С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты


Протоплазмаға қанттардың қорғаныштық əсерін анықтау



Pdf көрінісі
бет64/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   80
Протоплазмаға қанттардың қорғаныштық əсерін анықтау 
Вариант 
Микроскоппен 
қарағандағы 
клеткалардың саны
Боялған 
клеткалардың 
жалпы 
клеткаларға 
қатынасы, 
% көрсеткіші 
Қорытынды 
жалпы 
боялған 
Су 
 
0,5 М сахароза 
 
1 М сахароза 
 
Қажетті құралдар мен заттар: 0,5 жəне 1 М сахароза ерітінділері, дис-
тильденген су, пробиркалар, стакандар, скальпель, тығын бұрғы, ас тұзы, мұз 
немесе қар жəне оларды араластырып салатын ыдыс, микроскоп, заттық жəне
жабын шынылар, маркер, фильтр қағазы. 
 
39-жұмыс. Төменгі температураларда қанттардың 
протоплазмадағы белоктарға тигізетін əсері 
 
Зерттеу мақсаты: төменгі температураларда қанттардың 
протоплазмадағы белоктарға тигізетін əсерін зерттеу. 
 Зерттеу объектілері:
 картоп. 
Қысқаша түсініктеме. Экстремалды температураның əсері-
нен өсімдіктегі белоктар коагуляцияға ұшырайды. Өсімдік сығын-
дысынан үлпек тəрізді белоктық тұнбаның түсуі белоктардың 
бұзылғанын көрсетеді. Сахароза белоктың табиғи құрылымын 
тұрақтандырып, төменгі температурадан сақтайды.
 
 Əдістеме. Сыртқы қабығынан тазартылған картопты ағынды 
сумен жуып, фильтр қағазымен кептіреді. Осыдан кейін картопты 
үккіштен өткізіп, екі қабат дəкеге салып колбаға сығады. Сығын-
дыны 20 минутқа қалдырады. Уақыт өткеннен кейін сығындының 
үстіңгі бөлігінен үш пробиркаға 2,5 мл-ден ерітінді алынады. 
Бірінші пробиркаға 2,5 мл дистильденген су, екінші пробиркаға
2,5 мл 0,5 М сахароза ерітіндісін, ал үшінші пробиркаға 2,5 мл 1М 
сахароза ерітіндісін құяды. Пробиркалардағы ерітінділерді ара-
ластырып, суытқыш қоспаға (3:1 қатынасындағы мұз жəне ас тұзы) 
20 минут салады. Осыдан кейін пробиркаларды стакандағы суға 
(пробиркаларды шайқамау керек) ауыстырады. Осындай жағдайда 
пробиркалардағы коагуляцияға ұшыраған белоктардың үлпек 


95 
түзілуін бақылайды. Пробиркалардың суретін салып, тиісті қоры-
тындылар жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет