Ерінге арналған жаттығулар
Жоғарғы жəне төменгі ерін бҧлшық еттерінің массажы:
а) екі қолдың сҧқ саусақтарымен жоғарғы еріннің бҧлшық еттерін ортаңғы саусақпен төменгі еріннің бҧлшық еттерін бір мезгілде сипау (қимыл еріннің ортасынан шетіне дейін);
б) дауыссыз «гл», «гн », «вн »ҧйқастарын əр ҧйқастан кейін жоғарғы ерінді жоғары тартып айту. «л», «н», «в» дыбыстарын созу; в) «кс», «гз», «вз» ҧйқастарын төменгі ерінді төмен тартып айту. Сҥзілмелі «с», «з» дыбыстарын созу. Еріндердің жоғары жəне төмен
қозғалысында оларды таңдайға қысу.
Жоғарғы ерінді жаттықтыру ҥшін «гл», «вл», «кл», «рл», «шл»,
«дл», «гн», «вн», «тн», «дн» ҧйқастарын қолдану керек, олардың
артикуляциясы жоғарғы еріннің созылуымен болады.
Төменгі ерінді жаттықтыру ҥшін «кс», «гз», «бз» ҧйқастары ҧсынылады.
Тілге арналған жаттығулар
Тілдің бҧлшық еттерін оған «кҥрек» пішінін беріп, бос ҧстау, оны алға созу (төменгі ерінге) жəне дауысты «и», «э» дыбыстарын тілді тістің артына жібермей айту.Бҧл дауыстыларды 4 — 6 рет қатарынан айту.
Тілдің ҧшын көтеру жəне қатты таңдаймен артқа сырғытып, оған «ілгіш» пішінін беру, содан кейін тілдің қалпын өзгертпей «о», «у» дауысты дыбыстарын айту.
Тілдің ҧшымен жоғарғы жəне төменгі қызыл иектерге (ауыз ашық) тиіп, «м» дауыссыз дыбысын созып айту.
Ауыз жабық тҧрғанда ауыз қуысының шырышты қабатын тілмен жалап (таңдай,беттің ішкі жағы мен ерінді) «м» дыбысын созу.
Дыбысты дірілдеткіш массаж (резонатордағы дыбыстың қалпын тексеру).
Келесі ҧйқастар: «зм», «зн», «вм», «жн», «гм», «гн» кезекпен созу — бір мезетте қаққылап: мҧрын ҥстімен жоғарыдан төмен жəне төменнен жоғары; ауыз маңайы мен беттің қҧлақ маңын жəне мҧрынның ортасын; дірілді сезіну ҥшін мезгіл-мезгіл алақандарын бетке басып,мойынның екі жағынан жоғарыдан төмен қарай қолтық асты шҧңқыры мен кеуденің жоғарғы бөлігіне, маңдайдың ортасынан, көздің маңайына жəне тағы да мҧрын ҥстіне.
Достарыңызбен бөлісу: |