С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері педагогикалық мамандықтар бойынша орта кәсіптік білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыратын білім мекемелерінің оқу процесінде қолдануға арналған оқулық



бет36/114
Дата06.05.2024
өлшемі4.79 Mb.
#500649
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   114
пед шеберлік

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАТЫНАС ШЕБЕРЛІГІ
Қатынас жəне коммуникация • Педагогикалық қатынас пен педагогикалық коммуникацияның мəні • Педагогикалық қатынас функциялары мен қҧрылымы • Педагогтық қатынас стильдері • Қатынас: ғылым мен өнер
ҚАТЫНАС ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

Француз жазушысы А. де Сент-Экзюпери қатынас адамға қажетті «жалғыз салтанат» деп мадақтаған. Себебі қатынассыз ешқандай қызмет, тіпті адамзат қоғамы да болмайды.


Қатынас өнерін игеруге барлық мəдениетті адамдар
тырысады. В.И. Сафьяновтың тҧжырымдауынша, əр адам
«жақындағылармен» де, «алыстағылармен»де өзін еркін
сезінуді, əрдайым сҥйікті, тартымды əсер қалдыруды, өзіне де,
өзгелерге де қуаныш сыйлауды армандайды.Адамдармен бірге
тҧру шеберлігіне ие болу— қаншалықты қажетті іс болса,
соншалықты кҥрделі: бҧл жерде адамгершілікті қарым-қатынас
қағидалары мен нормаларын білу, адамдарды жəне мəн-жайды

дҧрыс бағалау, сондай-ақ осы білгендерің мен мəн-жайларға1 сəйкес əрекет ету маңызды.


Б.Ф.Ломов қатынасты адамның өзге адамдармен өзара əрекеттесуінің арнайы тҥрі ретінде қарастырады, соның арқасында көріністер, идеялар, қызығушылықтар, көңіл-кҥй, мақсаттармен екі жақты алмасу жҥреді. Қатынас кезінде жеке тҧлға өзге адамдар қҧрған «рухани байлық қорына» ие болады, соның арқасында жеке тҧлғалық тəжірибесінің шектеулігін жояды; сонымен қатар қатынасу арқылы ол бҧл «қорға» өзінің


ҥлесін қосады. Осымен жеке тҧлғаның2 қатынасу мəні анықталады.


Қатынас көпмəнге ие. Категория ретінде ол фило-

софиялық, социологиялық жəне психологиялық-педагогикалық əдебиетте суреттелген.Бҧл ғылымдардың əрбірі қатынас феноменін тҥрлі бағытта қарастырады, ондайда


«қатынасу» тҥсінігінің мəні сөзсіз ерекшеленеді.


1Сафьянов В.И. Қатынас этикасы: оқу қҧр. — 1998, М.
1Ломов Б. Ф. Жалпы педагогикалық жəне инженерлік психологияның сҧрақтары. —
1991, М.



  1. сур. «Қатынас» жəне «коммуникация» тҥсініктерінің

Қазіргі заманғы білім беру доктринасын жҥзеге асыру ҥшін педагогтардың жеке оқыту моделіне бағытталуына назар аудару талап етіледі, онда білім беру процесінің қызығушылықтары, қажеттіліктері, мҥмкіндіктері, олардың бірінші кезекте қатынасқа негізделген бірлескен қызметі назарға алынады.


Оқыту тиімділігі қашанда педагогтың жеке тҧлғасы мен оның кəсіби шеберлігіне байланысты болып келген. Сондықтан осы параграфта қатынасты педагог шеберлігінің қҧрамдас бөлігі ретінде қарастырамыз.


Себебі «қатынас » терминімен «коммуникация» термині бірге қолданылады, өзара тҥсінікті қамтамасыз ету ҥшін бҧл тҥсініктерді тҥсініп алған абзал (8 сур.).


Көптеген авторлардың еңбектерінде «қатынас» пен

«коммуникация» (немесе«коммуникативтік қызмет») синоним тҥрінде қолданылады.


«Философиялық энциклопедияда» коммуникация тҥсінігінің жалпы мəніне былайша анықтама беріледі: «Қатынас. орт.

коммуникативтік тіл. тҥрі, яғни. қатынас тҥрі, пікір алмасу»1. «Коммуникация» термині XX ғ. басына дейін ғылыми


əдебиетте қолданылған жоқ, тек «қатынас» терминіне сҥйенді; енді ол тҥрлі ғылымда қолданылады, əр тҥрлі мəнге ие
болғандықтан, тҥрліше тҥсіндіріледі. «Коммуникация» термині (лат.ауд. communicare — байланыстыру, жалпы ету, қатынасу) ҥш мəнде қолданылады: 1) қатынас жолы;



  1. байланыс тҥрі немесе байланыс қҧралы (бҧқаралық коммуникация қҧралы); 3) қатынас актісі, ақпарат жеткізуші.

Осы екі тҥсінік қаншалықты кең таралған болса да, олардың байланысы тҥрліше тҥсіндіріледі2.


1
Философиялық энциклопедия. —1964,М. —3 Т.




2 Зарецкая И.И. Педагогтың кəсіби мəдениеті : оқу.қҧр — 2002, М. — 28 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет