Ӛктем, кӛшбасы: 8 баллға дейін бағалау— өзіне сенімді, жақсы кеңесші, тəлімгер жəне ҧйымдастырушы, басшының қаситеттері бар; 12 баллаға дейін – сын көтермейді, өз мҥмкіндіктерін асыра бағалайды; 12 баллдан жоғары —сөйлеу стилі - нҧсқаушы, озбырлықтың
белгілері, басқаларды бҧйырып-басқару мҧқтаждығы бар.
Тәуелсіз-үстем: 11 балл шегінде бағалау — тҧлғааралық өзара əрекеттестіктің стилі өзіне сенімді, тəуелсіз, басқалардан өзінің артықшылығының айқын сезімімен, өзіне көңілі толғанша тайталасуға бейім; 12 — 16 балл — көпшіліктің көзқарасынан бөлек айрықша көзқараста болу беталысы, топта бөлектенген позицияда болуға ҧмтылу.
Тік мінезді, агрессиялы: 10 баллға дейін — шынайылық,тазалық, турашылдық, мақсатқа жетуде табандылық; 10 баллдан астам — аса қыңырлық, жаратпаушылық, ҧстамсыздық пен қызбалық.
Күмәншіл, ешнәрсеге сенбейді: 8 баллға дейін — талдау мен іс-
қимылдың шындығы, ешнəрсеге сенбеушілік пен бейімделудің орын алмауы; 12 баллдан астам — өте өкпешіл, айналадағы адамдарға сыншылдыққа бейімделген сенімсіздік пен кҥдікшілдік.
Жуас-ұяң: 8 баллға дейін — қарапайым, ҧяң, көнгіш, эмоциялық ҧстамды, өз міндеттемелерін тіл алып, адал атқарады; 12 баллдан астам
— толықтай мойынсҧну, өзін кінəлаудың асқын сезімі, өзін өзі төмендету.
Тәуелді, тілалғыш: 8 — 10 баллдық бағалау — айналадағы адамдар тарапынан көмек пен сенімге, олардың өзін мойындауына деген мҧқтаждық; 12 баллдан астам — шамадан тыс бйімделі, айналасындағы адамдардың көзқарасына толық тəуеліділік.
Ынтымақтастыққа бейім, шартты (конформды): 8 балл шегінде бағалау — ынтымақтасуға, қауымдасуға бейім; ымыралық жəне шиеленістік жағдаяттарды шешу кезінде икемді жəне ымырашыл; айналасындағы адамдардың көзқарасымен келісуге талпынады; саналы шартты (конформды); 8 баллдан жоғары — жылы шырайлы жəне барлығымен ибалы; жағдаятты ескерместен, барлығы ҥшін «жақсы болуға» тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |