60
МӘДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
ҚҰЗІРЕТТІЛІГІНІҢ ДАМУ МОДЕЛІ
М. Беннет алғашқы болып мәдениаралық қарым-қатынас құзіретті-
лігінің негізгі бөліктерін теңдестіретін модель ойлап тапты. Ол өз үлгі-
сін
мәдениаралық сенсетивтілік үлгісінің дамуы деп атайды.
М. Беннет мәдениаралық сенсетивтілікті «неғұрлым жарастыра ала-
тын, дамитын мәдени айырмашылықтар» деп түсіндіреді, яғни, мәдени
айырмашылықтарды мойындамаудан бастап
мойындауға дейін және
сол айырмашылықтарды мақұлдай отырып, сол айырмашылықтар ая-
сында өзіндік «Менді» сақтау, қатыссыз мәдени шынайылықтармен бі-
ріге отырып, керек кезінде олардан бөліне білу.
М. Беннеттің үлгісі мәдениаралық сенситивтіліктің
алты сатысын
ұсынады. Алғашқы үш сатысы дамудың этноцентристік кезеңін, ал
қалған үш сатысы – этнорелятивистік дамуды тізбелеп көрсетеді.
1.
Мойындамау. Неғұрлым қате этноцентристік кезең жалпы мәде-
ни айырмашылықтардың бар екендігін мойындамаудан басталады. Бұл
кезеңдегі адамдар физикалық немесе психологиялық
тұрғыда басқа мә-
дени топтардан жекеленген болуы мүмкін немесе мұндай айырмашы-
лықтардан алшақтану үшін немесе тасалану үшін физикалық немесе
әлеуметтік кедергілерді қозғай алуы мүмкін.
2.
Қорғаныс. Этноцентризмнің екінші кезеңінде адам мәдени айыр-
машылықтардың бар екендігін мойындауы мүмкін, бірақ ол өзін ол
айырмашылықтардан
қорғайды, себебі, айырмашылықтар қауіпті
«Мен» ретінде ұғынылады. Көп адамдар бұл кезеңде басқаларды жаз-
ғыра отырып, олармен қарым-қатынастан сақтана жүреді.
3.
Кеміту. Этноцентризмнің үшінші кезеңі мәдени айырмашылық-
тардың бар екендігін мойындаумен байланысты, бірақ, сонымен қатар,
олардың жеке өмірде әсері аз екендігін немесе өзі үшін маңызы жоқ-
тығын көрсетумен байланысты. («Барлық адамдар бірдей,
сондықтан
мен не үшін айырмашылықтар жайында ойлауым керек?»).
4.
Қабыл алу. Бұл бөліктің бірінші кезеңінде мәдени айырмашы-
лықтар мойындалып қана қоймай, сонымен қатар сыйластықпен қара-
лады. Сыйластық мынадай деңгейлерде көрінеді: бірінші, мәдени
айырмашылықтардың әртүрлі іс-әрекеттер манифестациялары дең-
гейінде, одан соң әртүрлі мәдениет өкілдері ұстанатын мәдени құнды-
лықтар деңгейінде.
5.
Бейімделу. Этнорелятивистік дамудың
бұл сатысында индивид-
тер өздері мойындайтын мәдени айырмашылықтарға бейімделе бас-
тайды және басқа мәдениет адамдарымен қарым
-қатынас
жасайтын
61
жаңа дағдылар ойлап таба бастайды. Осындай дағдылардың бірі –
эм-
патия – басқа адамның эмоциясы мен қайғысын өзін сол адамның ор-
нына қоя отырып түсіне білу. Екінші дағды пікір алмасу түсінігіне
байланысты. Жеке адам пікір алмасу (көпшіліктік) философиясын өзі-
нің құндылықты, пікірді және жағдайды қалай түсінеді солай қабыл-
дайды. Олар бұл жағдайда айырмашылықтар мен көпшіліктіктер тура-
лы өз түсініктерін қамтитын ойша мәдени контекстерді құрастырады.
Пікір
алмасу бұл мағынада бимәдениеттілік және
көпмәдениеттілік
терминдерімен тығыз байланысты.
6.
Интеграция. Этнорелятивизмнің соңғы кезеңі пікір алмасу көрі-
нетін контекст аясы арқылы философия және саналы түсінік тұрғысы-
нан мәдени айырмашылықтарды бағалау қабілетіне байланысты.
Айырмашылықтар бір жеке мәдени ұстаным негізінде емес, көпшілік-
тік және контекст негізінде бағаланады. Бұл ықпалдастық деңгей
құ-
рамдалған маргиналдылыққа әкелуі мүмкін. Мұнда жеке адамдар ойша
әртүрлі мәдени жүйелер шегінің ішінде өмір сүре алады. Сонымен қа-
тар, олар бұл мәдени жүйелерге бірдей дәрежеде қосылып және әлеу-
меттік контекстке сәйкес олардан шыға алады.
М. Беннеттің үлгісі ширақ, себебі мұнда жай ғана бастапқы, ортаң-
ғы және соңғы кезеңдер туралы айтып қана қоймай, сонымен қатар, әр
кезеңде кездесетін өзгерістер туралы да айта кеткен. Бұл модельді кес-
те арқылы да көрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: