19
Сөз өнерінің табиғаты мен шығу тегі, дамуы туралы іргелі
де күрделі ғылым – әдебиеттану. Әдебиеттану –
көркем әде-
биеттің көркемдік таным арналарын, даму бағыты мен заңды-
лықтарын, тарихи-әдеби үрдісті, көркем шығармашылықты зерт-
тейтін филология ғылымының бір саласы. Әдебиеттану ғылымы:
әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны деген үш сала-
дан тұрады.
Әдебиет тарихы – атына заты сай, әр халық әдебиетінің
көне дәуірлерден бастап тарихи тұрғыдан қалыптасу жолын,
даму
ерекшелігін, ондағы әдеби бағыт, ағымдарды, әдебиеттің
дамуына үлес қосқан шығармашылық
иелерінің әдеби мұра-
ларын зерттейді. Әдебиет тарихы әдебиеттің шығу тегін, өткен
дәуірлердегі даму үдерісін, әдебиеттің қалыптасу тарихын және
жеке ақындар мен жазушылардың шығармашылығын қарасты-
рады. Сол себепті әдебиет тарихшысы тек әдебиетті ғана терең
біліп қоймай, сол әдебиетті тудырған халықтың тарихын, мәде-
ниетін, дәуірдің қоғамдық әлеуметтік жағдайларын жете танып-
түсінуі қажет. Әдебиет тарихы тарихи-әдеби үрдіске баға береді
және көркем әдебиеттің ықылым заманда
пайда болған кезінен
бастап қазіргі даму сипатына дейінгі аралықты толығымен қам-
тиды.
М.Әуезовтің 1927 жылы жарияланған «Әдебиет тарихы»
атты оқулығы қазақ әдебиеті тарихын зерттеуде үлкен ғылыми
құбылыс болды. Ғалым еңбегінде алғаш рет әдебиет тарихының
ғылым ретіндегі міндеттерін белгілеп, әдебиет тарихының қол-
данылу жолын айқындады. «Әдебиет тарихы» сол кезеңдегі әде-
биеттану ғылымының
қалыптасуы мен дамуына, әдеби-тарихи
мұраларды зерттеу ісіне айрықша үлес қосты. Алайда ол өткен
тарихты дәріптеген зиянды еңбек ретінде танылып, тек 1991
жылы ғана ғылыми айналымға түсті.
Қазақ
әдебиеті тарихының даму жолын, қалыптасуын
зерттеуде М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев,
Е.Ысмайылов,
Т.Нұртазин,
М.Базарбаев,
Н.Келімбетов,
Х.Сүйіншәлиев, М.Мырзахметов т.б. ғалымдар жемісті еңбек
етті. Фольклордың, әдебиет тарихы
мен әдеби байланыстардың
өзекті мәселелерін арқау еткен Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин,
Ы.Дүйсенбаев, Қ.Мұқаметханов, Ш.Сәтбаева, М.Мағауин,
20
Б.Уахатов, С.Қасқабасов, М.Жармұхамедов, Б.Адамбаев,
С.Негимов, Е.Тұрсынов, К.Матыжанов, Б.Абылқасымов,
Ш.Ыбыраев, Н.Ғабдуллин, Т.Қоңыратбаев, А.Қыраубаева,
Т.Әбдiрахманова зерттеулері әдебиет тарихын зерттеушілерге
жаңа бағыт-бағдарды айқындап берді.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұжымы-
ның, С.Қирабаев, С.Қасқабасов, Ш.Елеукенов, Ж.Ысмағұлов
сынды ғалымдардың басшылығымен
жеке зерттеулер мен әде-
биетші ғалымдардың сыншылық ой пікірлерін қорыту түрінде 10
томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» жасалды. Еңбекте қазақ әде-
биетінің сан ғасырлық тарихы, даму жолы қайта қаралып, тың
деректермен толықтырылып, жаңа көзқарас тұрғысынан бағалан-
ды. Соңғы томы қазіргі тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебие-
тінің жанрлық, көркемдік т.б. мәселелеріне арналады.
Достарыңызбен бөлісу: