Зерттеу мақсаты
: клетка сөлінің осмостық қысымын ай-
қындау.
Зерттеу объектісі
: қызыл пияздың қабығы немесе традес-
канция жапырақтары.
Қысқаша түсініктеме. Еріткіштің жартылай өткізгіш мем-
брана арқылы ерітіндіге қарай өтіп, еріген заттың өтпей қалуын
осмос деп атайды. Мысалы, өсімдік клеткасы вакуолінде еріген,
осмостық белсенділігі жоғары заттардың мол болуына байланысты
цитоплазмадан немесе сырттан су сіңіріп ісінуі жəне цитоплазма
мен клетка қабығына қысым түсіріп жалпы клетканың көлемін,
пішінін бір деңгейде ұстап тұруы.
Клетка сөлін түрлі органикалық жəне бейорганикалық зат-
тардың судағы ерітіндісі деп қарастыруға болады. Потенциалды
осмостық қысым ерітіндідегі бөліктердің санына, яғни еріген
молекулалардың концентрациясына жəне диссоциациялану дең-
гейіне байланысты. Потенциалдық осмостық қысым клетканың
ең жоғарғы су сорғыштық қабілеттілігін сипаттайды. Осы көр-
сеткіш өсімдіктің су ұстағыштығы əртүрлі топырақтарда өніп-
өсу мүмкіндігін көрсетеді. Бұл əдіс клетка сөлінің концентра-
циясын алдын ала белгілі ерітінділердің концентрацияларымен
салыстыру арқылы өсімдік клеткасындағы əлсіз плазмолиз ту-
дыратын ерітіндіні (изотоникалық) табуға негізделген.
Əдістеме. Қызыл пияздың немесе традесканция жапырағы-
ның антоциан пигментіне қанық эпидермис ұлпаларын 3 минутқа
дистильденген суға малады (клетка сөлі жуылады). Осыдан кейін
кесінділерді судан алып, фильтр қағазымен сорғытып, алдын ала
дайындалған ерітінділерге екі-үштен салады. Кесінділер əр
ерітіндіде 30 минут ұсталады. Өңдеуден кейін кесінділерден
препараттар дайындап, оларды микроскопта қарайды. Бақылау
нəтижесінде клеткалардың плазмолиздену дəрежесін анықтап,
2-ші немесе 3-ші кестелерді толтырады.
Ерітінділердің ішінде əлсіз ойыс плазмолиз тудыратын ері-
тіндіні (I) анықтайды. Анықталған ерітінді мен қатардағы келесі
ерітіндінің арасында плазмолизді тудырмайтын, изотоникалық
|