21
Екінші циклда - шығарманың тақырыбы мен идеясы, тип пен
стиль мәселелері қарастырылады, ал үшіншісінде жалпы көр-
кемдік дамудың бағыт-бағдары, тарихи сипаты, әр дәуірдегі
көркемдік бағыттар мен әдістер, ағымдар, жанрлар және
жанрлық түрлер тексеріліп, талданады. Әдебиет теориясының
терминдері функциональды сипатқа ие, олар белгілі ұғымдар-
дың нақты ерекшеліктерін сипаттап қана қоймай, сонымен бірге
олардың атқаратын қызметін және басқа ұғымдармен арақаты-
насын да айқындайды.
Әдебиет теориясына қатысты алғашқы эстетикалық тұ-
жырымдар біздің заманымыздан бұрынғы көне кезеңдерден
бастау алады. Көне Шығыс өркениетінен, кейіннен антика эсте-
тикасынан бастау алып, әдебиеттің дамуы барысында әр алуан
әдеби ағымдардың алмасып отыруына орай және олардың
көркемдік концепциясын, тәжірибесін түсіндіруге байланысты
әдебиет теориясының мазмұны қалыптасты.
Әдебиет теориясының өзегін жалпы поэтика (сонымен
бірге ол теориялық деп те аталады) құрайды. Ол - көркем шы-
ғарма,
оның құрамы, құрылымы мен функциялары, сонымен
бірге әдебиеттің тектері мен жанрлары туралы ілім. Жалпы поэ-
тикамен қатар теориялық әдебиеттану әдебиеттің өнер түрі
ретіндегі табиғаты туралы ілім мен оның тарихи даму заңды-
лықтары туралы ілімді (әдеби процесс теориясы) қамтиды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әдебиет
теориясын поэтикадан бөліп қарастыру тенденциясы бел алды.
Алайда бірқатар ғалымдар мұндай көзқарастың ғылыми негізі
жоқ екенін жазды. Әдебиеттану мәселелерін байыпты талдаған
іргелі еңбектің бірі – американдық авторлар Р.Уэллек пен
О.Уорреннің «Әдебиет теориясы» болды. Олар әдебиет теория-
сы мен поэтиканы ұқсас ұғым ретінде қарастырады. Ал
В.Томашевский өзінің «Әдебиет теориясы. Поэтика»
кітабын-
да бұл түсініктердің бір мағынада ғана қолданылатындығын
ескертеді. Аристотельдің «Поэтикасы» да, Н.Веселовскийдің
«Тарихи поэтикасы» да - осы саланың бастауындағы үлкен ең-
бектер. Өйткені әдебиет теориясы - өзіне тән теориялық және
тарихи бастаулардың тамырластығын, жалғастығы мен ба-
йыптылығын қарастыратын ғылым. Поэтика болса, әдеби туын-
22
дыдағы бейнелеу құралдарының көркемдік жүйесін құрап, әде-
биеттің тегі мен жанрларының, әдіс пен ағым-бағыттарының,
стилі мен тәсілдерінің спецификасын,
олардың ішкі байланысы
мен көркемдік тұтастығын зерттейді.
Қазіргі әдебиеттануда поэтиканы жеке көркем шығарма-
ның құрылысы, әдеби құрылымы және оның кешендері туралы
ғылым ретінде қарастырамыз. Бірақ поэтика мақсат-міндеттері
белгіленген және дәстүрлі әдебиеттану салалары: әдебиет тео-
риясымен, әдебиет тарихымен тығыз байланысты арнаулы пән
ретінде де қалыптасуда. Әдебиет теориясының ауқымында, ол
жалпы поэтика, яғни, мәтіннің (дыбыстық, сөздік, образдық) құ-
рылымы туралы ілім деп қарастырылады.
«Нақты» әдебиеттану ауқымында жеке жазушының шы-
ғармашылығын және белгілі бір шығарманың құрылымын сипат-
тайтын жеке (немесе сипаттама) поэтика ұғымы да бар. Ондағы
басты мәселе – композиция, яғни эстетикалық мәні бар элемент-
тердің бір-бірімен үйлесім-үндестігі.
Әдебиет теориясы мен әдебиет тарихының тоғысқан тұ-
сында жекелеген көркемдік компоненттердің (жанрлардың, сю-
жеттердің, стилистикалық бейнелердің) туу,
қалыптасу және
даму тарихын, тағдырын, барлық әдебиетке тән ортақ типоло-
гиялық белгілерін айқындайтын тарихи поэтика дамиды.
Қазақ
әдебиеті
теориясының
қалыптасуына
А.Байтұрсынұлы,
М.Әуезов,
С.Мұқанов,
Қ.Жұмалиев,
Е.Ысмайылов,
Б.Кенжебаев,
А.Нұрқатов,
Т.Нұртазин,
Б.Шалабаев, Ә.Тәжiбаев, Б.Наурызбаев, М.Дүйсенов, Ә.Шәрiпов,
З.Қабдолов, Ә.Нарымбетов, З.Ахметов зор үлес қосты. Қазiргi
әдеби процесс мәселелерін, жеке қаламгерлер шығармашылы-
ғын, жанр, стиль, әдеби әдіс проблемаларын терең талдауға ар-
налған Ш.Елеукенов, Ж.Ысмағұлов, С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев,
М.Базарбаев, Р.Бердiбаев, Т.Кәкiшев, Б.Ыбырайым, Б.Майтанов,
Ж.Дәдебаев,
А.Жақсылықов,
А.Iсiмақова,
Т.Есембеков,
Г.Пірәлиева сынды ғалымдардың еңбектері қазақ әдебиеттану
ғылымын жаңа бір белеске көтерді.
А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» қазақ әде-
биеттануындағы алғашқы әдебиет теориясы оқулығы болса да,
ғалым теориялық толғамдарды ұлттық танымға сүйене отырып
23
талдады. Уақыттың өзі дәлелдеп бергеніндей, «Әдебиет таныт-
қыш» еңбегі әлемдік теориялық ойдың биігінен көрінеді. Ал
Е.Ысмайыловтың
«
Әдебиет
теориясының
негіздері»,
Қ.Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы» еңбектері жас ұрпақты сөз
өнерінің ерекшеліктерімен сусындатып, әдебиет туралы таным-
түсінікті қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
Әдебиет сүйер қауымның эстетикалық талғамын тәрбие-
леуде З.Қабдоловтың «Сөз өнері» атты зерттеу кітабының атқар-
ған ролі зор. Ұзақ жылдар бойы студенттердің қолынан түспей
жүрген кітапта әдебиеттің теориялық мәселелері қасаң қағида
түрінде ұсынылмай,
суреткердің шеберлік мәселесімен,
әдеби шы-
ғармашылық психологиясымен сабақтастықта қарастырылған.
Сонымен бірге бұл зерттеудің шығармашылық өнердің қыр-
сыры, нәзік иірімдері мен құпия қалтарысы туралы сыр
толғайды, теориялық мәселелерді
қазақ әдебиетінің мысалдары
негізінде терең талдайды. Кітап «Әдебиеттануға кіріспе» пәнін
оқытудың жақсы дәстүрін қалыптастыруға мұрындық болды.
Достарыңызбен бөлісу: