С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет73/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

Дәстүр мен 
жаңашылдық - әдебиеттанудағы
ең өзекті мәселелер-
дің қатарында саналады. Себебі әдебиет дамуының, өркендеуінің 
негізі, жалпы тіршілік дамуының тетігі - дәстүр мен жаңашыл-
дық. Бұл екі ұғым бір-бірімен байланысты, бірінен екіншісі 
туындайды. Жаңара да жалғаса дамып отыратын әдеби процесс 
күрделі диалектикалық даму заңдылығына бағынады.


198 
Түрлі анықтамалық басылымдарда көркемдік дәстүрді 
өнерді дамытудағы, өткен дәуірлердің көркем тәжірибесін иге-
рудегі сабақтастық деп қабылдайды. Мысалы, ХХ ғасырға дейін 
қазақ әдебиеті өлең сөз шеңберінде дамып келді және оның 
жаңадан қалыптасқан проза жанрына әсер етті. Әдебиетімізде 
қара өлеңнің десі басым болғандықтан, ХХ ғасырдың басында 
қара сөз шеберлерінің туындылары поэзияға жақын болды. Бұл 
турасында Ә.Дербісәлин: «Қай салада болмасын, жалпы дәстүр 
атаулыға тән қасиет – ол дайын күйінде тумайды, не өзге 
біреуден оңай алына салмайды, ол заманалар жемісі, тәжірибе-
лер нәтижесі, уақыт сынынан, ұрпақтардың ақыл-ой елегінен 
мүдірмей өткен, халықтың тіршілік-тұрмысына жауап беру ар-
қылы өміршең сипат алып, әрдайым өсіп, өніп, жалғасып отыр-
ған әрі тұрақты, әрі жанды, белсенді құрал»
1

деп жазады. Орыс 
әдебиетінде осы мәселеге ХХ ғасырдың басында назар аударған 
В.Маяковский: «Біздер Пушкиннің «Евгений Онегині» сияқты 
туындыларға жүз рет қайта айналып соғамыз. Тіпті өлімге бас 
тіккенде де оған қайта айналып отырамыз. Олардан ұтымды шы-
ғармашылық тәсілдерді үйренетін боламыз. Мұның өзі сана-
мызда туған, әмірі жеткен, сезінген ойымызды дұрыс жеткізуге 
септесіп, шексіз ләззат сыйлайтын болады» - дейді.
Философиядағы «жоқтан бар болмайды» деген қағидаға 
сүйенсек, көркем өнердің даму үдерісінде жаңалықтар өзіне 
дейінгі мұраны, дәстүрді жоймайды, қайта оның кейбір элемент-
терін дамыта келіп, жаңаша көркемдік ізденістермен, тың дү-
ниелермен ұштастырады. Мәселен, А.Құнанбайұлы өзіне дейінгі 
баяғы замандардан келе жатқан шығыстың эстетикалық дәстүрі 
мен халқымыздың бай рухани мұрасынан сусындады, оны жо-
ғары бағалады. М.Әуезовтің «Абай жолындағы» фольклорлық 
дәстүрлер, І.Есенберлиннің «Көшпенділеріндегі» аңыздық баян-
даулар турасында да осыны айтуға болады.
М.Әуезовтің көркемдік әлемі мен қазақ халқының дәстүрлі 
мәдениеті ғылыми тұрғыдан алғанда аса маңызды, мәнді мәселе 
екендігінде сөз жоқ, мұның өзі арнайы зерттеуді қажет етеді. 
Осы орайда М.Әуезовтің дәстүрі мен қазіргі қазақ романының 
1
Дербісәлин Ә. Дәстүр мен жалғастық. -Алматы, 1976. 8-б.


199 
эстетикалық ізденістерін, жаңашылдық сипатын, оларға ортақ 
және дара белгілерді анықтау тарихи дәуір шындығын көркем 
бейнелеудің басты ерекшеліктерін жаңа қырынан тануға бас-
тайды. 
Ә.Кекілбаев шығармаларындағы мифтік желілер, аңыз-
әңгімелерді пайдалану тәжірибесін алсақ, ол өзіне дейінгі аңыз-
әңгімелерді шебер пайдалана отырып, философиялық, психоло-
гиялық мән-мағына, өзіндік концепция жүктейді. Жазушы шы-
ғармаларында аңыздық сарынды дайын күйінде алмайды. Қа-
ламгер халық жадындағы аңыз-әңгімелерден ерекше бір күрделі 
мазмұн, символдық мағына көре біледі. Фольклорлық дәстүрдің 
көркемдік жетістіктерінен нәр алған О.Бөкеев прозасының сти-
листикасы поэзия тілімен табиғи жарасым табады.
Техникалық ғылымдарда ашылған жаңалықтар өзіне дейін-
гі дәстүрді жойса, әдебиеттің даму заңдылықтары бойынша
жаңалық дәстүрлі көркемдік құндылықтарды жалғастыра дамы-
тады. ХХ ғасыр әдебиетінде қазақ қаламгерлері фольклорлық 
дәстүр жүйесінде ерекше эмоционалдық-мазмұндық жүк арқала-
ған фольклорлық образдылықты эстетикалық тұрғыда өз туын-
дыларында ұтымды пайдалана білді. Осы ретте адам мен әлем-
нің, табиғаттың уақыт пен кеңістік тұрғысындағы байланысын 
көрсететін зооморфты символиканы, яғни, көшпенділер санасын-
да аса маңызды орын алатын қасқыр, ат, түйе, бұғы т.б. тотемдік 
бейнелерді атауымызға болады (Көксерек, Кербұғы, Бура, 
Бәйгеторы, Аруана т.б бейнелер). Түйе – қазақ әдебиетінде кон-
цептуалдық ауқымы кең дәстүрлі образдардың бірі. Аруана, бура 
бейнелері ұлттық көркемдік дәстүрімізде жиі кездеседі. Түйе - 
шексіз ана махаббатын бейнелейтін қазақ ертегілерінің, мифтік 
аңыз-әңгімелердің («Бозінген», «Бота» т.б.) дәстүрлі кейіпкері, 
киелі болып саналатын төрт түлік малдың бірі, қазақ дүние-
танымында тұтастықтың, болмыс бірлігінің, ғарыштың сим-
волы. О.Бөкеев «Бура» шығармасында мифтік аңыз-әңгімелер-
дегі халықтың рухани тәжірибесімен суарылған дәстүрлі бей-
неден авторлық мифологиялық кейіпкерді сомдайды. Образ «ға-
рыштық», «табиғи» деңгейге көтеріліп, экспрессиямен, лиризм-
мен молыққан, жалпылық, жинақтық мән алып, сонымен қатар 


200 
жаңа мифтік бейнеге, бостандық сүйгіш рухтың бөкеевтік сим-
волына айналған.
Қаламгерлердің дара шығармашылық ерекшелігін әдебиет-
тегі дәстүр мәселесімен сабақтас қарастырудың мәні зор. Әр 
жаңашыл ақын өзінен бұрынғы ақындар қол жеткізген көркемдік 
тәсілдерді, көркемдік даму тәжірибесін игеру арқылы дамиды да, 
өзі де жаңа ой қосады. Мысалы, Шәкәрім Құдайбердиев дүние-
танымының қалыптасуына ұлы Абайдың, орта ғасырдағы сопы-
лар поэзиясының, жыраулар поэзиясының, Л. Толстой шығарма-
шылығының ықпалы зор болды. Шәкәрім ақиқатты тану, рухани 
тұрғыда өзін-өзі жетілдіру ұмтылыстарын, рухани ізденістерін 
әдеби, көркемдік ізденістерімен ұштастыра білген сирек тұлға-
лар қатарына жатады. Оның шығармашылығында діни, эстетика-
лық, философиялық және психологиялық бастаулардың синтезі 
жүзеге асты.
1960-
70 жылдары қазақ поэзиясына келіп қосылған қуатты 
буын М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Қ.Мырзалиев, Т.Айбергенов, 
М.Шаханов т.б. лирик ақындарымыздың әрқайсысы өзіндік үні-
мен, дара таланттарымен, қайталанбас қолтаңбасымен ерекше-
лене отырып, барлығы да қазақтың қара өлеңіне ден қойды. 
Олардың көркемдік, тілдік, жанрлық ізденістері қара өлеңнен 
бастау алды. «Қазақтың күпі киген қара өлеңін, шекпен жауып 
өзіне қайтарамын» - деген Мұқағали ақынның сөзі бекер емес. 
Осы ретте әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық туралы белгілі 
ақын Т.Медетбек: «Баба дәстүрдің мұрагері - өз ұлтының рухани 
байлығы мен әлем әдебиетінің үздік үлгілерін бойына жинақтап, 
оларды өзінше игеріп, өзінше қорытқан, өз уақытының үні бола 
білген, өз заманының әлеуметтік мәнін ашып көрсете аларлық 
қуатқа ие немере Жаңалық» - деп қорытады.
1970 жылдары қазақ прозасында да тарихи тақырыпқа бет 
қойған жазушылар М.Әуезов негізін салған тарихи роман дәс-
түрін жалғастыра дамытып, қазақ тарихының әр қилы кезеңдерін 
жаңаша бажайлап, жанрлық, көркемдік, стильдік ізденістерге 
бой ұрып, көркем бейнелеуге бет қойды. Тарихи тақырыпқа 
қалам тартқан қазақ жазушыларының философиялық-эстетика-
лық концепциясында мифтік-фольклорлық дәстүр айрықша көр-
кемдік қызмет атқарды. Қаламгерлер поэтикалық мифтің адам-


201 
гершілік-философиялық арқауын, оның қазіргі заман адамдарға 
қажетті өзекті сипатын, мәңгілік мәнін пайдаланды және өткен 
тарихқа, болмысқа өздерінің эстетикалық көзқарастарын таны-
тып, тың философиялық пайымдаулар жасады, жаңа көркем бей-
нелер сомдады. Халық аңыз-әңгімелерінің философиялық терең-
дігі, ауыз әдебиеті дәстүрінің гуманистік мазмұны, қаламгер шы-
ғармаларында ерекше өрнек тауып, жаңа қырынан көрінді. 
Әдебиеттанушылар әдеби үдерісті зерттеу барысында 
суреткер шығармаларының көркемдік деңгейіне, сапалық дамуы-
на жіті назар аударады. Дәуірдің әдеби процесін тұтастықта
зерттеудің маңызды болатыны үлкен суреткерлер өзіне дейін 
танылған суреткерлермен ғана емес, «қосалқы» авторлармен де, 
көпшілік әдебиетпен де шығармашылық «диалогқа» түседі. Та-
мырсыз ештеңе өнбейді. Жеке суреткерлер, яғни тұлғалар әдеби 
үдерісте дәстүрге сүйене отырып, өзіне дейінгі құндылықтарды 
өзгерте, дамыта келіп, өздері де әдебиетке көркемдік жаңалық, 
ізденістерін әкеледі және әдеби үдеріс ағынында жалғастырушы, 
жаңартушы қызметін атқарады. Мысалы, ХХ ғасырдың екінші 
жартысында, 1970-90 жылдары қазақ прозасында Ә. Кекілбаев, 
Д. Исабеков, Р. Тоқтаров, О. Бөкеев, Т. Әбдіков, С. Санбаев, 
М. Ысқақбаев, Д. Досжанов т.б. жаңашыл жас жазушылар ұлт-
тық дәстүрді сақтай отырып, әдебиеттегі социалистік реализмнің 
«
қатқан қалыбын» бұзуға ұмтылды, дүние мен адам сырын 
жаңаша құрылымдық ажармен бейнелеуге тырысты. Қазақ жазу-
шылары әдебиетке партия өктем билігін жүргізген тұста хал-
қымыздың басынан өткен келеңсіз құбылыстарды есебін тауып, 
орайын келтіріп айта білді. Олар өмір шындығын сыңаржақ 
суреттеуден бас тартып, мүмкіндігінше қоғам дамуының қайшы-
лықтарын көрсетуге тырысты. Әдебиетте өз ортасын олқы санап, 
көңілі толмаған, қоғамға сын көзімен қарай бастаған кейіпкер 
бой көрсетті. Көркем шығармада мұндай кейіпкер қоғам шын-
дығына қанағаттанбай, қоршаған ортаны жатсынып, тіпті жан 
сілкінісін, ішкі наразылығын білдірді.
Әдеби үдеріс бір ғана ұлт әдебиетінің шеңберінде ғана 
емес, әлемдік әдебиет ауқымында да бір мезетте бір-біріне ұқсас 
және бірін-бірі қайталамайтын әдеби кезеңдерден, дәуірлерден 
тұрады. Әдеби үдеріс үздіксіз жалғасып, әрбір жаңа дәуір өзіне 


202 
дейінгі көркемдік жетістіктерге сүйенеді. Мысалы: әлемдік әде-
биеттің көркемдік даму тәжірибесінде символизм, экспрес-
сионизм романтизм әдісінің аясында қанат жайды, яғни ХХ 
ғасыр басындағы модернистік бағыттар романтизмнің көркемдік 
дәстүрлерімен нығая түсті. Жаңа тарихи тұс дәстүрлі құн-
дылықтарды игере отырып, әдеби үдерісте жаңа дүние туды-
рады, яғни адамзаттың сан ғасырлар бойы жинақтаған көркемдік 
қазынасына өз үлесін қосады. 
Әдеби үдерістің маңызды құрамдас бөлігінің бірі халық-
аралық әдеби байланыстар болады. Әдеби үдеріс аясында әдеби 
бағыттар мен ағымдардың белгілі бір ұлт әдебиетінде орын 
тебуінің бірнеше факторлары бар екені белгілі. Соның бірі – та-
рихи-
әлеуметтік фактор, бірі – ұлттық дәстүр


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет