С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет72/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
 
1. 
Автор дүниетанымының көркемдік әдіс таңдаудағы орны 
қандай?
2. 
Әдеби бағыт пен көркемдік әдістің айырмашылығы бар ма? 
3. 
Классицизмнің негізгі қағидаларын атаңыз.
4. 
Романтизм мен реализмнің негізгі ұстанымдары қандай?
5. 
Романтизмді әдіс ретінде қарастырған дұрыс па, әлде ол әдеби 
бағыт па? 
6. 
Қазақ әдебиетінде модернистік шығармалар бар ма? Жауабы-
ңызды негіздеңіз. 
7. 
«Социалистік реализмге жаңаша көзқарас» тақырыбында өз-
дік жұмыс жазу. 
1
Майтанов Б. Қазіргі қазақ прозасындағы модернистік және постмодернистік 
ағымдар // Қазақ әдебиеті, 29.10.2004. 


197 
12. 
ӘДЕБИ ПРОЦЕСС 
 
12.1. 
Әдеби процесс 
Әдеби процесс (үдеріс) – әр ұлт әдебиетінің әр түрлі дә-
уірлерде түрліше қалыпта даму үрдісі, сонымен қатар әлемнің 
күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің 
тарихи дамуы, жанды қозғалысы. Термин 1920 жылдардың 
соңында мәдени контекст аясында көркемдік тұтастық ретінде 
танылған әдебиеттің тарихи болмысын, эволюциясын сипаттау 
мақсатында пайда болды. Бұл ұғым 1960 жылдардан бастап 
ұдайы қолданыста жүр. Тарихи-теориялық талдау әдеби процесс 
эволюциясының сызық бойымен, бірқалыпты дамымай, тұрақты 
және өтпелі кезеңдердің диалектикалық тұрғыда ауысып отыр-
ғанын көрсетеді.
Әдеби процесс терминімен белгілі бір ел мен дәуірдің 
әдеби өмірін, сонымен қатар одан да ауқымды, бүкіл әлемдік 
деңгейдегі көп ғасырлық әдебиеттің даму тарихын белгілейді. 
Әдеби үдеріс әрбір тарихи кезеңде әлеуметтік, идеологиялық 
және эстетикалық тұрғыдан жазылған әр алуан сапалы кесек 
образдар мен қарапайым бейнелер кескінделген қарадүрсін 
шығармалардан көпшілікке арналған әдебиеттерге дейін өз 
бойына жинап, үздіксіз сіңіріп отырады. Әрбір әдеби шығарма – 
өзі жазылған тарихи дәуірдегі қоғамдық шындықтың айнасы. 
Өмірдің даму заңдылығы көркемөнерге де тән. Әдеби процесс - 
әр халық, ұлт әдебиетінің даму үрдісінің белгілі дәуірлердің әр 
кезеңінде әр түрлі жағдайда, алуан қалыпта болып отыруы.
Әдеби үдеріске тән ерекшеліктің бірі – дәстүр жалғастығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет