205
хилық. Оны әдіс ретінде таныды.
Көркем шығарманы халық
өмірінің түрлі тарихи кезеңдердегі «рухының» көрінісі деп қа-
былдады. Екінші белгісі - әдеби шығармаларды генетикалық тұр-
ғыда зерттеу.
Ол жеке шығармаларды әдеби талдау арқылы емес, мә-
дениетті қалыптастырған үш заңның: «нәсілдің» (ұлттық табиғи
«темперамент»), «ортаның» (табиғат,
ауа-райы, әлеуметтік
жағдай), «кезеңнің» (мәдени деңгей мен салт-дәстүр) қатаң әсері
негізінде тұтастай
әдеби туындыларды талдаудан, қорытудан
тұрды. И.Тэн «Ағылшын әдебиетінің тарихы»
еңбегінде ғылым
салаларының бірлігі туралы тезисті басшылыққа ала отырып,
қоғамдық құбылыстарды түсіндіруде
жаратылыстану ғылымы-
ның әдістерін қолданды, көркем шығарма мен биологиялық ор-
ганизм арасында аналогия орнатты. ХХ ғасырда мәдени-тарихи
мектеп
ыдырай бастады, алайда оның методологиялық ұстаным-
дары көптеген ғалымдарға әсер етті.
ХІХ ғ. соңында
тарихи-салыстырмалы әдіс
бекіді. Ол көр-
кемдiк дүниенiң қозғалысы мен дамуын зерттейтiн методология-
лық әдiс болды. Қазіргі кезде осы әдіске негізделген компарати-
вистика жаңаша түлеу, даму сатысында. Бұл әдісті тарихи-са-
лыстырмалы
мектептің, компоративизмнің өкілдері ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: