138
3.
Зарлай арнау - ақынның зарлана, қайғы жұтып өзгеге,
жұртқа арнайы тіл қатуы. М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы»
поэмасында Махамбетті өлтіріп,
сыйлыққа ішік алып келген
ұлына әкесінің өкінішпен айтқан сөзі де зарлай арнау түрінде
берілген:
-
Ой, залым-ай,
Жүзіқара залым-ай.
Мұнша залым екеніңді қалай келгем танымай!
Бұдан өткен зор қасірет болар ма,
Бұдан өткен зор қасірет болар ма!
Жә,
не қайыр, налы мейлі налыма,
Сорлы балам,
Туыпсың-ау сорыма.
Қайталау – ақын немесе жазушы ой екпінін, әсерді кү-
шейту мақсатында, айрықша назар аударғысы келген нәрсені не
құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар ойға ерекше леп беру.
Қайталаудың да бірнеше түрі бар.
1.
Жай қайталау. М.Мақатаевтың «Ей, өлең» деген шы-
ғармасында «өлең» сөзіне ерекше екпін түсіру,
назар аудару
мақсатында оны бірнеше рет қайталайды:
Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем?
Жансыз өлең жанымды алды кілең.
Бір ойым жүрегімде қаза болып,
Бір ойым көмейімді қалды тіреп,
Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем.
2.
Еспе қайталау. Бұл – ой мен сырды еселей жеткізу
жолы.
Сап-сары бел, еседі жел, еседі,
Еседі жел,
көшеді жел, көшеді.
Дала ұйық, бала тұйық, екі үнсіз,
Дала жұмбақ, бала жұмбақ шешусіз. (М.Жұмабаев)
3.
Достарыңызбен бөлісу: