С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты


Қажетті құралдар мен заттар



Pdf көрінісі
бет10/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   80
 
Қажетті құралдар мен заттар: ас тұзының (NaCl) концентрлі ерітін-
дісі, миллиметрлік сызғыш, екі пробирка, скальпель.


16 
7-жұмыс. Өсімдіктің осмостық потенциалы мен су 
потенциалын анықтайтын Лилиенштерн əдісі 
Зерттеу мақсаты
: Өсімдіктің осмос потенциалы мен су 
потенциалын айқындау.

Зерттеу объектісі: картоп. 
Əдістеме. Картоптың үстіңгі бөлігінен тығын бұрғымен 2- 
3 см тереңдікке дейін тесіп, ойылған жердің ұзын бойына қарай 
ұлпаларды ойып тастайды. Скальпельмен ұлпаларды алу кезінде 
ойықтың төңірегіне зақым келмеуі керек. Тамыр жемістің түбін 
көлбей кесіп, сумен жанасатын ұлпа беткейлері жаңартылады. 
Тамыр жеміс ұлпалары сумен қанығу үшін 30 минутқа суға 
салып қояды. Осыдан кейін тамыр жемісті судан алып, ойықтың 
ішін алдын ала дайындалған шырынмен толтырады. Ойықты 20-
30 см шыны түтік кигізілген резина тығынмен тығындап, шырын-
ның шыны түтік бойымен көтерілген жерін белгілейді. Осылай 
даярланған тамыр жемісті су құйылған стаканға салып қояды. 
0,5-1,0 сағаттан кейін шыны түтік бойымен ерітіндінің көтеріл-
гені байқалады.  
Қажетті құралдар мен заттарқант, құрғақ шие жемісі, тығын бұрғы, 
стакан, жіңішке шыны түтік, резина тығындар, спирт шамы, скальпель.
Жеміс шырынын даярлау. Ол үшін концентрлі қант ерітіндісіне құрғақ 
шие жемісін салып қайнатып, сорғыш қағаз арқылы сүзіп алады. 
Бақылау сұрақтары 
1. Өсімдік клеткасына тəн қасиеттерді атаңыз. 
2. Өсімдік клеткасының құрылысы мен атқаратын қызметі қандай? 
3. Цитоплазманың құрамы қандай бөліктерден тұрады? 
4. Клетка қабығының құрылысы мен атқаратын қызметі қандай? 
5. Плазмалемма деп нені атайды, оның қызметі қандай? 
6. Биологиялық мембраналардың құрылысы мен атқаратын қызметі қандай? 
7. Ядроның құрылысы мен атқаратын қызметі қандай? 
8. Рибосомалардың құрылысы мен атқаратын қызметі қандай? 
9. Пластидтердің құрылысы мен атқаратын қызметі қандай? 
10. Хлоропластардың құрылысы мен атқаратын қызметі қандай? 
11. Митохондриялардың құрылысы мен атқаратын қызметі қандай? 
12. Пероксисомалар, глиоксисомалар жəне лизосомалардың құрылысы 
мен атқаратын қызметтері қандай? 
13. Эндоплазмалық ретикулумның құрылысы мен атқаратын қызметі 
қандай? 
14. Гольджи аспабының құрылысы мен атқаратын қызметі қандай? 


17 
15. Вакуольдың құрылысы мен атқаратын қызметі қандай? 
16. Клетканың тітіркенгіштігіне сипаттама беріңіз. 
17. Клеткадағы қимыл-қозғалыстарға сипаттама беріңіз. 
18. Өсімдік клеткасына заттардың сіңуі қалай жүреді? 
19. Өсімдік клеткасынан заттардың бөлінуі қалай жүзеге асады? 
20. Өсімдік клеткасының химиялық құрамына не кіреді? 
22. 
Плазмолиз жəне деплазмолиз дегеніміз не? 
23. Плазмолиздің қандай түрлері болады? 
24. Бұрыштық, ойыс, дөңес, қалпақты жəне пішінсіз плазмолиз түрлеріне 
сипаттама беріңіз.
25. Изотоникалық, гипертоникалық жəне гипотоникалық ерітінділерге 
сипаттама беріңіз.
26. Плазмолиз уақыты деп нені айтады жəне ол неге тəуелді?
27. Цитоплазманың тұтқырлығы неге тəуелді?
28. Клетканың плазмолизденуіне тұздар құрамындағы аниондар мен 
катиондардың тигізетін əсері қандай? 
29. Осмос дегеніміз не?
30. Потенциалдық осмостық қысым нені сипаттайды?
31. Клетка сөлінің осмостық қысымын плазмолиздік əдіспен (де-Фриз 
бойынша) анықтау неге негізделген? 
32. Өткізгіштіктің өзгеруі арқылы өсімдік ұлпасының зақымдануын қалай 
болжайды? 
33. Гомеостаз дегеніміз не?
34. Клетканың тірі немесе өлі екенін қалай байқауға болады? 
35. Өсімдіктің осмостық потенциалы мен су потенциалын Лилиенштерн 
əдісімен қалай анықтайды? 
36. Тургор дегеніміз не?
37. Тургорлық қысым деп нені айтады?


18 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет