С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты


-жұмыс. Пигменттерді қағазда жүргізілетін



Pdf көрінісі
бет29/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   80
16-жұмыс. Пигменттерді қағазда жүргізілетін 
хроматография əдісімен бөлу 
 
 
Зерттеу мақсаты
: хлорофилл, ксантофилл жəне каротин 
пигменттерін қағазда жүргізілетін хроматография əдісімен бөліп 
алу.
 
Зерттеу объектілері: өсімдіктің жас жапырақтары. 
Қысқаша түсініктеме. Пигменттерді бөлудің хроматогра- 
фиялық əдісін орыс ғалымы М.С. Цвет ұсынған. Бұл əдіс пигмент-
тер қоспасының ерітіндісін сорғыш (адсорбент) қабаты арқылы 
өткізуге негізделген.
Əдістеме. Өсімдіктің 2-3 г жас жапырақтарынан ацетондағы 
пигменттер ерітіндісін дайындайды. Пайдаланатын ацетон ері-
тіндісі – 20 мл. Алынған ерітіндіні Бунзен колбасында насоспен 
сорып сүзеді. 
Ерітіндіні бюкске құйып, оған сорғыш қағаз кесіндісінің ұшын 
батырады. Бірнеше секундтан соң сүзінді қағаз бойымен 1-1,5 см 
көтеріледі. Осыдан кейін қағазды ауада кептіріп, қайтадан бір-
неше секундқа ерітіндіге малады. Осылайша, 5-7 рет қағазға 
жайылған ерітіндінің жоғары шегінде қою жасыл жолақ пайда 
болғанша қайталайды. Осыдан соң қағаздың ұшын бірнеше 


43 
секундқа таза ацетонға батырып, пигменттердің бəрі 1-1,5 см 
жоғары көтерілгенше ұстайды. 
Содан кейін ацетон иісі толық кеткенше қағазды кептіріп, 
түбіне петролейн эфирі құйылған целиндрге орнатады, ол үшін 
қағаздың жоғары ұшы ілгекке ілініп, төменгі боялмаған ұшы 
эфирде болатындай етіп малынады. Жарықта көп тұрса пигмент-
тер ыдырап кететіндіктен тəжірибенің бұл бөлігін қараңғыда 
жасау қажет.
Арада 10-15 минут өткесін еріткіш 10-12 см көтеріледі. Мұнда 
пигменттер мынадай ретпен жайылады: ең төменгі хлорофилл в, 
оның үстінде хлорофилл а, содан соң ксантофилл, каротин. 
Қажетті құралдар мен заттар: 80% ацетон, петролейн эфирі, CaCO
3

кварц құмы, хроматографиялық сорғыш қағаз жолақтары 15х15 см, фарфор 
келісі мен келсап, тығынына шыны түтік орнатылған құрғақ Бунзен колбасы
шыны таяқша, шыны бюкстер, Космовский немесе су түтікті насос, вазелин, 
шыны целиндр немесе 20-25 см тығынына сым ілгіш орнатылған кең про-
бирка, воронкалар, қайшы, фильтр қағазы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет