С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты



Pdf көрінісі
бет38/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80
ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТЫНЫС АЛУЫ 
 
 
 
Тыныс алу деп оттегінің қатысуымен (тотығу) органикалық 
заттардың ыдырап, химиялық ырықты метаболиттердің түзілуі 
жəне энергияның босап шығуын айтады. 
 
С
6
Н
12
О

+ 6О
2
6СО

+ 6Н
2
О +2721,8 кДж 
Тыныс алу – көптеген ферменттердің қатысуымен, белгілі 
реттілікпен жүретін күрделі процесс. Органикалық заттардың 
тотығуы нəтижесінде бөлінген заттар макроэнергиялық фос-
фаттық байланыстар АТФ түзіп, өсімдіктердің əртүрлі маңызды 
тіршілік процестеріне (биосинтез, заттардың ырықты сіңірілуі 
мен тасымалдануы, клетка құрылымын ұстап тұру, т.б.) жұмса-
лады. АТФ оттегіні пайдалану нəтижесінде түзіледі. Анаэробты 
жағдайда немесе түрлі химиялық заттардың тыныс алуды теже-
генде реакция жүрмейді. Фосфорлану мен АТФ-тың түзілуі орга-
никалық заттардың тотығуы арқылы жүретіндіктен, бұл процесті 
тотыға фосфорлану деп атайды. Бұл процесс негізінен мито-
хондрияларда өтеді, дегидрогеназалардың қатысуымен тыныс алу 
субстратынан бөліп алынған сутегінің цитохром жүйесі арқылы 
суға дейін тотығады. Тыныс алу тізбегінде фосфорланудың үш 
реакциясы өтеді. Сутегі мен электрондардың көп сатылы тасы-
малдануы энегияның аз мөлшерде босап шығуына ықпал етеді
бұл клетканың энергияны тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді. 
Тотыға фосфорлану – тұрақсыз процесс. Клетка ішіндегі құрылым-
дардың зақымдануынан АТФ-тың түзілуі күрт тоқталады. Бұл 
тотыға фосфорлану процесі клетканың зақымданбаған мито-
хондрияларында ғана жүретіндігімен түсіндіріледі. Митохондрия-
лар – клеткадағы энергияның шоғырланатын негізгі орталықтары, 
олардың құрылыстарының зақымдануынан энергияның жинақ-
талуы күрт тоқталады.
Клеткада басқа да оксидазалық жүйелермен байланысты (по-
лифенолоксидаза, аскорбатоксидаза) тотығудың жанама жолдары 
болады. Мəселен, кейбір зат алмасу өнімдерінің (полифенолдар 


56 
мен олардың туындылары) шектен тыс тотығуынан жүзеге асады, 
олар метаболизмнің ингибиторлары болып табылады.
Тыныс алу кезінде тотықсызданған коферменттердің жартысы 
(НАД · Н жəне, əсіресе НАДФ · Н) тотықсыздану процестеріне 
(нитраттардың аммиакқа дейін тотығуы кетоқышқылдардың 
тотыға аминденуі, т.б.) пайдаланылады. Қанттардың біртіндеп 
ыдырауы амин қышқылдардың, белоктардың, майлардың, көмірсу-
лардың, т.б. заттардың синтезіне қажетті аралық өнімдердің 
түзілуімен қатар жүреді.
Тыныс алу процесі фотосинтезбен қатар өсімдіктердің өнім-
ділігіне тікелей əсер етеді. Тыныс алу – өсімдіктердің қорғаныш-
тық реакцияларын қамтамасыз ететін маңызды процесс. 
Тотығу жылдамдығының көрсеткіші тыныс алу қарқыны 
болып табылады. Тыныс алу метаболизмінің басқа да көрсеткіш-
теріне: тыныс алу коэффициентінің көлемі, қанттардың, глико-
лиздің жəне пентозофосфаттық тотығу жолдарының қатынасы
ферменттердің тотығу-тотықсыздану ырықтығы жатады. Тыныс 
алудың энергетикалық тиімділігін митохондрияның тотыға фос-
форлану қарқыны бойынша сипаттауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет