С. Б. Жәутікова, Е. К. Умирбаева, Г. Н. Иманбаева «патологиялық физиология – 2» ПӘні бойынша ситуациялық есептер жинағЫ



бет3/10
Дата16.06.2016
өлшемі2.27 Mb.
#139893
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Есеп № 29

10 жасар В. деген науқас жалпы әлсіздікке, бас ауруына, тәбетінің төмендеуіне, шөлдеуге шағымданған. Анамнезінен жиі баспамен ауырғаны анықталған.

Клиникалық-лабораториялық тексеріс кезінде физикалық дамуының артта қалуы, терісінің бозаруы, құрғауы, қабыршақтануы байқалған. АҚ – сынап бағанасы бойынша 130/90 мм. Қан анализінен анемия анықталған. Қандағы мочевина – 8,9 ммоль/л. Зәрдің тәуліктік мөлшері – 2600 мл. Күндізгі диурездің түнгі диурезге қатынасы 1:3. Зәр бөлу жиілігі - тәулігіне 6-8 рет, түнгі зәр бөлу өскен. Зәрі - сарғыш түсті, мөлдір, қышқылды реакция, салыстырмалы тығыздығы 1,009-1,017, белок - 0,2 г/л. Тұнбада: көру аймағында аздаған мөлшерде эпителий, лейкоциттер - 0-2, эритроцит-тер, гиалинді цилиндрлер – бірен-саран. Инулин бойынша шумақтық филь-трацияның жылдамдығы – 50 мл/мин.


  1. Науқаста бүйрек жеткіліксіздігінің белгілері бар ма?

  2. Науқаста никтурия бар ма?

  3. Полакиурияны дәлелдейтін мәліметтер бар ма?


Есеп № 30

Созылмалы гломерулонефритпен ауыратын науқастың қанын тексергенде анықталды: эритроциттер – 2,4х1012/л, гемоглобин - 68 г/л, түстік көрсеткіш - 0,85, лейкоциттер - 5,6х109/л. Лейкоцитарлық формула бойынша айқын ығысу жоқ. Жұғындыда: нормохромия, анизоцитоз, пойкилоцитоз.

Бүйрек қызметінің бұзылысы мен гемопоэз жағдайының арасында байланыс бар ма?
Нерв жүйесі
Есеп № 1

Қоянның кіші жіліншік нервісін кесіп тастағанан кейін 70-80 сағат өткенде ол нервтің қозғыштығы мен өткізгіштігі толықтай жойылады.

1. Егер дегенерацияланған нервті тетаниялық тітіркендірсе, оның қасиеттерінің толықтай жойылу уақытын өзгертуге болады ма және қалай өзгертуге болады?

2. Мұндай дегенерация қалай деп аталады? Ол нервтің қандай бөлімінде, проксималдық, әлде дисталдық бөлімдерінде дамиды?


Есеп № 2

Қоянның шонданай нервісін кесіп тастаған бойда, нерв соңдарын тігіп қойған.

Тігілген шонданай нервтің проксималдық бөлімін тітіркендірген кезде, жауап ретінде жіліншік бұлшық еттерінің жиырылуын туындатады ма?

Есеп № 3

Эксперимент жүзінде мысықтарда, сіреспелік токсиннің аз ғана мөлшерін тікелей шеткері нервтік өткізгішке енгізу арқылы, сіреспелік интоксикацияны алған. Бірақ сіреспелік интоксикация дамуы үшін, шеткері синапстық құрылымдардың зақымдануы емес, токсиннің орталықтық нерв жүйесіне, әсіресе жұлынға енуі және онда тежегіш үрдістердің дамуын қамтамасыз ететін нейрондардың зақымдануы қажет.

Сіреспелік интоксикацияны алу үшін жасалған бұл әдісте сіреспе токсині шеткері бөлімдерден жұлынға қалай енгенің түсіндіріңіздер.
Есеп № 4

Мысыққа жалпы жеңіл эфирлік наркоз арқылы бесінші кеуде сегменті тұсында жұлынды кесу тәжірибесі жүргізілген. Жұлынды кесуге жауап ре-тінде жұлындық шок жағдайы туындаған: артериялық қысымы, температу-расы төмендеп кеткен, соматикалық рефлекстері жойылған, шонданай нервісін тітіркендірген кезде аяғын жұлып алу рефлесктері байқалмаған.

5-6 сағат өткен соң, жануардың біртіндеп шок жағдайынан шығуы кезінде, жұлынды кесуді екінші рет екі жағдайда жүргізсе:

а) бірінші кескен тұстан бірнеше сегмент төмен деңгейде;

б) бірінші кескен тұстан бірнеше сегмент жоғары деңгейде.

Қай жағдайда шоктың қайталап дамуы байқалады?


Есеп № 5

Тәжірибеде иттің сол жақ артқы аяғының санының орта тұсынан шонданай нервісін кескен. Операциядан кейін 10 күн өткенде жарақаты толықтай бітіп кеткен. Сол жақ аяғының ұршық буын, тізе буындары бүгілген, бұлшық ет тонуысы төмендеген. Сол жақтан Ахиллов рефлексі шақырылмайды, ине шаншуға реакциясы жоқ.



  1. Итте қандай паралич дамыған?

  2. Нервті кесіп тастағаннан кейін аяқтың қозғалғыш қызметтері қайта қалпына келуі мүмкін бе?


Есеп № 6

Тәжірибелік егеуқұйрықтарда балтыр бұлшық етіне кураре уын енгізу арқылы аяғының параличін туындатқан. Осыған қарамастан, аяқтарында нерв талшықтары арқылы импульстардың өткізу және аяқ бұлшық еттерінің тікелей тітіркендіргіштерге жауап беру қабілеттері сақталған.

1. Бұл жағдайдағы параличтің даму механизмі қандай?

2. Бұл кезде қандай паралич дамыған?


Есеп № 7

Тәжірибеде иттің ІІ – ІІІ кеуде сегменттері деңгейінде жұлынның оң жақтағы бір жақ жартысын кескен.

1. Аяқтарының параличі қай жағында дамуы мүмкін?

2. Бұл жағдайда сезімталдықтың қандай бұзылыстары дамыған?


Есеп № 8

Тәжірибелік жануардың жұлынының ақ затын L1 деңгейінде оң жақ артқы бауы аймағында кескен.



  1. Тәжірибелік жануардың сезімталдығы қалай бұзылады және сезмталдықтың бұзылуының мұндай түрі қалай деп аталады?

  2. Сезімталдықтың бұзылуының бұл түрі қозғалғыштық қызметінің бұзылуының қандай түріне әкеледі?


Есеп № 9

Тәжірибелік жануарда бас миы қыртысын оң жақтағы артқы орталық қатпары аймағында бұзған.



  1. Тәжірибелік жануардың сезімталдығы қалай бұзылады?

  2. Бұл жағдайда сезімталдықтың бұзылуының қандай түрі дамиды?


Есеп № 10

Егер тәжірибеде жануардың chorda tympani кесіп тастаса, онда кескен соң 6-7 күн өткенде айқын гиперсаливация дамиды.

Сілекей бездерін денервациялағаннан кейінгі гиперсаливацияның дамуы немен түсіндіріледі?
Есеп № 11

32 жасар Т. деген науқас оң жақ қолының әлсіздігіне, қимыл-қозғалысының қиындауына шағымданады. Қолының әлсіздігін 6 жыл бұрын хат жазу кезінде байқаған.

Неврологиялық статусынан: оң жақ қолының белсенді қозғалыстары шектелгені, иығы мен қолының бұлшық еттерінің жеңіл атрофиясы байқалған. Қолының күші төмендеген, бұлшық ет тонусы жоғарлаған. Оң жақ қолының сіңірлік және сүйекқаптық рефлекстері жоғары, аумақтары кеңейген. Сезімталдығы бұзылмаған.


  1. Науқаста қозғалғыштық белсенділігі бұзылыстарының қандай түрі дамыған?

  2. Бұл жағдайдағы патологиялық үрдіс қай жерде дамыған және қозғалғыштық қызметінің бұзылу механизмі қандай?

  3. Оң жақ қол бұлшық еттерінің атрофиясының дамуы неге негізделген?



Есеп № 12

5 жасар Саша деген бала бальнеологиялық емдеуге жатқызылған. Бір жыл бұрын полиомиелиттің жұлындық түрімен ауырған.

Неврологиялық статусынан анықталғаны: оң жақ аяғының ерікті қозғалыстары толықтай жойылған. Бала тек біреудің көмегімен ғана тұрады, мүлдем жүре алмайды. Оң жақ бөксесі, саны, жіліншігі атрофияланған. Оң жақ аяғы бұлшық еттерінің тонусы төмендеген. Сіңірлік-сүйекқаптық рефлекстері шақырылмайды.


  1. Балада қозғалғыштық қызметі бұзылыстарының қандай түрі дамыған?

  2. Бұл жағдайдағы қозғалғыштық қызметі бұзылысының даму механизмі қандай?


Есеп № 13

37 жасар А. деген науқас нервтік аурулар ауруханасына қайталап ем алу үшін жатқызылған. 22 жасында алғаш рет аяқтарында, әсіресе табанында әлсіздік байқалып, жүрген кезде салбырап, сүйретілетін болған. Содан бері аяқтарының әлсіздігі өрши түскен, балтыр бұлшық еттерінде ауырсыну байқалып, аяғын қозғалтуға қиындық туындатқан. Бірнеше қайталап ем қабылдаған. 2 жылға дейін созылған ремиссиялар байқалған.

Ауруханаға түскен кезде аяқтарында белсенді қозғалыстар мүлдем жойылған. Бұлшық ет тонусы жоғарлаған. Сіңірлік-сүйекқаптық рефлекстері жоғары, рефлексогендік аймақтары кеңейген. Екі жағынан да Бабинский және Россолимо тәрізді патологиялық рефлекстер туындайды.


  1. Науқаста қандай паралич дамыған?

  2. Науқастың қозғалғыштық қызметінің бұзылуына қандай және қай жерде дамыған патологиялық үрдіс негіз болып отыр?


Есеп № 14

22 жасар Л. деген науқас омыртқа бағанасы мен жұлын жарақатын алған соң екі жылдан кейін ауруханаға түскен. Соңғы кездері аяқ бұлшық еттерінің жиырылып түйіліп ауырсынулары мазалайды.

Неврологиялық статусынан анықталғаны: Х кеуде сегментінен анестезия, аяқтарының спазмдық параплегиясы. Аяқтары тізе және ұршық буындарында бүгілген жағдайда. Аяғын енжар жазып-бүгудің өзі қиындық туындатады. Бұлшық еттердің шамалы гипотрофиясы байқалады. Екі жағынан да Бабинский симптомы анықталады.


  1. Науқаста қандай паралич дамыған және оның даму механизмі қандай?

  2. Бұл жағдайдағы бұлшық еттердің спазмдық түйілуінің механизмі қандай?


Есеп № 15

40 жасар Л. деген науқас нервтік аурулар ауруханасына оң жақ аяғының ауырсынуына және әлсіздігіне шағымданып түскен. Бір жыл бұрын оң жақ санын соғып алған, содан бастап бел аймағында және оң жақ аяғында ауырсынулар пайда болған.

Неврологиялық статусынан анықталғаны: науқаста айқын ауырсыну синдромына байланысты оң жақ аяғының барлық буындарының белсенді қозғалыстары шектелген. Оң жақ аяғы жіліншігіндегі бұлшық еттер көлемі сол жақ аяғына қарағанда 1,5 см азайған. Ахиллов рефлексі оң жағынан мүлдем байқалмайды. Оң жақ аяғының сырт жағынан гипестезия байқалады және сол аймақтар 15ºС дейінгі температуралық әсерлердің айырмашылық-тарын сезбейді. Оң жақ аяқ бармақтарында бұлшық еттік-буындық сезімдердің бұзылуы түрінде терең сезімталдықтың бұзылыстары, сонымен қатар, оң жақ аяқта пульсацияның төмендеуі және терінің цианозы түрінде вегетативтік-тамырлық бұзылстар байқалады.


  1. Науқаста қозғалғыштық қызметтердің бұзылуының қай түрі дамыған?

  2. Науқастағы қозғалғыштық қызметтері мен сезміталдығының бұзылулары нерв жүйесінің қандай бөлімінің бұзылуына негізделген?

  3. Науқаста сезміталдық бұзылыстары қай түрі бойынша дамыған?


Есеп № 16

36 жасар Д. деген науқасқа жұлынның экстрамедуллярлық ісіктік өсуі деген диагноз қойылған. Дамыған ісіктік өсу сол жағының Th8 деңгейінде латералдық жұлын-таламустық жолмен толықтай зақымдануына әкелген.

1. Науқаста сезімталдықтың қандай түрінің бұзылуы дамыған?

2. Науқаста сезіматлдықтың бұзылуы қандай түрі бойынша дамыған?

3. Науқастағы сезімталдықтың бұзылуы қай жағында дамыған және оның таралуы қандай?
Есеп № 17

59 жасар Д. деген науқас неврологиялық бөлімге милық қанайналымы-ның бұзылуы бойынша түскен. Басының сол жақ жартысында шу болатыны-на, бас айналуына, жиі қысқа уақытқа естен таңатынына, оң жақ қолының ұюына шағымданады.

Объективті тексерген кезде анықталғаны: оң жақ қолында барлық сезімталдықтың жойылуы. Қолына ине сұқыласа да, жанасуларды да, әртүрлі температурамен теріні тітіркендірсе де сезбейді. Оң қолының қозғалғыштық қызметтері бұзылмаған.

1. Науқастағы сезімталдықтың бұзылу механизмі қандай?

2. Бұл жағдайда сезімталдықтың бұзылуының қандай түрі дамыған?
Есеп № 18

37 жасар К. деген науқас неврологиялық бөлімге омыртқа бағанасын-дағы әрдайым болатын сыздап ауырсынуға, аяқтарының әлсіздігіне шағым-данып келген.

Объективті тексерген кезде анықталғаны: астениктік, толықта емес, азғында емес, қалыпты дене бітімді. Науқастың жүрісі нақты емес, аяғын бекем баспайды. Ромберг симптомы оң нәтижелі. Аяқ бармақтары мен тобық буындарында бұлшық еттік-буындық сезімдер жойылған. Бірақ бұл аймақтарда ауырсынулық, температуралық, жанасулық семзімдері сақталған.

1. Науқаста сезімталдықтың бұзылуының қандай түрі дамыған?

2. Сезімталдықтың бұзылуының мұндай түрі өткізгіш жолдардың қандай бөлімдерінің зақымдануы кезінде байқалады?
Есеп № 19

23 жасар К. деген науқас диагнозын нақтылау үшін неврологиялық бөлімге жатқызылған.

Науқас төсекте қимылсыз отырады, денесі аздап иілген, басы алға енкей-ген, қолдары кеуде тұсына бүгілген, әрдайым қолының саусақтарын жыбыр-латып отырады. Төсектен тұрып, «бөлмеде ары-бері жүріңіз» деген өтініш жасағанда, төсектен қиналып тұрады. Баяу қимылдап, жиі әлсіз адымдар жасайды, жүрген кезде қолымен сәйкес қимылдар жасамайды. Бүр нүктеге тесіліп қарайды. Науқас жылжып бара жатқан манекенге ұқсайды. Бұлшық еттерінің тонусы барлық бұлшық ет топтарында біркелкі жоғарла-ған. Аяғы бір қалыпта қақиып тұрып қалуы байқалады.

Бұл жағдай экстрапирамидалық жүйенің қандай патологиясына тән?


Есеп № 20

16 жасар Н. деген науқас тексерілу үшін дәрігерлік-еңбектік сараптау комиссиясына жіберілген.

Ешқандай қимыл-қозғалыссыз тұра алмайды. Басы бір жағына, иығына қарай еңкейген, әрдайым басын артқа қарай шалқайтады, иығын көтереді. Бет-әлпеті әрдайым өзгеріп отырады. Жүрген кезде аяғымен, басымен, денесімен артық қимылдар жасайды, аздап секеңдеп, қолын сербеңдетіп, екі жағына кезек-кезек қисалаңдап жүреді. Бұлшық еттер тонусы төмен. Аяғын бір қалыпта ұзақ ұстап тұра алмайды.

Бұл жағдай экстрапирамидалық жүйенің қандай патологиясына тән?


Есеп № 21

28 жастағы әйел адам ауруханаға бұлшық еттерінің әлсіздігіне, тез шаршайтынына және көзінің қарауытуына шағымданып келген. Бір апта бұрын суықтап, жедел респираторлық аурумен ауырған. Неврологиялық зерттеу кезінде анықталғаны: сол жақ көзінің птозы, көз алмасының «төменге-жоғарыға» қозғалуы шектелген, жұдырығын ырғақты жұмып-ашқан кезде бұлшық еттерінің тез шаршайтындығы байқалған және ол бұлшық еттердің жұмыс істеу қабілеттері тек ұзақ тыңыққаннан кейін ғана қайта қалпына келген. Айырша безінің биопсиясынан бездің фолликулярлық гиперплазиясы анықталған. Қаңқа бұлшық еттерінің биопсиясынан ошақты қабынулық белгілермен бұлшық ет талшықтарының некроздық өзгерістері, жекеленген бұлшық ет талшықтарының атрофиясы анықталған. Электрондық микроскопия жасағанда синапстық саңылаулардың кеңеюі, постсинапстық мембрананың дистрофиялық өзгерістері айқындалған. Қан сарысуында ацетилхолин рецепторларына қарсы антиденелер табылған.



  1. Жүйке жүйесінің қандай ауруы деп ойлайсыз?

  2. Бұл аурудың патогенезін түсіндіріңіз.

  3. Симптомдардың механизі қандай?

  4. Патогендік терапия принциптерін түсіндіріңіз.


Есеп № 22

65 жасар әйел адам есте сақтау қабілетінің өршімелі бұзылыстарымен ауруханаға түскен. Соңғы үш ай ішінде науқас қалыпты тіршілік ету үшін біреудің көмегіне сүйенетін болған және кіші дәретін ұстай алмайтын жағдайға жеткен.

Неврологиялық тексеру кезінде айқын уақыттық және кеңістіктік дезориентация, афазия (сөйлеу қабілетінің ауыр бұзылысы), апраксия (нақты бір қимыл-қозғалыс жасай алмауы), патологиялық жармасу рефлексі, қолы мен аяғында сіңірлік рефлекстердің жоғарлауы байқалған. Компьютерлік томография жасағанда бас миы қарыншаларының кеңеюі және қыртысының диффуздық атрофиясы анықталған. Ауруханаға түскеннен соң 5 ай өткенде науқас өледі. Бас миы қыртысы мен гиппокамптың кесінділерін гистология-лық зерттеген кезде амилоидтардың жасуша сыртылық көптеген жинақталу ошақтары, жасуша ішілік нейтрофибрилдік шумақтар анықталған.


  1. Жоғарыда келтірілген симптомдармен сипатталатын нерв жүйесінің ауруын атаңыз.

  2. Бұл аурудың патогенезін түсіндіріңіз.

  3. Симптомдардың механизмін түсіндіріңіз.

  4. Патогендік терапия принциптерін атаңыз.


Есеп № 23

42 жасар науқас оң жақ қолының өршімелі әлсіздігіне шағымданып ауруханаға түскен. Соңғы 5 жыл ішінде оң жақ қолында ауырсыну сезімінсіз жарақаттанған аймақтар, іріңдеген жарықтар пайда бола бастаған. Кейінгі жарты жылда қою тағамдарды жұту қиындаған және дауысының мұрындық тембрі пайда болған.

Дәрігер-невролог тексерген кезде анықталғаны: қабағының түсуінен оң жақ көз саңылауының тарылуы; бетінің оң жағының ауырсыну сезімталды-ғының төмендеуі; жұмысақ таңдайдың салбырауы; жұту рефлексінің жойы-луы, дауыс байламдарының оң жақты парезі; оң жақ қолы саусақтарының сүйек аралық бұлшық еттерінің атрофиялық өзгерістері; оң жақ қолында сүйектік рефлекстердің болмауы; оң жағында ауырсыну және температура-лық сезімталдықтың жойылуы; аяқтарында сіңірлік рефлекстердің сақталуы.


  1. Науқастағы дамыған симптомдарға қарап қандай қорытынды жасауға болады?

  2. Симптомдардың механизмін түсіндіріңіз.

  3. Науқаста сезімталдықтың, қозғалғыштықтың бұзылуына әкелген патологиялық үрдістер нерв жүйесінің құрылымдық-қызметтік жүйелерінің қай деңгейінде дамуы мүмкін?

  4. Аурудың динамикасы мен нерв жүйесі қызметтерінің бұзылу ерекшеліктерін ескере отырып, осы бұзылыстарды туындатып тұрған себептер мен патологиялық үрдістер туралы не айта аласыз?


ЭНДОКРИНДІК жүйе
Есеп № 1

Иттің ұйқы безін алып тастағаннан кейін қантты диабет ауруы дамиды.

Егре иттің ұйқы безін алмай, бірақ оның шығатын түтігін байлап, кесіп тастаса қантты диабет ауруы дамиды ма?
Есеп № 2

Эксперимент жүзінде қантты диабет үлгілерін ұйқы безін экстирпациялау (сылып алып тастау) жолымен, жануарларға аллоксан, соматотроптық гормон, глюкагон енгізу арқылы алуыға болады.

1. Осы келтірілген жағдайлардың қайсысында шыңай, ал қайсысында салыстырмалы инсулин жеткіліксіздігі дамиды?

2. Қантты диабеттің эксперименттік үлгісін алу үшін басқа қандай гормондарды қолдануға болады?


Есеп № 3

Біріншісі тәулік бойына аш болған, ал екіншісі артық тамақтандырылған екі егеуқұйрықтың қанындағы инсулин деңгейін анықтаған.

Қай егеуқұйрықтың қанында инсулин деңгейі жоғары болады? Неге?

Есеп № 4

Тәжірибелік иттің ұйқы безінің үлкен көлемін алып тастағаннан кейін 3 күн өткенде глюкозуриямен қосарланған, тұрақты гипергликемия дамыған. Панкреаэктомия жасаған соң 2 апта өткенде осы итте қалқанша безінің оң жақ жартысы алынған.

Эксперименталдық диабеттің ағымына қалқанша безі бөлігінің алынып тасталуы қандай ықпал тигізеді?
Есеп № 5

Тәжірибе жүзінде эндокриндік дерт үлгісі алынған жануардың зат алмасуын зерттеген кезде глюкоза-6-фосфаттың тапшылығы, глюкоза-6-фос-фатаза белсенділігінің жоғарлауы, глюконеогенездің күшеюі, гипергликемия, қанда бос май қышқылдары, β-липопротеидтер, фосфолипидтер және үшглицеридтер мөлшерлерінің жоғарлауы анықталған.



  1. Анықталған зат алмасу өзгерістері қандай гормонның жеткіліксіздігімен түсіндіріледі?

  2. Бұл патология кезінде неге глюкоза-6-фосфаттың тапшылығы дамиды және оның салдарлары қандай?


Есеп № 6

Жас да және қарты да бар бір топ егеуқұйрықтардың қалқанша бездерін алып тастаған.

Қай егеуқұйрықтарға тиреоидэктомия ауыр салдарлар туындатады?
Есеп № 7

Тәжірибелік итті туыла салып йоды жоқ сумен қоректендірген. Бір жарым жыл өткен соң ол иттің қалқанша безінің салмағы 100 г жеткен, ал бақылауға алынған және қарапайым сумен қоректендірілген сау иттің қалқанша безінің салмағы 1 г ғана болған.



  1. Тәжірибеде байқалған қалқанша безінің салмағының артуын немен түсіндіруге болады?

  2. Организмде йодтың жеткіліксіздігіне негізделген, қалқанша безінің ұлғаюымен жүретін патология қалай аталады?


Есеп № 8

Тәжірибелік егеуқұйрықтарға тиоурацилдің антитиреоидтық дәрілерін ұзақ енгізу қалқанша безі көлемінің өсуіне және оның органикалық емес йодты сіңіру қабілетінің жоғарлауына әкеледі.

Егер тиоурацилді гипофизэктомия жасалған егеуқұйрықтарға енгізсе осындай нәтиже байқалады ма? Неге, түсіндіріңіз.
Есеп № 9

Электрофизиологиялық зерттеулерде ұйқы артериясындағы осмостық ығысулар кезінде алдынғы гипоталамус аймағында биотоқтарды тіркеген. Хлорлы натрийді енгізгеннен кейін жауап ретінде гипоталамус нейрондарының биоэлектрлік белсенділігінің күшейгендігі тіркелген.

Хлорлы натрийдің қандай ертіндісі, гипертониялық немесе гипотониялық, артерияға енгізілген?
Есеп № 10

Тәжірибе жүзінде иттің қалқанша маңы бездерін алып тастаған.



  1. Тәжірибелік иттің қанында кальций деңгейі қалай өзгереді?

  2. Қандағы кальций деңгейінің мұндай өзгеруіне байланысты дамитын патологиялық жағдай қалай аталады?


Есеп № 11

Эндокриндік дерті бар тәжірибелік иттің зат алмасуын тексергенде анықталғаны: тыныштық жағдайында оттегі пайдалануының азаюы, глюкозаға төзімділігінің төмендеуі, қан сарысуында май қышқылдары, фосфолипидтер және холестерин мөлшерінің артуы, теріс азоттық баланс.

Мұндай зат алмасу өзгерістері қандай гормондардың артықтығынан немесе жеткіліксіздігінен туындайды?
Есеп № 12

Иттің бүйрек үсті безінің екеуі де алынып тасталған. Адреналэктомиядан кейін бір тәулік өткенде итте патологиялық өзгерістер дамыған (солғындық, бұлшық еттік әлсіздік, анорексия, құсу, анурия). Операциядан кейінгі үшінші тәулікте жануардың өлімі дамыған.

Ит неге өлімге ұшырады? Бүйрек үсті безінің қыртыстық, әлде милық затының гормондарының жеткіліксіздігіне байланысты ма?
Есеп № 13

Аурухананың қабылдау бөліміне ес-түссіз науқасты алып келген. Науқаста терең, шулы тыныс, терісі мен кілегей қабаттарының құрғауы байқалған. Тыныс шығарғанда ацетон иісі шығады. Қандағы қант – 25 ммоль/л, кетондық денелер – 0,57 ммоль/л.



  1. Мұндай жағдай қалай деп аталады?

  2. Осындай жағдайлар қандай гормонның жеткіліксіздігі кезінде дамиды?

  3. Науқаста кетондық денелердің тым артық өндірілуінің механизмі және клиникалық көріністердің патогенезіндегі маңызы қандай?


Есеп № 14

Шизофрениямен ауыратын А. деген науқаста инсулиндік шокпен ем алғаннан кейін қантты диабет ауруы дамыған. Қосымша тексеру кезінде, науқастың қан сарысуын тәжірибелік жануарға бір уақытта инсулинмен бірге енгізген кезде, инсулиннің гипогликемиялық әсері жойылатыны анықталған.

Науқаста инсулиндік шокпен емделгеннен кейін қантты диабеттің дамуын қалай түсіндіруге болады?
Есеп № 15

48 жасар А. деген науқас 7 жылға жуық акромегалиямен аурады. Соңғы кездері ауызының құрғауы, шөлдеу, полиурия байқалған, соған байланысты дәрігерге келген. Тексеру кезінде науқаста гипергликемия, глюкозурия анықталған.

Бұл жағдайда мұндай симптомдардың дамуы неге негізделген?
Есеп № 16

Қалқанша безінің дерті дамыған науқасты радиоиммундық анализ әдісімен тексеру кезінде қан сарысуында тироксин (Т4), үшйодтиронин (Т3) және тиреотроптық гормондар (ТТГ) анықталған. Қан сарысуындағы Т4 және Т3 мөлшері төмендеген, ал ТТГ базальдық деңгейі жоғарлаған.

Бұл алынған мәліметтер қалқанша безінің гипер- немесе гипофункциясын айқындайды ма?
Есеп № 17

9 жасар витя деген баланың қалқанша безінің көлемі өскен. Тексеру кезінде қанында тироксин және үшйодтиронин деңгейінің төмендегені, ал тиреотроптық гормондардың жоғарлағаны анықталған. Радиобелсенді йод сынамасынан изотоптардың күшті және жылдам сіңірілуі айқындалған.



  1. Бұл жағдайдағы тиреоидтық гормондар синтезінің төмендеу механизмі қандай?

  2. Баланың қалқанша безі көлемінің өсу механизмі қандай?


Есеп № 18

Гипотиреоз жағдайы дамыған науқасты тексерген кезде қанында тиреотроптық және тиреоидтық гормондардың мөлшерінің төмендеуі анықталған. Тиреолиберинді енгізген кезде жауап ретінде тиреотроптық гормондардың деңгейі өзгермеген.

Алынған нәтижелер негізінде науқастағы тиреоидтық гормондардың секрециясы деңгейінің өзгеру себептерін және патологиялық үрдістің дамыған жерін анықтаңыз.
Есеп № 19

Эндемиялық зобпен және орташа дәрежедегі тиреотоксикозбен ауыратын екі науқасқа йод препараттары тағайындалған.

Дәрігердің тағайындауы дұрыс па? Патофизиология тұрғысынан түсіндіріңіз.
Есеп № 20

16 жасар А. деген науқас дәрігерге қалқанша безінің ұлғаюына шағымданып келген. Басқа шағымдары жоқ. Қалқанша безінің аздап ұлғайғаның 4 жыл бұрын байқаған. Тексеру кезінде эндемиялық зоб диагнозы қойылған.



  1. Зоб дегеніміз не?

  2. Зобтың дамуына ықпал ететін негізгі механизмдерді атаңыз. Бұл жағдайда олардың қайсысы маңызды?


Есеп № 21

32 жасар А. деген науқас үнемі шөлдеуге, бас ауырсынуына, әлсіздікке, көп зәр бөлетініне шағымданады. Үш ай бұрын бас-ми жарақатын алған. Басқа ешқандай аурумен ауырмаған.

Объективтік тексеру кезінде анықталғаны: дұрыс дене бітімі, тамақтануы дұрыс. Терісі құрғақ. Ішкі мүшелер жағынан патологиялық өзгерістер байқалмайды. Пульс – минутына 78. АҚ – 130/80 мм с.б. Диурез тәулігіне 10 литрге дейін. Зәр анализі ешқандай патологиялық құрылымдық бөліктер анықтаған жоқ. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,005-1,012.


  1. Мұндай құбылыстар қандай эндокриндік аурулар кезінде анықталады?

  2. Бұл жағдайдағы су-тұз алмасуының бұзылу механизмін түсіндіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет