-
тікті зерттеу көркем шығарманың тініне бойлап, оның құрылу
спецификасын, жазушының дүние туралы концепциясын айқын-
дауға мүмкіндік береді.
Жазушы өз шығармасында оқиға өтетін белгілі бір кеңіс-
тікті жасайды. Ол кеңістіктің ауқымы кеңейіп, оқиғадан да тыс
көп дүниелерді қамтуы мүмкін. Авантюралық, саяхаттық немесе
фантастикалық, модернистік романдарда оқиға жерден тыс басқа
әлемдерде өтуі мүмкін. Сонымен қатар оқиға бір бөлменің
ішінде ғана немесе бір күн, бір сағат ішінде өтуі де мүмкін.
Кеңістіктің «географиялық орта» ретінде нақты, реалды түрі
болады. Мысалы тарихи романдардағы кеңістік. Ол ойдан шы-
ғарылған, фантастикалық сипатта болуы мүмкін. Сонымен қатар
кеңістік пен уақыттың мифтік түрі де бар.
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ прозасында
уақыт пен кеңістік өлшемдері күрделенді. Реалдылық ертегімен,
мифпен жымдаса өрілді. Нәтижесінде хронотоп шартты сипатқа
ие болды. Мысалы, Дулат Исабеков шығармаларындағы болып
жататын оқиғалар кеңістік жағынан әдейі тиянақталмаған. Оқи-
ғаның қандай жерде, қай уақытта болып жатқанын тек адамдар
қатынасынан, анда-санда бір көрініп қалып жататын тұрмыстық
суреттерден, кейіпкерлердің сөз саптау ерекшеліктерінен ғана
жобалай аламыз. Автор үшін ол негізгі максат та емес. Қалам-
гердің біз зерттеп отырған повестеріндегі трагизм жазушының
нақты бір қоғамдағы әлеуметтік шындыққа келіспеу идеясынан,
110
наразылығынан емес, жалпыға ортақ категориялардан туындай-
ды. Сол мақсатты суреткер жеке адамдардың ғұмыры мен тағды-
рына үңілу арқылы жүзеге асыруға тырысады.
Көркем шығармадағы кеңістік пен уақыт сол шығармадағы
оқиға, іс-әрекеттерге қатысты өзгереді. Ал олардың алмасуына,
бір-біріне қатысты жүйеге түсуіне әлеуметтік жағдай себепші, іс-
әрекеттің мән-мағынасына бағындырылған. Шығармада қаһар-
манның дүниеге келген сәтінен кемеліне келген шағына дейінгі
кезеңді тездетіп баяндау, уақытты сығымдау немесе оны созу,
оқиғаны тек соның айналасына жинақтап, дамыту т.б. уақыт пен
кеңістік категорияларына да әсер етеді. Реалды уақыт үздіксіз
өтіп жатады және үнемі алға біркелкі жылжиды. Бізді қабыл-
дауымызда уақыт кейде ақырын, кейде жылдам ауысқандай
болады. Ал көркем шығармадағы уақыт оқиғаның суреттелуіне
байланысты бірде жедел, бірде баяу жүріп, кейде үзіліп те
отыруы мүмкін. Қайсыбір шығармаларда оқиға аяғынан баста-
лып, суреткер уақытты кейін қарай жылжытып көрсетуі мүмкін.
Мәселен, О.Бөкеевтің «Үркер», «Бәрі де майдан» шығармала-
рында уақыт кейін жылжытылып, негізгі оқиғалар, тартыс
лирикалық шегініс арқылы беріліп отырады.
О.Бөкеев шығармаларында уақыт пен кеңістік компози-
циясы үлкен орын алады. Жазушының өзі де «Қар қызы» повесі
жөнінде: «Ол повесте менің айтайын дегенім тракторшылар
өмірі емес, кеңістік пен жалғыздық мәселесі, адамның кеңістікті
түсінуі, қабылдауы, кеңістіктің жалғыздыққа жасайтын ықпалы»
-
дейді. О.Бөкеев шығармаларында жыл мезгілдері: қыс, көктем,
жаз, күз өз кезеңдеріне сай айшықты бедерленіп отыруымен
қатар уақыттың да өлшемі болып суреттеледі. Шығармаларда су-
реттелетін оқиғалардың уақтысы, мезгілі нақтылы көрініс та-
бады. Таңның қылаң беруі, күннің шығуы, сәуле шашуы, талма
түс, бесін, өліара бітіп айдың жаңалануы, айдың толысуы, бәрі
де мезгілдік қызмет атқарып тұр. Сонымен бірге жазушы шы-
ғармаларындағы оқиғалар, іс-әрекеттер нақты сюжеттік уақыт
жағынан алғанда екі-үш тәуліктік мерзімді ғана қамтып көрсе-
теді. Қалғандары кейіпкердің жан-дүниесіне сыналай кіру, ой дү-
ниесін ақтару арқылы лирикалық шегініс, кейіпкер монологтары
арқылы беріліп отырады. Жазушының «Мұзтау» повесінде не-
111
гізгі кейіпкер Ақтанның нақтылы уақыт, үш күнгі елден жырақ
тіршілігі суреттеледі. Ақтанның ойы, естеліктері кейін шегіну
арқылы ғасырлар тереңінен сыр тартып көркемдік уақыттың
танымдық сипатын, әсерлігін арттыра түседі. Автор кейіпкердің
дүниеге көзқарасының қалыптасуына ерекше әсер еткен жағдай-
ларды, мәнді кезеңдерді таңдай отырып, шығармадағы тарихи
уақыт сыйымдылығын арттыра түседі. Өмірі Аршалының тари-
хымен сабақтас жазушы өзі «ақ көңіл адам еді» деп сипаттайтын
өтірікші Асан шалдың ертегілері арқылы көркемдік уақыттың
қаншалықты маңызды, мағыналы болатындығына көз жеткізеді.
Осы Асан шалдың өтірігі арқылы шығармада фольклорлық уа-
қыт пен кеңістік те бейнеленеді.
Қазіргі қазақ прозасында мифтік бастаудың әсері күшті.
Қаламгерлер өз шығармаларында аңыз-әңгімелерді, діни көне
сюжеттерді кеңінен қолдану үстінде, бұл өз кезегінде олардың
шығармаларындағы кеңістіктік-мезгілдік өлшемдердің күрделе-
нуіне әкелді. Бұл ретте қаһармандардың ішкі әлемінің ұңғыл-
шұңғылын, олардың жан дүниесінің, санасының, жадының, қия-
лының кеңістіктерін зерттеуге назар аудара бастады. Бұл бір
жағынан адаммен байланысты философиялық мәселенің түп не-
гізіне бойлауға, екінші жағынан жеке уақыт пен кеңістіктің ше-
карасын жылжытуға мүмкіндік берді.
Әдеби шығарманың композициясы – бейнеленген заттық
бірліктердің және тілдік-көркемдік тәсілдердің ретпен орналасуы
мен сабақтастығы, шығарма элементтерінің, белгілердің байла-
нысу жүйесі»
1
. Теорияға иек артсақ, сюжет те, композиция да
әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтайтын пішінге
жатады. Бұлардың бірлігімен қатар өзгешеліктері де бар. Компо-
зиция барлық шығармада болады, өйткені композициясыз шы-
ғарма көркемдік қасиетінен айрылады. Композиция сюжеттен
тыс нәрселерді де қиюластырады, яғни ол - сюжеттен кең ұғым.
Әр суреткер шығармасының сюжетін өз қалауынша құрады, бел-
гілі бір қалыпқа бағынбайды. Әр шығарманың архитектоникасы
әр түрлі. Сюжет кез келген көркем шығармада бола бермейді
1
Нирё Л. О значении и композиции произведения // Семиотика и
художественное творчество.
-
М., 1977. - С. 150.
112
(көбіне лирикалық өлеңдерде). Бұл турасында О.И.Федотов: «То-
лық мағынасында эпос пен драма ғана сюжетті; оқиғалық желісі
әлсіз немесе тіпті жоқ лирикалық шығармаларда сюжет болмауы
да мүмкін. «Нүктелік» сюжет (В.В.Кожинов) ұғымы да бұл жағ-
дайда жеміссіз»
1
-
дейді.
Мысалы М.Жұмабаевтың «Жаралы жан» өлеңін алайық:
Соқпа сорлы жүрегім,
Шірі енді, ақ білегім!
Мынау қара құзғынның,
Бердің-ау тәңірім, тілегін!
Сауықшыл есіл елім-ау,
Сарыарқа сайран жерім-ау!
Күмістей таза суы бар,
Айдын шалқар көлім-ай.
Сол жерде ойнап жүре алмай,
сауық-сайран құра алмай,
қарғаға құзғын жем болып,
қалғаным ба, бір алла-ай?!
Бұл өлеңде оқиғалық желі мүлдем жоқ. Шын мәнінде,
мұнда еш нәрсе болып жатқан жоқ, тек ақынның жаны мен
тәнінің күйзелісі, «қара құзғынға жем болған» трагедиялық ах-
уалы ғана бар. Лирикалық қаһарман қимыл жасамайды, әре-
кетке бармайды, тек өзін билеген сезімдердің тылсым құша-
ғында, өміріне налиды, шарасыздықтан мұңаяды, қайғырады.
Мұңы ұлы трагедияға ұласады. Дей тұрғанмен, лирикалық
өлеңнің көркемдік әлемі жалпы әдеби заңдылықтарға бағынады,
ол жанды әрекетке, қозғалысқа, ішкі динамикаға толы. Бірақ ол
қозғалыс мазмұндық желімен ғана емес, бейнелеу желісімен
байланысты. Қақтығыстың ширығуы сюжет арқылы шешілмей-
ді, лирикалық тақырыптың дамуы арқылы көрініс табады.
Түйіндей айтсақ, композиция сюжеттік дамудың кезең-
кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыстырып қана қоймай, көр-
кем туынды компоненттерінің бірлігі мен тұтастық жүйесін қам-
тамасыз етеді. Композиция шығармаға ішкі ырғақ дарытып, оны
1
Федотов О.И. Основы теории литературы: Учебное пособие: В 2 ч. –
Ч.1: Литературное творчество и литературное произведение. – М.: Владос,
2003. –
С. 85.
113
өз-өзінен (романдар мен повестерді) бөлімдер мен бөліктерге,
(
драманы) акт, перде, көріністерге, (лириканы) тармақтарға бө-
леді. Ал, композициялық шеберлік - шығармадағы барлық бөл-
шекті бір ғана бүтінге тұтастыру, бәрін бір ғана нәрсеге, негізгі
идеяға бағындыру болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |