6
арқылы көрінеді. Осы мәселеге арнайы назар аударған ғалым
Б.Ыбырайым: «көркемдік ойдың басты шарты - шығарманың
немесе көркем творчествоның біздің
ой-қиял әлемімізге қуатты
ықпал жасауы. Кемел шығарма ғана - қуатты эмоциялық-эсте-
тикалық ықпал – көркемдік ойдың қозғаушы күші»
1
-
дейді. Көр-
кемдік ойдың басты қасиеті - оның адамның ойлау жүйесіне
пәрменді әсер етуінде. Шынайы мағынасындағы өнер туындысы
ғана, мейлі ол көркем әдебиет, я сурет, болмаса музыкалық шы-
ғарма болсын, адамның жанын тебірентіп, ойына қозғау са-
латын, эстетикалық тұрғыдан әсер ететін құдіретті күшке ие.
Мәдениеттанушылардың пікірінше, адамның рухани
әлеміне әсері, ықпалы жағынан әдебиет театрды ғана алдына са-
лады. Алайда ол драмалық мәтін түрінде осы өнер саласында да
бар. Әдебиеттің басқа өнер түрлерінен ерекшелігі
- сөздік фор-
масында, яғни, басты бейнелеу тәсілі - сөз, тіл болуына бай-
ланысты ол дәнекер, делдал, медиатор функциясын атқарады.
Әдебиет адамның әлемді, дүниені тануы мен игеруінің көркем-
дік, жүйелілік-логикалық тәсілдерін біріктіре алады. Әдебиеттің
бұл қасиеті өнердің кейбір аралас жанрлары мен түрлерінде –
театрда, операда, әнде көрінеді.
Әр халықтың көркемдік даму тарихында өзіне тән ерек-
шеліктері болады.
Бір халықтың сәулет өнерімен, зәулім архи-
тектуралық ғимараттарымен аты шықса, енді бір халық клас-
сикалық бай музыкасымен мақтанады. Қазақ халқының сөз өне-
ріне сүйіспеншілігін көрсететін бай ауыз әдебиетінің мұралары,
жыраулар поэзиясы,
айтыс өнері, шешендік сөз үлгілері - бай
рухани мәдениетіміздің өзгеше бір сипатындай. Бұл турасында
М.Әуезов: «Бақыт іздеп ғасырлар бойы сахараны шарлап шарқ
ұрған мұндар жолаушы – қазақ халқы бізге архитектура мен
скульптураның, сурет өнерінің ескерткіштерін қалдыра алмады.
Бірақ ол бізге ең асыл мұра – жыр мұрасын мирас етті» - деп жа-
зады.
Көркемөнер түрлерінің ішінде сөз өнерін аса жоғары ба-
ғалаған ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы әдебиеттің өнердің басқа
түрлерінің қызметін атқара алатындығына баса назар аударды.
1
Ыбырайым Б. Сырлы әлем. Алматы: Ана тілі, 1997. 45-б.
7
Ол көркем өнерді:
сәулет өнері, мүсін өнері, саз өнері, сурет
өнері, сөз өнері деп беске бөлді. Әр жанрда жасалғанымен, өнер-
дің барлық түрі дүниені эстетикалық жолмен тану, әдемілікті се-
зіну арқылы жасалынады. Өмір құбылыстарының сан алуанды-
ғын, өмір шындығын сурет өнерінде – бояу, әдебиетте – сөз, мү-
сін өнерінде – саз, сәулет өнерінде - тас, музыкада – дыбыс адам
жанына этикалық және эстетикалық әсер етудің үйлесімі арқылы
айқындап береді. Өнердің салаларына ортақ сипат - дүниені
әсемдік жолымен тану арқылы өмір шындығын өнер шындығына
айналдыру, өмір құбылыстарын жинақтап суреттеу. Көркемө-
нер, оның ішінде сөз өнері – адам тағдырының көркем көрінісі.
Сондықтан әдебиетті адамтану ғылымы ретінде зерделейміз.
Әдебиет – арабша «сөз өнері», «асыл сөз», «үлгілі сөз»
деген сөзден шыққан, ал орысша «литература» деген атау латын-
ның әріп, жазу-сызу деген мағынадағы сөзінен тарайды.
Еуропада ХҮІІІ ғ. бастап «литература» термин ретінде қолда-
нылып келеді. Әдебиет кең мағынасында жазылған және қоғам-
дық маңызы бар мәтіндердің
жиынтығы ұғымында да қолда-
нылады. Қазіргі кезеңдегі қолданыс аясы кең, яғни жазба мәде-
ниет туындыларына байланысты да (діни, философиялық, эсте-
тикалық, деректі, техникалық, ғылыми мазмұндағы және т.б. әде-
биет) қолданылады.
А.Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде сөз
өнеріне: «Нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келіс-
тіріп айту өнері. Бұл сөз өнері болады. Қазақша асыл сөз, арабша
-
әдебиет, еуропаша – литература» – деген анықтама береді.
Ғалым ойын әрі қарай сабақтай отырып: «Бір нәрсе, я бір тақы-
рып турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің
күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады.
Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп, қисынын, қы-
рын, кестесін келістіріп, сөз арқылы тысқа шығару сөз шығару
болады»
1
–
дейді.
Достарыңызбен бөлісу: