С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты



Pdf көрінісі
бет27/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   80
 
Қысқаша түсініктеме
Хлорофилді сілтімен өңдеу арқылы 
эфирлі топтардың сабындануын, яғни метил спиртінің жəне фи-
тол қалдықтарының бөлінуін тудыруға болады. Бұл жағдайда екі 
негізді қышқыл хлорофиллин тұзы түзіледі. Оның хлорофилге 
тəн оптикалық қасиеттері сақталады жəне жасыл түсті, бірақ 
гидрофильділігі жоғары болады, бензинде ерімейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Əдістеме. Пробиркадағы 2-3 мл спирттегі пигменттер ері-
тіндісіне 1 мл 20 % KOH немесе 20%
NaOH
ерітіндісін құйып, 
араластырады. Осыдан кейін пробирканы су моншасында ері-
тінді қайнағанша ұстайды. Пробиркадағы ерітінді қайнаған соң 
су моншасынан шығарып суытып, пробиркаға сондай көлемде бен-
зин жəне бірнеше тамшы су құйып қатты шайқап, тұндырады.
Бензин қабатына каротин жəне ксантофилл, ал спирт қабатына 
хлорофиллин қышқылының калий (натрий) тұзы өтеді. Спирт 
COOCH
3
C
32
H
30
ON
4
Mg + 2 KOH
COOC
20
H
39 
 
 
COOK
C
32
H
30
ON
4
Mg + CH
3
OH + C
20
H
39
OH 
COOK 


41 
жəне бензин қабаттарының түсін белгілеп, суретін салады. 
Хлорофилдің сабындану реакциясы жазылады.
 
Феофитин алу жəне сутегіні металл атомымен алмастыру 
 
Қысқаша түсініктеме. Хлорофилл ерітіндісіне аз мөлшерде 
тұз қышқылы қосылса, онда хлорофилл молекуласындағы 
магний сутегінің екі атомымен ығыстырылып сарғыш қоңыр 
түсті феофитин пайда болады:
Металорганикалық байланысты феофитинге сіркеқышқыл- 
ды мырыш немесе сіркеқышқылды мыс қосып қыздыру арқылы 
қалпына келтіруге болады. Қос валентті металл атомы феофи-
тиндегі сутегіні ығыстырып шығарады да, ерітінді қайтадан 
жасыл түске боялады. Мұнда пайда болатын сірке қышқылы 
катализаторлық рөл атқарады. 
 
Əдістеме. Екі пробиркаға 3-4 мл пигменттердің спирттегі 
ерітіндісін құйып, əрқайсысына 2-3 тамшы 10% тұз қышқылын 
қосады. Пробирканы шайқағанда жасыл түсті хлорофилл қошқыл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет