С. Ж. Асфендияров атындағЫ Қазақ Ұлттық медицина



бет28/31
Дата17.06.2016
өлшемі5.99 Mb.
#141854
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Блок №7
506. Аспаптық зерттеу әдістеріне жатады:

А) жатырды зондтау

Б) артқы күмбез арқылы ішпердесін пункциялау

В) биопсия.

Г) сыртқы жыныс мүшелерін қарау

Д) қынаптық тексеру


507. Зертханалық зерттеу жасауға мүмкіндік болмаған жағдайда жыныстық жолдармен берілетін ауруларды қалай диагностикалауға болады:

А) жалпы қан анализін алу;

Б) артериалды қан қысымы мен дене қызуын өлшеу;

В) гинекологиялық қарау жасау және науқасқа сауалнама жасау;

Г) зертханалық зерттеулерсіз анықтау мүмкін емес;

Д) жалпы зәр анализін алу


508. Гонорея диагнозы қай жағдайда қойылады:

А) Борде – Жангу реакциясы оң болған жағдайда;

Б) екі жақтан жатыр түтікшесінің қабынуының болуы;

В) цервикалды канал мен үрпінің қабынуы қосылғанда ;

Г) жағындыларда гонококктардың болуы;

Д) гоновакцина енгізгенге жауап ретінде дене қызуының 38°-қа көтерілуі


509. Жатыр миомасына байланысты жасалатын операцияның алдындағы зерттеу көлемі:

А) жалпы зәр анализі,қан анализі;

Б) коагулограмма, биохимиялық қан анализі;

В) ЭКГ, терапевттің қарауы;

Г) қан тобы мен Rh – факторды анықтау;

Д) бас сүйегінің рентгенографиясы.


510. Эндометрий патологиясына күдіктенген жағадайда қандай зерттеу әдісі ең ақпаратты болып табылады:

А) гистеросальпингография;

Б) диагностикалық қыру;

В) гистероскопия;

Г) УДЗ;

Д) ирригоскопия.


511. Аналық безінің эндометриозының кіші формасына тән:

А) менструальды циклдың екі фазалы болуы;

Б) етеккір алдында іштің төменгі жағындағы ауру сезімі;

В) бедеулік;

Г) жыныстық қатынас кезіндегі ауру сезімі;

Д) дефекацияның бұзылуы.


512. Қынаптың екінші дәрежелі тазалығындағы жағындыға тән:

А) жағындыда эпителиальды жасушалардың көп болуы

Б) қынаптық бөлінді реакциясы қышқыл;

В) жағындыда қынаптық бациллалар бар;

Г) жағындыда лейкоциттер 10 – 15 көру аймағында
513. Науқас 26 жаста қынаптың ашуына, қышуына, жиі зәр шығаруға шағымданады. Қарап тексергенде вульва мен қынаптың гиперемиясы,іріңді бөлінділер анықталады. Дәрігер тактикасы:

А) қынаптан қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу;

Б) гонокок мен трихомонадаларға жағынды алу;

В) онкоцитологияға жағынды алу;

Г) кіші жамбас УДЗ жасау;

Д) лапароскопия.


514. Науқас 31 жаста, ауру сезімді, 9 күнге дейін келетін етеккірге шағымданады. Циклдың 10 күні келіп қаралды. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза. Бөлінділер қоңыр түсті, аз. PV: жатыр көлемі қалыптыдан жоғары. Қозғалысы шектелген, жатыр қосалқылары анықталмайды,күмбездер бос, терең. Етеккір алдында қайта қарағанда: жатыр 7-8 апталық жүктілікке сай.

Сіздің диагнозыңыз?

А) ЖДҚК.

Б) жатыр миомасы.

В) аденомиоз.

Г) эндометрит.

Д) жатырлық жүктілік
515. Диагностикалауда ең ақпаратты әдіс болып табылады:

А) кольпоскопия.

Б) гистеросальпингография

В) лапароскопия

Г) биконтрастты геникография

Д) УДЗ
516. Жыныстық жетілу кезеңінің жас ерекшеліктері:

А) босанғаннан кейінгі алғашқы 10 тәулік;

Б) 7-8 жас;

В) 7(8) - 17(18) жас;

Г) 18 ден 45 ке дейін;

Д) 45 жастан кейін.
517. Жыныстық жетілу қанша кезеңнен тұрады:

А) 5 кезең;


Б) 3 кезең;
В) 6 кезең;
Г) кезеңдерден тұрмайды;
Д) 2 кезең.
518. Жыныстық жетілудің қандай кезеңдерін ажыратамыз:

А) препубертатты, пуберттатты кезеңнің 1 және 2 фазасы;


Б) пуберттатты кезеңнің 1 фазасы, постпубертатты;
В) препубертатты, пубертатты кезең, постпубертатты;
Г) бастапқы,соңғы;
Д) постпубертатты.
519. Пубертатты кезеңнің 1-фазасына тән:

А) екіншілік жыныстық белгілердің пайда болуы;


Б) менархе;
В) инволютивті өзгерістер;
Г) екіншілік жыныстық белгілердің пайда болуы, дененің тез өсуі;
Д) бой өсуінің кідіруі
520. Пубертатты кезеңнің 2-фазасына тән:

А) бойдың тез өсуі;


Б) бойдың өсуінің кідіруі;
В) менархе, бойдың өсуінің кідіруі;
Г) инволютивті өзгерістер
Д) иммунитеттің төмендеуі
521. Қыздардың жыныстық даму кезеңінде қандай факторлар әсер етеді:

А) ішкі орта факторлары;


Б) тұқымқуалаушылық факторлар;
В) әлеуметтік-экономикалық факторлар;
Г) тағамтану ережелері;
Д) оқу-тәрбие процессі .
522. Репродуктивті жүйені қанша орталық реттейді:

А) 2;
Б) 3;


В) 4;
Г) 5;
Д) 6 .
523. Менструальды цикл кезінде болатын аналық безіндегі өзгерістер:

А) гормондар синтезі


Б) фолликулдың дамуы;
В) аналық жасушаларының дамуы;
Г) сары дененің дамуы
Д) ұрықтану

524. Жыныстық жетілу кезеңінің патологиясына жатады:

А) мерзімінен ерте жыныстық жетілу

Б) жыныстық жетілудің кешеуілдеуі

В) ювенильді қан кету

Г) клитордың гипертрофиясы

Д) тіндердің атрофиясы

525. Жатырдан тыс жүктіліктің жиі орналасу орнын атаңыз:

А) аналық бездер

Б) жатырдың рудиментарлы мүйізі

В) жатыр түтікшелері

Г) іш перде мүшелері

Д) жатыр мойны

526. Төменде аталған аурулардың қайсысы жатырдан тыс жүктіліктің жиі кездесетін себебі болып табылады?

А) жатыр дамуының ақаулары, жыныс мүшелерінің дұрыс орналаспауы

Б) жатыр қосалқыларының қабыну аурулары, түсіктер

В) жатырдың ісіктері

Г) эндометриоз

Д) аналық бездің ісіктері

527. Жатырдан тыс жүктілік кезінде жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің бөліну себебі болып табылады?

А) қанның ұйығыштығының бұзылысы

Б) децидуальды қабықтың сылынуы

В) эндометрийдің гиперплазиясы

Г) эндометрит

Д) жатыр түтікшелерінің перистальтикасының жоғарылауы

528. Түтіктік жүктіліктің бұзылысының клиникалық көрінісіне жатады:

А) кенеттен пайда болған ауыру сезімі шап- мықын аймағында

Б) есінен тану немесе талмалы жағдай

В) ауру сезімінің иыққа, тік ішек аймағына берілуі

Г) жыныс жолдарынан реттсіз аздаған қанды бөлінділердің болуы

Д) дизуриялық бұзылыстар

529. Дамып келе жатқан жатырдан тыс жүктіліктің диагнозын нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қолданылады?

А) артқы күмбез арқылы іш қуысына пункция жасау

Б) жатыр қуысын диагностикалық қыру

В) жатыр қуысын зондтау

Г) УДЗ


Д) кульдоскопия

530. Түтікті жүктіліктің бұзылысында түтікті алып тастау операциясы кезінде

сенімді гемостазды қамтамасыз ету үшін мезосальпинкске салу керек?

А) бір қысқыш салу және түтікшенің бүкіл шажырқайын бір кетгут лигатурасымен тігу

Б) бірнеше қысқыш салу және әрбір бөлікті жеке кетгутпен тігу

В) бір қысқыш салу және түтікшенің түбірін бір кетгут лигатурасымен тікпей байлау

Г) бірнеше қысқыш салу, әрбір бөлігін жібек жіппен тігу

Д) қысқыштар оймыш - жамбас байламына салынады

531. Түтікті жүктіліктің бұзылысына байланысты түтікті алып тастау операциясында қысқыштардың ортасында не кесіледі?

А) түтіктің жатырлық шеті

Б) түтіктің бүрлері (мезосальпинск)

В) аналық бездің меншікті байламы

Г) жатырдың дөңгелек байламы

Д) оймыш- жамбас байламы

532. Түтіктің интерстициальді бөлігіндегі жүктілік көбінесе жүктіліктің қай мерзімінде үзіледі?

А) 1 – 2 аптасында;

Б) 3 – 4 аптасында;

В) 5 – 6 аптасында;

Г) 7 – 8 аптасында;

Д) 11 – 12 аптасында.


533. Түтікті жүктіліктің бұзылған кезінде нақастың ауыр жағдайында көрсетіледі?

А) дереу қан құю

Б) қан кету көзін қалдырмай алып тастау ( жүкті түтікшені)

В) сенімді гемостаз

Г) операцияға дейін бақылау

Д) консервативті ем

534. Операциялық блоктағы ауаны баклабораторияда тексеру қанша аралықта жүргізіледі?

А) айына 4рет

Б) айына 1 рет

В) 3 айда 1 рет

Г) 4 айда 1 рет

Д) 6 айда 1 рет

535. Параформалин камерасында эндоскоп аппаратын залалсыздандыру уақытының

ұзақтығы:

А) 3-4 сағ

Б) 6-12сағ

В) 12-20сағ

Г) 24-48сағ

Д) 48 сағ артық

536. Перидуральды анастезияда қолданылады?

А) трилен

Б) лидокаин

В) кетамин

Г) фторотан

Д) новокаин

537. Ингаляциялық наркозда наркотикалық заттар енгізіледі:

А) көкамырға

Б) бұлшық етке

В) тыныс алу жолдарына

Г) ректальды

Д) парантеральды

538. Қан кұйған кезде науқас жағдайы нашарлап, бел және төс аймағында ауру сезімі пайда болды, бұл нені көрсетеді:

А) геморрагиялық шок

Б) цитратты шок

В) гемотрансфузионды шок

Г) пирогенді реакция

Д) анафилактикалық шок
539. Гемотрансфузионды шоктың белгілері пайда болған көрінісінде жасалатын шара:

А) системаны ауыстыру және қан алмастырушы заттарды енгізу

Б) системаны алып тастап, көктамырдағы инені алу

В) жылдамдығын азайтып гемотрансфузияны жалғастыру

Г) гемотрансфузияны жалғастырып дереу наркотикалық заттарды енгізу

Д) преднизолон енгізу

540. Жарақаттың біріншілік жазылуының шарттары?

А) шекарасы тегіс, жақсы жанасу

Б) шекарасы тегіс емес арасында түбегейлі кеңістік бар

В) жарақаттың іріңдеуі

Г) жарақаттағы бөгде заттар

Д) біріншілік хирургиялық өңдеу

541. Кіші жамбас қуысындағы мүшелерге ену ерекшеліктері:

А) Черни бойынша тілу

Б) төменгі орталық

В) көлденең қасаға үстінен

Г) Волкович бойынша тілу

Д) жоғарғы орталық

542. Тілік жасаудың реттілігі:

1) апаневрозды тілу

2) іш пердені тілу

3) теріні тілу

4) тері асты май қабатын тілу

5) бұлшықеттерді ажырату

А) 1,2,3,4,5

Б) 2,5,3,4,1

В) 3,4,1,5,2

Г) 4,5,2,3,1

Д) 5,3,4,2,1

543. Жатырдың қынап үстілік ампутациясы кезінде қай артерия кесіледі:

А) ішкі мықын артериясы

Б) аналық без артериясы

В) жатыр артериясы

Г) жапқыш артерия

Д) сыртқы мықын артериясы
544. Дисфункционалдық жатырдан қан кету деп аталады:

А) қан кету, жатырдың органикалық өзгерістеріне байланысты

Б) жатыр қосалқыларының қабынуы кезіндегі қан кету

В) аналық без гормонының ырғақты секрециясының бұзылысы салдарынан қан кету

Г) Верльгоф ауруымен ауырғанда жыныс жолдарынан қан кету

Д) басталған түсік тастау кезіндегі қан кету

545. Патогенезі бойынша жатырдан дисфункциональды қан кетуі қалай жіктеледі?

А) овуляторлы,ановуляторлы;

Б) ювенильды,климактерлік;

В)органикалық,функционалдық;

Г) барлығы дұрыс

Д) дұрыс жауап жоқ.


546. Төменде көрсетілген факторлар дисфункционалды жатырдан қан кетудің себебтері,

біреуінен басқасы:

А) түсіктің, босанудың асқынулары

Б) психикалық жарақаттар

В) инфекция

Г) экстрагенитальды аурулар

Д) рецепторлық аппараттың бұзылысы

547. Дисфункционалды жатырдан қан кетудің қауіп қатер тобына келесі әйелдер кіреді біреуінен басқасы:

А) инфекциялық жоғарғы индексі бар әйелдер

Б) кеш менархе болған әйелдер

В) экстрагенитальды ауруы бар науқастар

Г) эндокринді бедеуліғі бар науқастар

Д) ми ісігі бар науқастар
548. Репродуктивті жастағы дисфункционалды жатырдан қан кетудің дифференциалды диагностикасы келесі патологиялық жағдайлармен жасалады, біреуінен басқа:

А)эндометриоз;

Б) көпіршікті тығын;

В) жатыр мойнының полипы

Г) жатыр миомасы

Д) Виллебранд ауруы


549. Ювенильді дисфункционалды жатырдан қан кетудің дифференциалды диагностикасы төменде көрсетілген аурулармен жүргізіледі:

А) көпіршікті тығын

Б) жүйелік қан аурулары

В) аденомиоз

Г) жатыр денесінің ісігі

Д) жатыр мойнының эрозиясы

550. Климактерлік кезеңде дисфункционалды жатырдан қан кету дифференциалды диагностика келесі патологиялық жағдайлармен жасалады:

А) эндометрийдің рак алды ауруы

Б) бауырдың нәруыз алмасу функциясының бұзылуы

В) көпіршікті тығын

Г) толық емес түсік

Д) жүйелік қан аурулары


551. Репродуктивті кезеңде дисфункционалды жатырдан қан кетуде дәрігердің тактикасы?

А) антианемиялық терапия

Б) жатыр мойнының электростимуляциясы

В) жатыр қуысын диагностикалық қыру, қырындыны гистологиялық зерттеу

Г) симптоматикалық терапия

Д) жатырдың қынап үстілік ампутациясы

552. Ювенильді қан кету кезіндегі сіздің тактикаңыз?

А) гормональды гемостаз

Б) эндометрийдің криодеструкциясы

В) жатырдың шырышты қабатын қыру

Г) жатырды жыйырлтушы препараттар

Д) эндометрийдің вакуум- аспирациясы

553. Климактерлік кезеңдегі дисфункционалды жатырдан қан кету кезіндегі дәрігердің тактикасы?

А) жатыр қуысының және цервикальді каналдың шырышты қабатын бөлек диагностикалық қыру, қырындыны гистологиялық зерттеу

Б) гормональды гемостаз

В) эндометрийдің вакуум- аспирациясы

Г) лазеротерапия

Д) гемотрансфузия және қабынуға қарсы терапия

554. Менопауза алдында дисфункционалды жатырдан қан ағудың рецидивінің профилактикасында қолданылатын гормональды препараттарды атаңыз?

А) эстрогендер;

Б) гестагендер;

В) синтетикалық прогестиндер;

Г) андрогендер;

Д ) аноболикалық стероидтар.

555.ДЖҚның қазіргі заманғы зертеу әдісін атаныз;

А) гистерография;

Б) гистероскопия;

В) УДЗ;


Г) лапороскопия;

Д) ТФД.


556. ДЖҚ ең тиімді емін көрсетіңіз;

А) гормоналды гемостаз

Б) эндометрий криодеструкциясы

В) гемотрансфузия

Г) жатыр мойнының электростимуляциясы

Д) симптомдық терапия

557. 28 жастағы науқас стацианарға жатыр ішілік қан ағумен келіп түсті, 2жыл бойы бедеулікпен зардап щегед. Анмнезінде 1жасанда түсік. Зертеу кезінде жалпы және жынысты инфантилизм.

А)ДЖҚ


Б) Бала жолдасының полипы

В) ана қосалқыларының қабынуы

Г)бастапқы түсік

Д) эндометриоз.


558. Эстрогенді препараттарга жатады, төмендегілерден басқасы

А) микрофоллин;

Б) синестрол;

В) фолликулин;

Г) прегнин;

Д) октэстрол.

559. Синтетикалық прогестин құрамына келесі препараттар жатады біреуінен басқасы

А) бисекурин;

Б) нон-оволон;

В) оргаметрил;

Г) овидон;

Д) регивидон.


560. гестогенді белсенді препараттарға төмендегілердің басқасы

А) 17-ОПК;

Б) прогестерон;

В) прегнин;

Г) метиландростендиол;

Д) норколут.


561.Горманалды терапияға қарсы көрсеркіші қай патология кезінде қолдануға болмайды

А) созылмалы бауыр ауруы

Б) гипертониялық ауру

В) тромбофлебит

Г) жарыр миомасы

Д) жүректің декомпенсацияланған ауруы

562. 45жастағы науқас, ДЖҚмен ауырады, стационарға жыныс мүшелерінен қан керу мен түсті. Соңғы рет жатырдың сірлі қабатының қыруы 1.5 ай бұрын болды. Гистология зерттеу эндометри жағындысынан темірлі гиперплазия анықталды. Сіздің тактикаңыз:

А) жатырдың сірлі қабаттының қыру

Б) гистероэктомия;

В) синтетикалық прогестинаминдердің гормоналды гемостазы

Г) гормоналды гемостаз норколутом

Д) симптоматикалық теропия

563. 50жастағы науқас ДЖҚмен және эндометридің ошақты аденоматозы үш айдан кейін гормоналды жатырдан қан ағу басталды. Не жасаймыз?

А) жатырдын ішін қыру

Б) гистероэктомия

В) эндометридің криодеструкциясы

Г) гормоналды гемостаз

Д) вакуум-аспирациялық эндометрия


БЛОК№8

Гинекологиялық аурулар

564. Жыныс мүшесінің қабыну ауруларының трансмисивты жолдарының асқыну ерекшелігі.

А) гонорея үшін

Б) трихомониаза үшін

Б) туберкулез үшін

Г) хламидиялық инфекция үшін

Д) микоплазмалық инфекция үшін

565. Туберкулез инфекциясына күмән туғанда қандай тексерулер қажет?

А) гистеросальпингография;

Б) бактериологиялық зерттеулер;

В) жатыр қуысын қыру, БК себу ;

Г) анамнез жинау, инфекция ошағын анықтау

Д) ректороманоскопия

566. Трихомонада инфекциясының жиі орналасатын ағзасы?

А) жатыр түтікшесі

Б) жатыр


В) қынап

Г) тік ішек

Д) уретра

567. ВИЧ/ СПИД пен қалай жұқтырылмайды:

А) залалсыздандырылмаған бірнеше рет қолданылған инелерді қолдану

Б) СПИД бар науқаспен қорғалмаған жыныстық қатынаста болу

В) СПИД пен ауыратын науқасты құшақтау

Г) лас қалдықтармен арнайы қорғайтын құралдарсыз жұмыс істеу

Д) СПИД пен ауыратын науқасты сүю

568. Лабораторлық зерттеулер жүргізу мүмкін болмағанда жыныс жолдары арқылы берілетін ауруларды қалай диагностика жасайды:

А) қан анализін жүргізу

Б) АҚ және дене температурасын өлшеу

В) гинекологиялық тексеру жүргізу жіне науқастан сурақтар жинау

Г) лабораторлық зерттеулерсіз диагностика жасау мүмкін емес

Д) жалпы зәр анализын жүргізу
569. Гонорея диагностикасы қойылады:

А) Борде-Жангу реакциясы оң болғанда

Б) жатыр түтікшесінің екі жақтық қабынуын анықтағанда

В) уретра және цервикальді канал қоса қабынғанда

Г) жағындыда гонококк табылған жағдайда

Д) гоновакцина енгізуге жауап ретінде дене температурасы 38° С жоғарыласа


570. Хламидиялық инфекцияның жиі себебі болып табылады:

А) бедеулік

Б) етеккір циклының бұзылысы

В) альгодисменорея

Г) жүктілікті көтере алмаушылық

Д) аналық бездің ісігі

571. Науқас қынаптан қою ақшыл түсті бөлінділерге және қатты қышыну сезіміне шағымданды Науқас пиелонефритке байланысты антибиотиктер қабылдайды. Мүмкін болатын қоздырғышы:

А) trichomonas;

Б) candida;

В) гемолитикалық стрептококк;

Г) Додерлейн таяқшасы;

Д) ВПГ.
572. Жыныс мүшелерінде инфекцияның таралуына кедергі келтіретін факторлар?

А) қынаптың қышқыл ортасы

Б) қынаптың сілтілі ортасы

В) цервикальды каналдың шырышты тығыны

Г) гениталийдің каналикулярлы құрылымы

Д) эндометрийдің функциональды қабатының ай сайынғы десквамациясы
573. Нейроэндокринді гинекологиялық синдром ұғымын біріктіретін патологиялық жағдайларды атап шығыңыз:

А) етеккір алды синдромы

Б) Киарри- Фроммель синдромы

В) кастрациядан кейінгі

Г) аналық бездің гиперстимуляция синдромы

Д) климактерлік синдром

574. Нейроэндокринді гинекологиялық синдром кезіндегі негізгі симтомокомплексті атаңыз:

А) нервно- психикалық

Б) экссудативті- катаральді диатез

В) вегетативті- қан тамырлық

Г) желке бұлшықетінің серпімділігі

Д) эндокринді-алмасу

575. Нейроэндокринді гинекологиялық синдромның дамуына келесі қауіп факторлары жатады біреуінен басқасы:

А) бас жарақаты

Б) стресс жағдайлар

В) экстрагенитальды аурулар

Г) нейроинфекция

Г) гормональды контрацепцияны қолдану

576. Етеккір алды синдромының клиникалық формасына төмендегілер кіреді біреуінен басқасы:

А) нервно- психикалық

Б) ісіктік

В) цефалгикалық

Г) субкомпенсациялық

Д) атипиялық


577. Климактерлік синдромның типтік симпотомокомплексі болып табылады?

А) эндокринді- алмасу

Б) вегетативті- қан тамырлы

В) психоэмоциональды

Г) гемморагиялық

Д) нефротикалық

578. Климактерлік синдром қай кезде жиі дамиды?

А) гиполютеинді

Б) гиперэстрогенді

В) гипоэстрогенді

Г) агормональды

Д) гиперпрогестеронды


579. Кастрациядан кейінгі синдромның ауыртпалығы мен ұзақтығына әсер ететін жетекші факторлар төмендегілер болып табылады біреуінен басқасы:

А) климатикалық

Б) преморбидті фон

В) гипоталамо- гипофизарлы –бүйрекүсті безі жүйесінің бастапқы жағдайы

Г) организмнің компенсаторлы реакциясы

Д) әйел жасы

580. Климактерлік синдромның дифференциалды диагностикасын жүргізу керек:

А) жүректің ишемиялық ауруымен

Б) альгодисменореямен

В) қант диабетімен

Г) бронх демікпесімен

Д) циститпен

581. Нейроэндокринді гинекологиялық синдромды емдеуге төмендегілер кіреді біреуінен басқасы:

А) физиотерапия

Б) аэротерапия

В) транквилизаторлар

Г) гормональды терапия

Д) сәулелі терапия

582. Нейроэндокринді гинекологиялық синдромның диагностикасы үшін келесі зерттеу тәсілдері қолданылады, біреуінен басқасы:

А) ТФД


Б) ЭЭГ

В) краниография

Г) гормональді зерттеу

Д) лапаротомия


583. Нейроэндокринді гинекологиялық синдромды емдеуде келеси медикаментозды емес шаралар қолданылады біреуінен басқасы:

А) Щербак бойынша жаға

Б) аэротерапия

В) озокерит

Г) родондық ванна

Д) гелиотерапия

584. Нейроэндокринді гинекологиялық синдромды емдеуде келесі гормональды емес препараттар қолданылады біреуінен басқа:

А) элениум;

Б) обзидан;

В) прозерин;

Г) витаминотерапия;

Д) седуксен.


585. Климактерлік синдромды емдеуде гормональды препараттарды таңдау анықталады?

А) коагулограмма қорытындысымен

Б) гормональды статус мәліметтерімен

В) преморбидті фон сипатымен

Г) науқас жасымен

Д) жатыр мойнының бакпасевінің қорытындысымен

586. Климактерлік синдромда климактерияның гипоэстрогенді және агормогальды фазасында төменде көрсетілген гормональды препараттарды тағайындау керек біреуінен басқасын:

А) синтетикалық прогестиндер;

Б) парлодел;

В) андрогендер;

Г) циклдік гормональды терапия,

Д) эстрогендер +андрогендер


587. Кастрациядан кейінгі синдромда қандай жағдайларда гормональды терапия қарсы көрсеткіш болып табылады?

А) кастрациядан кейінгі синдромның ауыр түрінде

Б) операциядан кейінгі жағдайда сүт безінің ісігіне байланысты

В) рецидивті гайморит

Г) аналық бездің сәулеленуінен кейінгі жағдай

Д) туберкулез

Д) туберкулез.

588. Науқас 35 жаста етеккір алды синдроммен ауырады. Осы жаста қолдануға қолайлы гормональды терапияны атаңыз:

А) эстриол;

Б) норколут;

В) сустанон-250;

Г) эстрадиол-ди-пропионат;

Д) амбосексс.
589. Нейроэндокринді гинекологиялық синдромның профилактикасына төменде аталғандар жатады біреуінен басқа?

А) стресстерді азайту

Б) еңбек және демалыс тәртібі

В) экстрагениталды аурулардың ерте диагностикасы және профилактикасы

Г) созылмалы инфекция ошақтарының санациясы

Д) нейроинфекция профилактикасы


590. Климактерлік синдромды емдеуде қолданылатын заманауй препаратты атаңыз:

А) регевидон;

Б) амбосексс;

В) климен;

Г) норколут;

Д) сустанон-250;


591. Етеккір алды синдром қандай аурумен дифференцияланады? Дұрыс емес жауапты табыңыз:

А) невроз;

Б) альгодисменорея;

В) жүректің ишемиялық ауруы

Г) стенокардия;

Д) қант диабеті.


592. Науқас 33 жаста кейде тері қышынуына, бет және шеткі мүшелердің ісінуіне, етеккірінен бір апта бұрын олигоурияға шағымданады Етеккір қызметі бұзылмаған. Анамнезінде бір криминалды түсік. Гинекологиялық тексерулерде патологиялар анықталмады.

Алдын ала диагноз?

А) невроз;

Б) альгодисиенорея;

В) пиелит;

Г) экзема;

Д) етеккір алды синдром.
593. Агенезия дегеніміз не?

А) жетілмеген мүшелер

Б) туа біткен мүшелердің болмауы

В) мүшелердің бір бөлігінің болмауы

Г) мүшелер деформациясы

Д) жыныс аппаратының төменгі немесе ортаңғы бөліктерінің бітісуі.


594. Аплазия деген не?

А) мүше бөліктерінің болмауы

Б) жетілмеген мүшелер

В) жыныс аппаратының төменгі немесе ортаңғы бөліктерінің бітісуі

Г) мүшелердің ұлғаюы

Д) туа біткен мүшелердің болмауы

595. Қынап атрезиясының себебі?

А) жиі түсіктер

Б) жыныс мүшелерінің ісіктері

В) құрсақ ішілік немесе постнатальды қабыну процесстері

Г) көрші мүшелердің ісіктері

Д) жамбас түбі бұлшықеттерінің жетіспеуі

596. Науқас К.15жаста, 1 жыл бойы іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады. Соңғы айларда сыртқы жыныс мүшелерінің керіп ауыру сезімі мазалайды. Соматикалық сау. Етеккірі жоқ. Обьективті: жағдайы қанағаттанарлық. Екіншілік жыныс белгілері жеткілікті дамыған. Пальпация жасағанда қасаға үстінен дөңгелек құрылым анықталады, жоғарғы шекарасы қасағадан екі көлденең саусаққа жоғары. Сыртқы жыныс жолдарын қарағанда көгілдір түсті томпаюлар көрінеді . Ректальды тексерілді: кіші жамбас қуысында дөңгелек құрылым анықталды, жаңа туылған баланың басының өлшеміндей, консистенциясы тығыз эластикалық, тексергенде ауру сезімінсіз.

Дұрыс диагноз таңдаңыз?

А) аналық без ісігі

Б) жатыр миомасы

В) қыздық перденің атрезиясы

Г) хорионкарцинома

Д) жатыр саркомасы

597. Науқас К.15жаста, 1 жыл бойы іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады. Соңғы айларда сыртқы жыныс мүшелерінің керіп ауыру сезімі мазалайды. Соматикалық сау. Етеккірі жоқ. Обьективті: жағдайы қанағаттанарлық. Екіншілік жыныс белгілері жеткілікті дамыған. Пальпация жасағанда қасаға үстінен дөңгелек құрылым анықталады, жоғарғы шекарасы қасағадан екі көлденең саусаққа жоғары. Сыртқы жыныс жолдарын қарағанда көгілдір түсті томпаюлар көрінеді . ректальды тексерілді: кіші жамбас қуысында дөңгелек құрылым анықталды, жаңа туылған баланың басының өлшемімен, консистенциясы тығыз эластикалық, тексергенде ауру сезімді. Науқаста қандай аменорея байқалады?

А) физиологиялық

Б) шынайы біріншілік

В) шынайы екіншілік

Г) жалған біріншілік

Д) жалған екіншілік
598. Науқас К.15жаста, 1 жыл бойы іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады. Соңғы айларда сыртқы жыныс мүшелерінің керіп ауыру сезімі мазалайды. Соматикалық сау. Етеккірі жоқ. Обьективті: жағдайы қанағаттанарлық. Екіншілік жыныс белгілері жеткілікті дамыған. Пальпация жасағанда қасаға үстінен дөңгелек құрылым анықталады, жоғарғы шекарасы қасағадан екі көлденең саусаққа жоғары. Сыртқы жыныс жолдарын қарағанда көгілдір түсті томпаюлар көрінеді . ректальды тексерілді: кіші жамбас қуысында дөңгелек құрылым анықталды, жаңа туылған баланың басының өлшемімен, консистенциясы тығыз эластикалық, тексергенде ауру сезімді. Дұрыс ем тағайындаңыз?

А) оперативті ем- аналық без ісігін алып тастау

Б) консервативті ем

В) оперативті ем- жатырдың қосалқыларымен бірге қынап үстілік ампутациясы

Г) қыздық пердені крест тәрізді жару

Д) лапаротомия, іш пердені ашқан сәтте оперативті ем көлемін анықтау


599. Науқас Л. 21 жаста, етеккірдің келмеуіне, 1,5жыл бойы бедеулікке шағымданады . соматикалық сау. 13 және 18 жасында шат аймағындағы грыжаға операция жасалған. Науқас тұратын аймақта жақын туыстар арасында некеге тұрғандар бар. Етеккір мүлдем келмеген. 19жастан бастап жыныстық қатынаста. Контрацептивті заттарды қолданбайды. Обьективті: науқас дұрыс дене бітімді, бойы 165, салмағы 69кг. Екіншілік жыныс белгілері жақсы дамыған. Гинекологиялық статус: сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған, түктенуі әйел типті. Қынап ұзындығы 8-9см, соқыр біткен, жатыр және оның қосалқылары екі жақтан анықталмайды. Ары қарай зерттегенде жыныс хроматині -0, кариотип 46 XY. Науқаста қандай аменорея байқалады?

А) физиологиялық

Б) жалған екіншілік

В) шынайы екіншілік

Г) криптоменорея

Д) шынайы біріншілік


600. Дұрыс диагнозды таңдаңыз:

А) Шершевский – Тернер синдромы

Б) тестикулярлы феминизация

В) Майер – Рокитанский – Кюстнер синдромы

Г) Шиен синдромы

Д) гонададисгенезиясы


601. Емдеу жоспарын құрыңыз?

А) емдеуді қажет етпейді

Б) оперативті емдеу- кольпопоэз

В) орын басушы гормонотерапия

Г) овуляцияның стимуляциясы

Д) қабынуға қарсы терапия


602. Жатырдың төменге тігінен ығыса орналасуы қалай аталады?

А) Эливация

Б) төмен түсу

В) Флексия

Г) Верзия

Д) Элонгация


603. Жатырдың көлденеңінен ығыса орналасуы латынша қалай аталады?

А) Флексия

Б) Верзия

В) Эливация

Г) Төмен түсу

Д) Позиция


604. Жатырдың түгел түсу диагнозы қай кезде қойылады?

А) жатыр мойны интерспинальды сызықтан төмен орналасса

Б) жатыр мойны жыныс қуысынан тыс жерде орналасса

В) бүкіл жатыр жыныс қуысынан төмен орналасса

Г) жатыр мойны интерспинальды сызықта орналасса
605. Науқас Н.., 30 жаста, зәрінің және газ ұсталмауына шағымданды. Өзін 2 жылдан бері аурумын деп санайды. Соматикалық түрде дені сау. Босану -3, соңғы2жыл бұрын босану аралықтың II дәрежелі жыртылуымен асқынған. Гинекологиялық статус: сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған, қынаптың алдыңғы және артқы қабырғасының төмен түсуі байқалады. Айнамен қарағанда: жатыр мойны ұзарған, таза. Күшену барысында жатыр мойнының қынаптық бөлігі жыныс қуысынан тысқары шығады. PV: жатыр денесі төмен түскен, қалыпты көлеммен, ауру сезімсіз. Қосалқы бөліктері екі жақтан да анықталмайды.

Дұрыс диагнозды таңдаңыз?

А) жатырдың түсуі

Б) қынаптың алдыңғы қабырғасының төмен түсуі

В) қынаптың артқы қабырғасының төмен түсуі

Г) жатырдың толық түспеуі

Д) жатырдың толық түсуі
606. Емдеу жоспарын құрыңыз?

А) жатырдың вентрофиксациясы, алдыңғы және артқы кольпоррафиясы леваторопластикасымен

Б) жатырдың қынаптық экстирпациясы

В) алдыңғы және артқы кольпоррафия

Г) ортаңғы кольпоррафия

Д) жатырдың қынаптық экстирпациясы жамбас қуысы бұлшық етінің пластикасымен


607.Қандай әдіс түтікті бедеулікті нақтылай алады:

А) кіші жамбас мүшелерінің УДЗ.

Б) посткоитальды тест.

В )метросальпингография.

Г) ТФД.

Д) гормональды зерттеулер.


608.Эндокринді бедеулік немен сипатталады:

А )Овуляцияның бұзылысы.

Б) Спермаға қарсы антидененің пайда болуы.

В) Гениталийдің анатомиялық өзгерістерімен.

Г) Жатыр түтіктерінің гипертонусы.

Д) Хромосомалардың аномалиясымен.


609.Еркектердің бедеулігінің кеңінен таралған себебін атаңыз:

А) Эндокринді бұзылыстар.

Б) Хромосомалық аномалиялар.

В) Варикоцеле.

Г ) Крипторхизм.

Д) Уретрит.


610. Төменде көрсетілгендерде әйелдер бедеулігінің жиі кездесетін формасына жатпайтыны:

А) Эндокринді.

Б) Каналды-перитониалды.

В) Иммунологиялық.

Г) Әртүрлі гинекологиялық аурулардың нәтижесінде.

Д) Түсініксіз.


611. Экстрокорпоральды ұрықтандырудың абсолютті көрсеткіштерін көрсетіңіз:

А) Тұқым қуалаушылық аурулар .

Б) Түтікшелі бедеулік.

В) Белгісіз генездің бедеулігі.

Г) Иммунологиялық бедеулік.

Д )Эндометриоз.


612.Төменде көрсетілген патологиялық жағдайларға негізделген эндокринді бедеулікке жатады, біреуінен басқасы:

А) Гиперпролактинемия.

Б) Гиперандрогения.

В) Гипотереоз.

Г) Босанудан кейінгі НЭС.

Д) Эндометрийдің рецепторлық звеносының бұзылысы.


613.Экстрокорпоральды ұрықтандыруға қарсы көрсеткіш болып табылады:

А) Тұқым қуалаушылық аурулар.

Б) Жатыр түтіктеріне жасалған микрохирургиялық операцияның тиімсіздігі.

В) Еркектік бедеулік.

Г) Гениталийдің қабынулық процесі.

Д) Аналық безінің резекциясы.


614.Бедеуліктің перитонеальды формасын қандай әдіспен болжауға болады:

А ) Краниография.

Б) Гормональды зерттеулер.

В) Бимануальды зерттеулер.

Г) Базальды температураны өлшеу.

Д) Посткоитальды тест.

615. Кломифенді қолдану көрсетімдерін атаңыз:

А) Вагинизм.

Б) Эпидидимит.

В) Антисперменталдық антиденелердің болуы.

Г) Жатыр түтігіне жасалатын пластикалық операциялардың тиімсіздігі.

Д) Лютеиндік фазасының жеткіліксіздігі.


616. Айқын емес генездің бедеулік параметрлеріне төменде аталғандардың қайсысы жатпайды:

А) Күйеуіндегі қалыпты спермограмма.

Б) Шуварский-Гунердің жағымды сынабы.

В) Жатыр түтігінің өткізгіштігі.

Г) Ретті овуляторлық етеккір циклы.

Д ) Күйеуіндегі гиперпролактинемия.


617. Донор шәуетін жасанды ұрықтандырудың көрсетімдеріне төменде аталғандардың қайсысы жатпайды:

А) Күйеуіндегі азооспермия.

Б) Күйеуіндегі тқым қуалайтын аурулар.

В) Теріс посткоиталдық тест.

Г) Күйеуіндегі импотенция .

Д) Күйеуіндегі олигоспермия.


618. Етеккір циклының қай фазасында донор шәуетімен жасанды ұрықтандыруды бастаған дұрыс:

А) Фолликуливтік.

Б) Лютеиндік.

В) Овуляцияда.

Г) Етеккір күндерінде.

Д) Етеккір циклының кез-келген күндерінде.


619. Ер адам бедеулік факторларына төменде аталғандардың қайсысы жатады:

А) Паротит.

Б) Бронхоэктатикалық ауры.

В) Маскүнемділік.

Г) Сәулеге шалдығу.

Д) Туберкулез.


620. Эндокриндік бедеулікті дәлелдеудің негізгі тәсілін көрсетіңіз:

А) ТДФ


Б) Кимопертубация.

В) Курцрок-Миллердің сынабы.

Г) Шуварскийдің сынабы.

Д ) Гистероскопия

621. Патологиялық спермограммаға тән шәует көрсетіштерін анықтаңыз:

А) Сперматозоиттер саны: 1 мл.-да 20х10/6 в 1 мл.

Б) Қозғалғыштығы 50%Г

В) Қалыпты морфология 40%

Д) Көз жетерліктегі лейкоциттер саны: 5-6.
622. Бедеуліктің иммунологиялық формасын анықтаудың информативті тестін атаңыз:

А) ТДФ


Б) Курцрок-Миллердің сынабы.

В) Қынап жағындысының цитологиясы.

Г) Лапароскопия.

Д) Хромогидротубация.


623. Эякулятта сперматозоидтардың шоғырлануы 1 мл.-да ең кем дегенде 20х10/6. Осы патологиялық жай қалай аталады:

А) Азооспермия.

Б) Олигозооспермия.

В) Астенозооспермия.

Г) Тератозооспермия.

Д) Аспермия.


624. Аталған факторлар қандай бедеулікке ұшыратады: шап инфекциясы; жиі инвазивтік шаралар.

А) Түтікті-перитонеальды бедеулік

Б) Эндокриндік бедеулік

В) Генетикалық факторлар;

Г) Жатыр факторлары;

Д) Ер адамдық бедеулік.


625. Төменде аталғандардың қайсысында жатыр түтігіне микрохирургиялық операцияларды жасауға болмайды:

А) шап туберкулезі;

Б) кіші жамбас қуысындағы көптеген жабысқақ үрдісі;

В) пиосальпинкстер;

Г) қайталанған сальпингоофорит;

Д) 6 ай бойы консервативті емдеуден ешқандай нәтиженің болмауы.


626. Түтікті-перитонеальды ұрықсыздықты нақтылауда төменде аталған зерттеулердің қайсысын жасауға болмайды:

А) гистеросальпингография;

Б) кимопертубация;

В) лапароскопия;



Г ) хромогидротубация;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет