С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет44/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

Синекдоха, мегзеу - аз бен көпті, үлкен мен кішіні ауыс-
тырып, немесе бүтіннің орнына бөлшекті айту, жекеше ұғымның 
орнына көпше ұғымды алу, алмастыру тәсіліне жатады.
Қанша жүрек түбінде тұрақ тептің, 
Қанша жанның жүзіне шуақ септің? 
Қаншама рет қуанып бардың-дағы, 
Қанша адамның алдынан жылап кеттің (М.Мақатаев)
Ж.Әбдірашевтың «Махаббат» өлеңінде көз арқылы, адам-
дарды яғни жеке бөлшек арқылы жалпыны мегзейді: 
Күтпеген жерде кез болдың, 
Сен мынау қара бұрымсың
Телмірген талай көздердің
Түбіне жеткен зұлымсың!..
Ирония (грекше eironeia – келеке, сықақ, мазақ) ойды бүк-
пелеп, сыпайылап, сөзді тура мағынада айтылғандай қолдана 
отырып, бірақ оған қарама-қайшы мағына беру, сөйтіп ойды 
жеңіл әзіл-қалжыңмен, кекесінмен жеткізу тәсілі. Ж.Әбдірашев 
«Ақын ініге» өлеңінде інісінің жастарға тән максималистік ары-
нына, адуын мінезіне әдемі әзіл айтады: 
«
Ұқсамаймын ешкімге! 
Өзім болам!» - 
Дейсің дәйім... 


133 
Ұнайды сөзің маған! 
Сырсың ғой сен, өйткені шертілмеген, 
Жырсың ғой, сен, өйткені жазылмаған!.. 
«Еш нәрсеге ермеймін! 
Еркін болам!» - дейсің тағы... 
Ұнайды сертің маған! 
Мисың ғой сен, өйткені мүжілмеген, 
күйсің ғой сен, өйткені тартылмаған! 
Сыртымыздан, әйтеуір күлмейсің бе, 
білесің бе себебін, 
білмейсің бе?.. 
боламын деу – оңай ғой, 
болу – қиын, 
болмайын деп біздерді жүр дейсің бе?! 
Сарказм – ащы кекесінді көбінесе бүкпелемей, сыпайыла-
май, ашық, тура айту, әзілден әшкерелеудің, мысқылдың басым 
болуы. Абайдың «Болыс болдым, мінеки», С.Торайғыровтың 
«Сымбатты сұлуға» өлеңдерінде сарказм басым. 
Литота – кішірейте суреттеу. Мысалы, мына шумақта ұл-
ғайту мен кішірейту бірге берілген: 
Аспанға алты жерден тіреу қойдым, 
Той қылып, мың масаны сонда сойдым. 
Жүрегін біреуінің төрт бөліп жеп, 
Нансаңыз өмірімде бір-ақ тойдым. 
Әдетте гипербола мен литотаға фольклор мен ауыз әде-
биеті мұраларынан, батырлар жырынан көптеп мысал келтіруге 
болады. Сонымен қатар әсірелеудің осы түрлері жазба әдебиетте 
де молынан кездеседі. Қ.Мырзалиевтің домбыра туралы өлеңінде 
литотаның әдемі үлгісіне куә боламыз: 
О, құдірет, о, ғажап! 
Отырмын мен қасында: 
Бүкіл өнер бармақтың ілулі тұр басында!
Домбырадан төгілген әсем күйге тамсанып, риза болғаны 
соншалық, ақын бүкіл өнерді сол күйді тартып отырған адамның 
бармағына литота тәсілі арқылы ұтымды жинақтаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет