С. Г. Григорьев, В. В. Гриншкун, В. П. Демкин, Г. А. Краснова, С. И. Макаров, И. В. Роберт разработка концепции образовательных



бет2/5
Дата08.02.2024
өлшемі2.05 Mb.
#491339
1   2   3   4   5
2- лекция

Компьютерлік сауаттылық:
адамның дербес компьютерде жұмыс істеу үшін пайдаланушылық және арнайы техникалық дағдыларын меңгеруі.

Ақпараттық сауаттылық -ақпараттың мұқтаждықты қалыптастыру, ақпаратты іздеу, таңдау, бағалау және түсіндіру мүмкіндігі.
Ақпараттық мәдениет:
адамның ақпаратқа сұраныс жасай отырып, өзінің ақпараттық мұқтаждығын қалыптастыра; ақпаратты автоматты түрде іздеуді ұйымдастыра білуі, сонымен қатар ақпаратты талдай және жинақтай отырып, жаңа ақпараттық өнім алуы.
Цифрлық сауаттылық:
замануи әлемде өмір сүру үшін, цифрлық технологиялар мен интернет ресурстарын қауіпсіз және тиімді пайдалануға қажетті білім, біліктілік және дағдының жиынтығы.
Білім беруді компьютерлендіру
компьютерлік өнімдер мен қызметтерді оқу үдерісіне енгізу, компьютерлерді қолданып оқушылардың жалпы білім деңгейін арттыру үдерісі.
Оқытуды компьютерлендірудің екі бағыты бар: компьютерді оқыту құралы; оқыту нысаны ретінде пайдалану


Білім беруді цифрландыру цифрлық білім беру ортасын пайдалана отырып, білім беру үдерісін трансформациялау, оқу жұмысының мақсаттарын, ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін өзгерту
Цифрлық білім беру ортасы білім беру үдерісінің әртүрлі міндеттерін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйелердің ашық жиынтығы.


Білім беруді ақпараттандыру
оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық мақсатына жету үшін білім саласында бар білімді жүйеге келтіріп және жаңа білімді қалыптастыруды қамтамасыз ететін ақпаратты жинау, сақтау және тарату құралдары мен технологиясын қолдануға бағытталған адамның ғылыми-практикалық қызметінің аумағы

Білім беруді цифрлық трансформациялау жасанды интеллект әдістерін, виртуалды шындық құралдарын қолдануды қоса алғанда, цифрлық технологияның дамып келе жатқан әлеуетін пайдалану негізінде білім беру үдерісін дербестендіру; оқу орындарында цифрлық білім беру ортасын дамыту; кең жолақты Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету, үлкен деректермен жұмыс істеу есебінен әрбір білім алушының қажетті білім беру нәтижелеріне қол жеткізуі

Білімді ақпараттандыру екі стратегиялық мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет