С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты



Pdf көрінісі
бет46/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   80
Хлорозды емдеу əдістері
. Хлороздың алғашқы белгілері (боз-
ғылт жас жапырақтардың пайда болуы) байқалысымен, өсімдікті 
қоректік ерітіндіден 2-3 күнге (1 л ДН
2
О-ға хлорлы темірдің 1% 
ерітіндісінен 2 мл қосылған) ауыстыру керек. Егер хлороз асқынып 
кетпесе, осының өзі жеткілікті болады. Хлороз ұзаққа созылғанда 
оқтын-оқтын темірдің жоғары концентрациясы (Fe
2
Cl
6
немесе 
Fe
2
SO
4
-тің 1 литріне 0,1-0,2 г) бар ванна қолданылады. Өсімдікті
мұндай ерітіндіде 3-6 сағаттан артық ұстамайды, себебі мұндай 
ерітіндіде ұзақ уақыт болу тамыр жүйесіне теріс əсер етеді. 
Өсімдікке бүріккішпен темірдің, ең дұрысы, лимонқышқыл 
темірінің (1литрге 0,01 г) əлсіз ерітіндісін бүркиді. Жапырақ бе-
тіндегі ерітінді тез буланып кетпеуі үшін бүркуді кешқұрым 
жүргізу керек. Ерітінді рН-тың тиімді шамасын үнемі сақтау жəне 
бүкіл ерітіндіні ауыстырудан гөрі қысқа мерзімде темір енгізіп 
отыру хлорозбен күресудің профилактикалық шаралары болуы 
тиіс. 
Темір хелатын темір көзі ретінде қолданады, оны өсімдіктер 
жақсы сіңіреді жəне ол тұнбаға түспейді. Хелат дегеніміз – органи-
калық аниондар мен бірқатар металдардың комплексті қосылысы.
Комплекс түзүші ретінде Б трилоны (этилендиаминтетра- 
сірке қышқылының қос натрий тұзы) жиі қолданылады. Темір 
хелатын дайындау үшін FeSO
4 •

2
О 25 г ДН
2
О-да ерітеді, ері-
тіндіге рН-5,5 болғанша 30 г Б трилоны мен 5% КОН қосып, 
ерітіндінің көлемін 1 л-ге дейін жеткізеді. Ерітіндіні 1 тəулік 
аэрациялайды. 1 л қоректік ерітіндіге дайын ерітіндіден 1 мл 
қосады.


69 
Қоректік орта құрамына қосылатын тұздардың концентрлі 
ерітінділерін дайындау нұсқасы 22-кестеде берілген. 
22-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет