С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет39/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

Антонимдер – бір-біріне керағар, қарама-қарсы мағына-
дағы сөздер. М.Мақатаев өз өлеңдерінде ойын айқындау мақса-
тында антонимдерді жиі қолданады: 
Өмірді қалай сыйласаң, 
Өлімді сондай жат көрме! 


122 
Өмірдегі, қоғамдағы қайшылықты құбылыстарды қарсы 
қою арқылы оларды көрнектірек суреттеуге, бір-бірінің қасиетін 
аша түсуге мүмкіндік туады, эстетикалық әсер молаяды: 
Өледі кімдер, туады кімдер, 
Батады күндер, шығады күндер. 
Семеді гүлдер, өседі гүлдер, 
Келеді күндер, көшеді күндер. 
Бір-біріне қарама-қарсы мағынадағы етістіктерді қолдану 
арқылы ақын жаратылыс туындыларына – ол адам, күн немесе 
гүл болсын, барлығына ортақ заңдылық барын, өмірдің өзі соған 
негізделетінін ескертеді. Өмірдің қас-қағым сәтте-ақ өтіп кете-
тінін, ол мезеттің қайтып оралмайтыны турасында философия-
лық ой түйеді. 
Әдеби талдау барысында көркем шығармадағы архаизм-
дер, историзмдер, неологизмдер сияқты лексиканың түрлі топ-
тарын айқындау аса маңызды. Архаизм (грекше archaios – 
бағзы, көне) – бұрынғы, баяғы кездері болған, көп айтылған
алайда қазіргі уақытта көнеріп, күнделікті қолданыстан шығып 
қалған, ескірген сөздер. Мысалы: 
Ескі шаһар таң дүние, 
Салар болсаң назарың, 
Не көресің? 
Көресің – 
Майдан сайын мазарын. (М.Жұмабаев) 
Архаизмдер прозада да, поэзияда да кездеседі. Тілшілер 
архаизмге көнерген сөздер деп ғана қараса, әдебиетшілер көр-
кемдік мақсатына орай архаизмді зерттеп-зерделеп, өз шығар-
маларында жиі пайдаланады. Архаизмдердің көпшілігі көтеріңкі 
лексикаға жатады. Өткен ғасырлардағы, көне кезеңдерде болған 
оқиғаларды суреттейтін тарихи шығармаларда сол дәуірдің, 
тарихи тұстың ерекшелігін бейнелеу мақсатында жиі қолданы-
лады (мысалы, М.Мағауиннің «Аласапыран» романы). 
М.Шахановтың 
«Нарынқұм 
зауалы» 
поэмасындағы 
«Махамбеттің соңғы сөзі» бөлімінде ақынның туған еліне қарата 
айтқан монологында көнерген сөздердің қолданылуы заңдылық: 
Алдан жарқын күн шыққанша, 
Кескініңді көрмейінші шаршаған. 


123 
Пасық ойлар тұншыққанша, 
Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша, 
Жер астынан қарап жатам мен саған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет