С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты


Қажетті құралдар мен заттар



Pdf көрінісі
бет36/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   80
Қажетті құралдар мен заттар: спирт, калий йод ерітіндісі, 200-300 Вт 
электр шамы, қайшы, пинцет, су моншасы, конус тəрізді колба, фарфор табақ-
шасы, электр плитасы, қара фотоқағаз, ақ қағаз, скрепкалар, ине, жіп. 
21-жұмыс.
Суда өсетін өсімдіктің фотосинтез қарқынына 
сыртқы орта жағдайлардың əсері 
 
Зерттеу мақсаты
: элодея өсімдігінің фотосинтез қарқынына 
сыртқы орта жағдайлардың тигізетін əсерін зерттеу. 
Зерттеу объектісі: элодея өсімдігі. 
Қысқаша түсініктеме. Суда өсетін өсімдіктердің фотосинтез 
қарқынын жапырақтардан бөлінген көпіршіктерді санау арқылы 
анықтауға болады. Өсімдік жапырақтарында фотосинтездің өтуі 
нəтижесінде бөлінген оттегі клетка аралықтарына жиналады. 
Қырқылған сабақтың бетінен үздіксіз оттегі бөлініп шығады
оның шығу жылдамдығы фотосинтез қарқынын көрсетеді. Бұл 
əдіс қарапайым болғанымен фотосинтез қарқыны сыртқы орта 
жағдайларынан тəуелді екенін айқын көрсетеді. 


52 
Əдістеме. Элодеяның үлкен бұтағын қырқып алып, кесілген 
жерін жоғары қаратып пробиркадағы суға салады. Пробиркадағы 
суды CO
2
байыту үшін оған скальпель ұшымен ас содасын салып 
ерітеді. Осылай дайындаған пробирканы түрлі жағдайларда ұстап, 
ондағы элодея өсімдігінен бөлініп шыққан оттегі көпіршіктерін 
санайды. Жарықты электр шамымен (100-200 Вт) түсіреді. 
1) Жарықтың əсері. Су (t 20
о
С) құйылған цилиндрге элодея 
өсімдігі бар пробирканы салып, əр 3 минут сайын шамды түрлі 
қашықтықта (5, 10, 20 см) ұстай отырып, 5 минутта өсімдіктен 
бөлініп шыққан газ көпіршіктерін санайды.
2) Жарық спектрі құрамының əсері. Фотосинтез қарқынын 
анықтауды қызыл экранда жүргізу үшін цилиндрдегі суды 1% 
K
2
Cr
2
O
7
ерітіндісімен (t 20
о
С) алмастырады. Шаммен 5 см қашық-
тықта жарық түсіреді. K
2
Cr
2
O
7
ерітіндісі жарықтың қызыл, 
қызғылт жəне сары спектрін өткізіп, көгілдір күлгін сəулені өткіз-
бейді. Бұл жағдайда да 5 минут бойы бөлінген оттегі көпіршік-
терін санайды. 
Фотосинтез қарқынын анықтауды көк экранда жүргізу үшін 
цилиндрдегі ерітіндіні аммиакпен қанықтырылған күкіртті қыш-
қыл мыс тұзының 4% ерітіндісімен алмастырып, бөлінген газ 
көпіршіктерінің саны анықталады. Бұл ерітінді жарықтың көк-
шіл күлгін сəулелерін өткізіп, ұзын толқынды спектрларды 
өткізбейді. Бұл жағдайда да бақылау жүргізу кезінде электр шамы-
ның қашықтығы 5 см болуы тиіс. 
3) Температураның əсері. Цилиндрге ең алдымен жылы су 
құйып, одан кейін салқын сумен алмастырады. Екі жағдайда да 
бөлінген оттегі көпіршіктерінің саны анықталады. Алынған мəлі-
меттерді 17-кестеге тіркейді. Тəжірибені орындап тиісті қоры-
тындылар жасайды.
17-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет