С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет6/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

2.2. 
Әдебиеттің халықтығы 
 
Әдебиеттің халықтық, ұлттық сипаты – тарихи категория. 
Әдебиеттану тарихында осы ұғымды суреткердің шыққан тегі-
мен байланыстырған пікірлер мол болды. Тағы біреулері халық-
тық сипатты фольклор үлгісінде жазылған шығармалардан із-
дестірді.
Көркемөнер туындыларының, оның ішінде әдебиеттің 
объективті болмысында жалпыадамзаттық қасиеттер мен 
ұлттық сипаттар диалектикасы көрініс табады. Әлем 
әдебиетіндегі озық шығармалардың барлығына ортақ 
жалпыадамдық сипатымен бірге, басты көркемдік қуаты ұлттық 


16 
бояуында, нәр-нақышында екені белгілі. Әдебиет ұлттық болса 
ғана мәңгілік және кемел әдебиет бола алады. Ол үшін әдебиет 
халыққа, оның тілі мен діліне, дүниетанымына бейімделіп, сол 
ұлттың ішкі рухани өмірін, рухын бейнелеуі қажет.
Әдебиет - ұлттық болмыс пен рухтың айнасы, ұлттың ой-
лау жүйесінің көрсеткіші. Кемел әдеби туынды халықтың жоға-
ры мәдениетін, зайырлы білімі мен білігін танытады. Ұлтты, 
халықты танып білу үшін ең алдымен оның әдебиетімен танысу 
шарт. Әдебиет – ұлттың рухани байлығы. Кез келген халықтың 
тарихындағы қилы кезеңдер, ел өмірінің өзекті мәселелері, 
халықтың ой-санасы әдеби шығармаларда көрініс табады. Ұлт-
тық сипат шығарманың көркемдік тінінде, мазмұнында жатып, 
автордың алға қойған мақсатынан, ой өзегінен бастап, кейіп-
кердің характерін, дүниетанымын қамти келе көркемдік шешім-
ге, тіл мен стильге, эстетикалық идеалға көшетін ұғым. Халық-
тық сипат, ең алдымен, белгілі бір көркем шығармада бүкіл
халықтық мәні бар мәселенің көтерілуінде жатады.
Қай нәрсе болмасын, әдебиеттегі кез келген мәселе ал-
дымен ұлттық топыраққа келіп тіреледі. Әдебиет – тұтас бір 
халықтың басынан кешкен рухани өмірінің көркем тарихы. 
Ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпы мен мәдениетін, арман-
қиялын М.Әуезовтің «Абай жолы» романын оқымай терең тани 
алмаймыз. Қазақ халының мінез қалыбын, жан дүниесін, ойлау 
жүйесін, ұлт болып қалыптасу тарихын жете түсіну үшін 
І.Есенберлин, Ә.Кекілбаев, С.Сматаев, Қ.Жұмаділов, С.Елубай 
шығармаларын, француздар тіршілігін терең зерделеу үшін 
О.Бальзак, Г.Флобер романдарын, жапон халқының тұрмыс 
ерекшелігін, тарихы мен тағдырын тану үшін А.Рюноскэ 
туындыларын оқитынымыз ақиқат.
Халықтық туралы ұғым ежелден бар болатын, мәселен, 
қазақ айтысының жүйрігі, Сүйінбайдың ел бірлігін сақтаған ер-
лерді, елдікті жырлауы. Халықтық туындыларда келелі мәселе-
лер халық мүддесіне сай шешілуі қажет. Нағыз халықтық шы-
ғарма халыққа түсінікті де жетімді. Мысалы, Абай өлеңдерінде 
қазақ халқы үшін бүгінге дейін маңызын жоймаған, мәні мен 
маңызы жоғары саяси-әлеуметтік, қоғамдық, адамгершілік, ру-
хани-эстетикалық мәселелер көтерілген. Абайдың өлеңін біл-


17 
мейтін қазақ жоқ, ол бәріне бірдей түсінікті, жетімді, әр қазақтың 
жанына жақын да қарапайым.
Нағыз ұлттық туынды - тақырыбынан бастап, автордың 
алға қойған мақсат-мүддесі, көркемдік шешіміне дейін баратын, 
халықтық мәні бар мәселелерді көтеретін шығарма. Б.Майлиннің 
халық мүддесін өзек еткен туындылары («Қара шелек», 
«Күлпаш» т.б. әңгімелері) ХХ ғасырдың басындағы қазақтардың 
тыныс-тіршілігін, мінез қалыбын, ауыл адамдарының жаңа да 
күрделі өзгерістерді жатсынып, қабылдай алмай жатқан аңғал да 
аңқау психологиясын, тұрмыс-тіршілігін паш етеді. Ол халықтың 
даналығы мен бай тілін, халықтың ұғымды, жылы әзілі мен 
уытты мысқылын, халық характері мен рухын шеберлікпен көр-
сете білді. Оның шығармаларынан ғасыр басындағы алмағайып 
заманның тынысы, өтпелі дәуірдің сипаты және оны халықтың 
қабылдауы, дүниетанымы айқын аңғарылады. 
Әдебиет пен өнер - әрбір ұлттың, халықтың рухани уызы. 
Көркем әдебиеттің мән-мағынасы мен міндетінің өзі адам жа-
нының ішкі иірімдерін, күрделі де терең ойлау жүйесін, сана мен 
сезім арпалыстарын, мың қатпарлы құпия-қалтарыстарын ашу 
болып табылады. Әдебиет адамның, эстетикалық ой-сезімін, 
танымын, талғамын қалыптастыруға атсалысады. Көркемөнер 
мен әдебиет – жастарды рухани байытып, олардың елін, жерін, 
ұлттық салт-сана, әдет-ғұрпын, өткен тарихын сүйіп өсуге тәр-
биелеудің өткір құралы. Әдебиет теориясында әдебиеттің 
танымдық-тәрбиелік мәні туралы мәселе маңызды орын алады. 
Алайда кеңестік әдебиеттануда шығарманың формасынан маз-
мұнды басым қойып, оның идеологиялық, тәрбиелік сипатына 
көп көңіл бөлінді және жазушыларға ресми идеологиялық нұс-
қауларды жүзеге асырушы, насихаттаушы тұлға ретінде қарады.
Әрине, өнер мен әдебиеттің тәрбиелік, тағылымдық мәні 
бар. Ол - өте нәзік мәселе, әрі шығарманың тереңінде жатады. 
Ұлт жанашыры ретінде суреткер қоғамда болып жатқан өзге-
рістерге, құбылыстарға араласпай, үн қоспай отыра алмайды 
және қоғамдағы рухани-адамгершілік ахуал хақында өз ойын 
ашық білдіреді. Әдебиеттің тәрбиелік мәні де осында. Алайда, 
шынайы реалистік шығарманың авторы адамды тәрбиелеймін 
деп алдына арнайы мақсат қоймайды. Ол алдымен өз шығарма-


18 
сындағы көркемдік шындық жайлы, характерлер мен адамдар 
тағдыры туралы толғанады.
Қорыта айтқанда, көркемөнердің туындылары ғасырлар 
қойнауында ғұмыр кешкен халықтың рухани айнасына, игілігіне 
айналары шындық. Қазіргі қазақ әдебиетінде «әдебиет өнер түрі 
ретінде жойылып бара жатқан жоқ па?» деп дабыл қағылуда.
Әдебиеттің сан емес, сапасын, басты критерийі көркемдік қа-
сиетін арттыру мақсатында мұндай сұрақтың қойылуы да - уақыт 
талабы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет