Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1.
Сюжет пен фабула деген не? Фабуласыз шығарма бола ма?
2.
Қандай шығармалар сюжетсіз болып келеді?
3.
Сюжет пен композицияның қатынасы қандай?
4.
Тартыстың көркем шығармадағы орны қандай?
5.
Сюжет туралы жалпы ғалымдар пікірлерін конспектілеу.
6.
Архитектоника дегеніміз не?
7.
М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесінің компози-
циясын, сюжеттік өрбу кезеңдерін талдау.
8.
КӨРКЕМ ШЫҒАРМА ТІЛІ МЕН СТИЛІ
МӘСЕЛЕСІ. ТРОП ПЕН ФИГУРА
Тіл - сөйлеу мен ойлау, өзара қарым-қатынас құралы. Әде-
би шығарманың көркемдік құрылымында тілдің, көркемдік
бейнелеу құралдарының орны ерекше. Әдеби шығарманың көр-
кемдігін айқындайтын басты компоненттердің бірі – тіл. Су-
реткерге қойылар басты талаптың бірі де - көркем, айшықты тіл.
Әдебиеттанушылар кемел шығармаға қажетті қасиеттерді талда-
ғанда көркем тілдің орнын ерекше атап өтеді.
Көркем шығарма тілі - әдебиет туралы ғылымның ең
өзекті мәселелерінің бірі. Әдеби шығармадағы көркем тіл мәсе-
лесін әдебиеттанушылармен қатар тілтанушылар да зерттейді.
Лингвистер көркем тілдің ерекшеліктерін ережелер арқылы
сипаттап, қолданылу түрі тұрғысынан зерттейді. Тілші ғалым-
дарды ең алдымен спецификалық тәсілдермен және ережелермен
сипатталатын тіл қолданудың бір формасы ретінде қызықтырады
114
және тірек ұғымы «көркем әдебиет тілі» болады. Тілді тексе-
ретін ғылым лингвистикалық поэтика деп аталады
1
.
Әдебиеттанушылар көркем шығарма тілін мазмұн мен
пішіннің бірлігі тұрғысынан қарастырады. Әдебиеттануда «көр-
кем тіл» термині жиірек қолданылады және оны стилистика (ал-
ғашында тіл білімінде қалыптасқан бұл термин тіл мен сөйлеу
стилдеріне қатысты болды) зерттейді.
Тілдің даму тарихы – ұзаққа созылған процесс. Әр ұлттың
әдеби шығармасы сол халықтың тілінде жазылады, тіл сөздерден
құралады. Ғалымдардың пікірінше, әр сөз ең басында образдан
туған, келе-келе образдар ұмытылып, сөздер ғана қалған.
А.Байтұрсынұлы сөзімен айтқанда, сөз шумағы тіл деп аталады.
Шығарма тілі екі түрлі болады: 1) ақын тілі, 2) әншейін тіл.
Мұндағы ақын тілі - көркем әдебиет тілі де, әншейін тіл - ауызекі
тіл. А.Байтұрсынұлы: «Ақын тілі айрықша өң беріліп айтылатын
сөз, сондықтан да лебіз көрнекті болып шығады» - дейді. Ойын
әрі қарай сабақтап, «әшейін тіл сөздің дұрыстығын, анықтығын,
тазалығын, дәлдігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының,
тазалығының, дәлдігінің үстіне көрнекті, әуезді болуын да тал-
ғайды»
2
-
деп қорытындылайды.
Көркем әдебиет тілі поэтикалық тіл деп аталады. Көркем
әдебиет тілі әдеби тілдің ауқымында жасалғанымен, ұғымдық
аясы әлдеқайда кең. Бұл - оның бейне тудырушы, ойды әйгілеу-
ші, кейіпкерді мінездеуші сипатынан туындайтын ерекшелік.
Өзінің осы ерекшелігіне байланысты көркем әдебиет тілі жалпы-
халықтық тілдің барлық қабаттарын: әдеби тіл нормасынан тыс
элементтерді, диалектілерді, жаргондарды, кәсіби сөздерді т.б.
керегінше қамтитын синтетикалық сипатқа ие болады.
Көркем шығарма тілі проза тілі, поэзия тілі болып бөлі-
неді. Прозалық шығармалардың тілі оралымды, көп қабатты, әсі-
ресе кейіпкер тілінің ерекшелігін көрсету мүмкіндігі зор болып
келеді. Оның басты ерекшелігі – «поэзияға тән қалыптасқан қай-
талаулар жүйесінің болмауы. Стильдік тұрғыдан поэзияға қа-
1
Степанов Ю.С. Язык художественной литературы // Лингвистический
энциклопедический словарь. -М., 1990.
2
Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. - Т. 1 –Алматы:
Алаш, 2003. 179-б.
115
рама-қайшы»
1
.
Поэзия тілінің сипат-ерекшелігі турасында өлең
сөздің теориясын терең зерттеген З.Ахметовтің сөзімен айтсақ:
«Поэзия өмір шындығын асқан ойшылдықпен, ерекше сезімтал-
дықпен ашып көрсетеді десек, тіл, сөз әлгі ақындық, көркем ой-
сезімді жеткізудің құралы ғана»
2
.
Ақын болсын, жазушы болсын, суреткер тілі дәлдікке,
ықшамдылыққа, сұлулыққа негізделуі шарт. Суреткер тілдің
уызына жарып, өзін ана тілінің айдынында еркін жүзген ба-
лықтай сезінуі қажет. Жазушылар шығармаларында кей сөздер
айрықша экспресивті-эмоциялық, образдық-метафоралық мағы-
наға ие болады. Тура, нақтылы мағынасында айтылатын, сырт-
тай жай, қарапайым көрінетін сөздер де әдеби шығармада ой-
сезімнің көркемдігіне, бейнелілігіне орай әсерлі болып шығады.
Тіл жазушы еркіне бағынады, икеміне көнеді. Қандай қара-
пайым сөз болса да, ол шығармада өзінің мағынасының дәлдігі,
нақтылығымен ұтымды болады және басқадай теңеу, метафора,
символ түріндегі сөздермен астасып, тұтасып кететіндіктен
әсерлі келеді. «Жазушы қай тілде жазса да, сол тілді әбден біліп
алған болуы керек. Сөзге бай болуы керек. Халық арасында,
ойда, қырда, бір жерде жүргенде, тұрғанда, отырғанда естіген
әрбір сөзді жібек жіпке тізген моншақтай тізіп алуы керек. Жазу-
шы - тіл шебері. Тілі шебері болған соң, тілдің барлық нақысын
білуі керек» (С.Сейфуллин).
Стиль – көркем шығармада өмір шындығын бейнелеу
арқылы өзіне тән мәнер, өзіндік қолтаңбаны табу, объектіні
терең тану, оның қасиеттерінің қыры мен сырын жетік білу.
Стиль таланттан туады. Көп іздену, тынбай еңбек ету, тану, са-
лыстыру, ықыласыңмен қарау, шыдамдылық, дәлдік қарапайым
бейнелеушіден стиль, манераға табан тіретеді. Стиль – сурет-
керге тән жеке ерекшелік, өмірді бейнелі игеру тәсілі. Стиль
бірден түзілмейді, жазу барысында біртіндеп бекиді. Стиль жазу-
шы тұлғаланғанда ғана қалыптасады.
1
Книгин И.А. Словарь литературоведческих терминов. – Саратов, 2006. –
С.168.
2
Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. Зерттеу. -2-бас. – Алматы: Қазақ
университеті, 2009. 8-б.
116
Қазіргі қазақ прозасындағы Ә.Кекілбаев, Д.Исабеков,
Т.Әбдіков, С.Санбаев, О.Бөкеев т.б. жазушылардың туындыла-
рын дәуірінің өзекті мәселелерін арқау етуі, концептуалдығы,
шығармаларының трагедиялық сипаты, адам жанына деген жіті
назары біріктіргенімен, әрқайсысы жеке алғанда жазатын
тақырыптары, авторлық позициялары, стилдері жағынан әр
түрлі, бір-біріне ұқсамайды, бірін-бірі қайталамайды. Әр сурет-
кердің өзінің жеке көркемдік әлемі, дара шығармашылық кон-
цепциялары, қайталанбас стильдері бар.
Стильді зерттеу барысындағы бай терминология мен оны
түсінудегі сан алуан ұстанымдар осы ұғымның күрделі екендігін
көрсетеді. Стиль ұғымы өнертану саласында ХҮІІІ ғасырда ғы-
лыми айналымға еніп, бүгінде мәдениеттану, философия, әде-
биеттану т.б. ғылыми салаларда кең қолданыстапқан. Бұл сөз ла-
тынның «үшкірленген қалақша» сөзінен шыққан және осы ма-
ғынасында «қолтаңба» дегенді білдіреді. Әдебиеттанудағы
стильді тілдің функционалды бір түрі болатын лингвистикалық
стиль ұғымымен шатастырмау керек (ресми, ғылыми, публицис-
тикалық, әдеби т.б.).
А.Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышта» шығарма тілінің
стильдік ерекшеліктерін, бүгінгі лингвистикалық талдауға сай
тысқарғы жағын бөлек, әдебиеттануға қатысты ішкі сындарын
бөліп айтады
1
.
Әдебиеттануда стиль ұғымы – нақты қайталанбас
қасиетке және нақты мазмұнға ие көркемдік форманың барлық
элементтерінің эстетикалық бірлігі. Бұл мағынасында ол эстети-
калық, яғни бағалау категориясы. Стиль мен стилистика - әр
түрлі ұғымдар, бұл екі сөзден «стилистикалық» деген бір сын
есім туындайтындықтан, кейде екеуін шатастырып жатады. Сти-
листика – поэтикалық тіл туралы ғылым.
Әдебиеттануда стиль ұғымы үш түрлі жағдайда – жеке
шығарма стилі, жазушы стилі, ортақ стиль (стильдік ағым) ретін-
де қолданылып жүр. Стильді жалпы және жеке мағынасында да
қарастырады. Жеке стиль ретінде шығарманың мазмұны мен пі-
шіні жүйесіндегі жазушының өзіндік мәнер-машығы зерттеледі.
1
Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 2003. –
Т.1. – 178 б.
117
Жеке жазушы стилі кез келген шығармада оңай танылады. Көр-
кемдік стиль ұғымының ажырамас белгісі – басқалардың стиліне
ұқсамайтын даралық.
Әдебиеттанушы Д. Ысқақұлы стильге тоқтала келіп, «дұ-
рысында стильді жазушы стилі мағынасында пайдаланған ләзім.
Шығарманың стилі, ортақ стиль мағынасындағы қолданыстарын
жалпының жекеге, жекенің жалпыға қатынастағы көрінісі деп
ұққан ләзім» – дейді
1
.
Жалпы мағынасында жазушының жеке стилімен қатар
әдеби бағыттың, әдеби мектептің, әр кезеңнің стилі, ойлау сти-
лінің түрлері деген де бар. Зерттеуші А.Күлімбетова стиль мәсе-
лесін қарастыра отырып, оны көркемдік ойлау жүйесінің белгілі
бір түрімен байланыстырады
2
. Ал белгілі бір ойлау жүйесінің
негізінде көркемдік дүниетаным жатыр. Әдеби әдістерді зерт-
теуде стиль мәселесі үлкен орын алады. Алайда жекеленген көр-
кемдік тәсілдерді талдауда формализмге түсіп кету оңай. Осы
орайда байсалды талдау қандайда бір тәсілді атаумен ғана шек-
телмей, сол тәсілдің эстетикалық функциясын айқындауға, мән-
маңызын түсінуге негізделуі қажет. Сол тәсілдердің басқа тәсіл-
дермен жиынтығы, өзара сабақтастығы, жүйесі ғана белгілі бір
стильді құрайды.
Әдеби стиль шығарманың барлық деңгейлерін: образдық
пішінін, тіпті интонациялық-синтаксистік және ырғақтық құры-
лымын да қамтитын өзіндік ерекшелігі болса, шығарма ауқы-
мындағы стильді қалыптастыратын факторлар қандай деген сұ-
раққа жауап беру қиын емес сияқты. Стиль – әдеби шығарма
мазмұнының барлық қырларының бірлігі. Ол көркем
шығарманың эстетикалық тұтастығын көрсетеді. Олай болса,
стиль барлық пішіндік элементтердің ортақ көркемдік заңды-
лыққа бағынуын, ұйымдасуын қамтамасыз етеді. Стильдің ұйым-
дастырушылық ұстанымы, анығырақ айтқанда, пішіндік құры-
лымды тұтас қамтып, оның кез келген элементінің қызметін ай-
қындайды. Стильдің тұтастығы стильді түзетін жеке ерекшелік-
тер арқылы айқындалады. Көркем шығармада оның эстетикалық
1
Ысқақұлы Д. Сын сонар. – Алматы: Рауан, 1994. – 188 б.
2
Кулумбетова А.Е. Стиль казахского рассказа и повести. – Алматы:
Жазушы, 1993. – 380 б.
118
ерекшелігін айқындайтын бірнеше стильдік доминанттар бо-
лады. Олар көркемдік пішіннің барлық элементтері мен тәсіл-
дерін бағындырып, шығарманың стильдік ұйымдастырушы
принципін құрайды.
Стильдің тұтастығы пішіндік құрылыммен ғана емес,
көркемдік мазмұнды дәл бейнелей алатын стильдің функционал-
дық қызметімен байланысты. Өйткені стиль – мазмұндық форма.
Стиль – сөз өнерінің туындысын біріктіріп, тұтастырып тұратын
элементтердің жүйесі
1
. Бірақ оны тек көркемдік әдіс-тәсілдердің
жиынтығы деп қарау жеткіліксіз.
Стильді көркемдік тәсілдердің кездейсоқ жиынтығы ре-
тінде түсінуге де болмайды. Тарихи тұрғыдан пайда болған
стильдер кездейсоқ емес, өзара байланысты, шарттасқан тәсіл-
дердің жүйесін құрайды. Өзара байланысты көркемдік тәсілдер-
дің жүйесі дегеніміз не? Бұл сабақтастық немен шарттасқан?
Біріншіден, олардың арасында жай, механикалық емес,
ішкі байланыс бар. Екіншіден, ол форманың сыртында қандайда
бір мазмұн бар. Біз стиль деп атайтын тәсілдер жүйесінде, шарт-
ты түрде атасақ, «дәуірдің рухы немесе қандайда бір әдеби ба-
ғыт-ағымның рухы, яғни дүниені қабылдаудың белгілі бір ерек-
шелігі де көрінеді
2
.
Жоғарыдағы орыс және қазақ ғалымдарының пікірлерін
қорытындылай келе, біз стильді мазмұндық және формалық
бірлікте қарастыру қажеттілігіне назар аударамыз.
Стиль қаламгердің поэтикалық көркем тілінің табиғатымен
тығыз байланысты. Сонымен қатар стиль поэтикалық тілді ғана
емес, көркем шығарманың басқа қырларын да қамтиды. Шығар-
маның стилі – оның тілдік ерекшеліктерін (лексикасын, синтак-
систік құрылымын) талдауда ғана емес, сонымен қатар, көркем
мәтіннің ырғағын, композициялық ерекшеліктерін, образдар
әлемінің қыр-сырын, психологиялық табиғатын, қақтығыс си-
патын қарастыру арқылы да айқындалады.
1
Есембеков Т.У. Көркем мәтінді талдау негіздері. – Алматы: NUR, 2009. –
61 б.
2
Жирмунский В.М. Введение в литературоведение: курс лекций. – М.:
Едиториал УРСС, 2004. – С 422.
119
Әр жазушыға тән өзгеше стиль мен дүниетаным бірлігі
бар. Суреткер шығармашылық даралығын айқындауда нақты бір
жанр сипаты, тақырып, объект ортақтығы елеулі роль атқармақ.
Суреткер айналасындағы нәрсені сол қалпында жалаң қабылдап
қана қоймай, дүние тынысын мейлінше терең бейнелей отырып,
оның жасырын жұмбақ сырына бойлап, мән-мағынасын ашады.
Суреткердің шығармашылық әрекеті арқылы көркемдік әлемі
түзіледі.
Стиль – талантты суреткерге тән қасиет. Өз стиліңді таба
білу – бақыт. Жазу жазған кез келген адамнан стиль іздеу де бос
тірлік. Стиль – даралық. Стиль – шынайы таланттан тамыр тар-
тып, шеберлікпен ұштасатын қасиет. Көркем тіл мен стиль тығыз
байланысты. Бірақ екеуін бір деп қарауға да болмайды. Әде-
биеттің бейнелеу құралы – тіл дедік. Жазушы ұлттың сөздік
қорынан қажетіне, қабілетіне, өресіне қарай сөздер талғайды.
Ана тілінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өзінше сөз саптау,
сөйлем құрау мәнерін танытады. Халықтың тілін жазушы
саралайды, екшейді. Халықтық-әдеби тілдің өзегіне сүйене оты-
рып, жазушы дағдылы қалыптан тыс өзгеше өрнектер жасайды,
ізденеді. Сол арқылы жазу машығы қалыптасып, бекиді де,
өзіндік қолтаңбасын, суреткерлік бағытын, бетін табады.
Көркем әдебиет ұлттық тілдің бар байлығы мен бояуын,
лексикалық, стилистикалық мүмкіндігін мейлінше пайдаланады.
Лингвистер лексикада бірнеше тілдік қабаттарды айқындайды.
Көркем әдебиетте лексика стилистикалық тұрғыда үш деңгейде
көрінеді: бейтарап (жалпылама), төмендетілген және көтеріңкі
лексика. Көтеріңкі лексика шығармаға патетикалық, асқақ мән
берсе, жалпылама лексика тұрмыстық сипат береді. Мысалы,
Ш.Құдайбердиевтің «Әділ-Мария» романындағы Шыңғыстау
туралы лирикалық шегіністерде көтеріңкі леп, асқақ лексика
молынан кездеседі. Мұнда суреткерге поэтикалық шабыт берген
кәрі Шыңғыстау тауларына қарата айтылған патетикалық арнау,
эмоциялық бояуды қалыңдататын риторикалық сұрақтар, лепті
сөйлемдердің молдығы, автор тіліндегі көтеріңкі леп, дамытудың
түрлері («Сенде талай адамның құмары қанып, қуанғаны да
болды, жүрегі жанып, суалғаны да болды. Талай-талай талпын-
ған қос жүрек мұратына да жетті. Талай бақытсыздың жарық
120
күндей үміті де үзіліп кетті. Сенде неше түрлі ел дәурен сүріп, аң
аулап, мал да бақты. Сенде талай-талай сабаздың қаны да судай
ақты»), поэтикалық инверсия, қайталаулар (талай, сенде сөздерін
анафоралық қайталау), поэтикалық антитезалар («құмары қанып,
қуанғаны да болды, жүрегі жанып, суалғаны да болды», «біресе
рахат, біресе бейнет», «үнсіз дауыс») т.б. стилистикалық ерекше-
ліктер роман кеңістігін өзінше сомдаған.
Т.Ахметжанның «Сұлу мен суретші» повесінде қарапайым
«аспан», «көз», «ой» т.б. сөздерінің орнына соған сәйкес «биік»,
«жанар», «қиял»деген асқақ мәндегі синонимдерді қолданған
және эпитеттердің де экспрессивті мазмұны күшті: зеңгір биік,
қырағы жанар, ұшқыр қиял, биік арман, өр дәме, ұлан-асыр
болмыс, барша ерен ұлылық, ұлан-байтақ болмыс, көл-көсір
кеңдік және т.б. Шығармадағы романтикалық әуен асқақтықты,
экспрессиялық қуатты, көтеріңкі лепті күшейтетін эмоционал-
дық бояуы мол лексикалық сөздерді, метафораларды іріктеп
қолдану арқылы жүзеге асқан. Егер көтеріңкі немесе төменде-
тілген лексика кейіпкер сөздерінде қолданылса, ол оның мінез-
құлқын, табиғатын айқындайды. Мысалы, осы повесте жаны нә-
зік суретші Шалдың тіліне - жоғары, асқақ лексика, ал барлығын
ақшамен өлшейтін Қожайын сөзіне тұрмыстық, жалпылама
лексика тән.
Достарыңызбен бөлісу: |