44
Пигменттердің сіңіру спектрі спектроскоп арқылы анықталады.
Оған бір мезгілде екі жарық ағыны түседі. Біреуі тікелей жарық
көзінен келіп, пигмент құйылған пробирка арқылы өтеді, одан соң
призма арқылы екінші ағын бөліктеріне бөлініп айнамен қапталған
саңылауға шағылысады да, екінші призманың қырына түседі.
Нəтижесінде бірінің үстіне бірі орналасқан екі қатар спектр пайда
болады. Тəжірибелік спектрдегі қара жолақтар деңгейіне қарап,
зерттелген пигменттердің сəулелерін анықтауға болады.
Əдістеме. Спектроскоп жарық көзіне бағытталады. Спек-
троскоп құбырының шетіндегі саңылау
кеңдігін реттеу арқылы
спектрдің анық-дəлдігі анықталады. Пробиркаға хлорофилдің
спирттік ерітіндісі құйылып, оны спектроскоп саңылауына тақап
қара жолақтар орны анықталады, бұл хлорофилдің сіңірген сəу-
лелерімен сəйкес келеді. Зерттеуге хлорофилдің спирттегі (1:1,
1:3, 1:5, 1:15) ерітінділері қолданылады.
Сондай-ақ бензиндегі
каротин жəне спирттегі ксантофил ерітінділері зерттеледі. Зерттеу
нəтижесінде алынған мəліметтерді кестелерге (13, 14) енгізіп,
тиісті қорытындылар жасалады.
13-кесте
Достарыңызбен бөлісу: