(Леонтович О.А.), Язык и межкультурная коммуникация (Учебное по-
собие, Тер-Минасова С.Г.), Проблема стереотипов в межкультурной
коммуникации// Россия и Запад: диалог культур (Рёш О.), Словарь по
межкультурной коммуникации. Понятия и персоналии (Зинченко В.Г.,
Зусман В.Г. және т.б.), Словарь терминов межкультурной коммуни-
кации (Жукова И.Н., Лебедько М.Г. және т.б.) және т.б.
Бұл оқу сөздігі ЖОО-ның студенттері, магистранттары мен докто-
ранттарына, оқытушыларға арналған. Ол мәдениаралық коммуникация
саласы бойынша жас мамандардың ғылыми-тәжірибелік дайындығын
шыңдауға, мәдениаралық қарым-қатынасты зерттеу дағдыларын игеру
мақсатында базалық терминологиямен танысу арқылы мәдениаралық
құзыреттілікті қалыптастыруға көмектеседі.
Сөздік әліпбилік жүйемен құрастырылған. Сөздіктің құрылымы кі-
ріспеден және негізгі бөлімнен тұрады. Негізгі бөлім қазақ және орыс
тілді терминдерді қамтиды. Бұдан басқа сөздік құрылымына Мәдени-
аралық коммуникациядағы құзыреттілікті қалыптастыру модельде-
рі, Тұлғааралық коммуникацияның модельдері, Мәдениаралық комму-
никацияның негізгі теориялары, Қостілді коммуникацияда қолданылатын
терминдер көрсеткіші: қазақ-орыс, орыс-қазақ, орыс-ағылшын.
Сөздік құрастырушылары 2010 жылғы «Лингвистика», «Шетел фи-
лологиясы» мамандығының магистранттары М. Атымқұловаға, Г. Бө-
рібаеваға, А. Назароваға, Ж. Нұрымбаеваға, Д. Тұрсынбаеваға 2011-
2012 жылғы «Мәдениаралық коммуникация метатілі» атты ғылыми
жоба түріндегі сөздікті апробациялау жұмыстарына белсенді қатыс-
қандары үшін алғыс білдіреді. Сондай-ақ сөздікті құрастырушылар
жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының маманы А. Қарта-
баеваға сөздіктің көрсеткіштерін тексеруге белсене атсалысқаны үшін
алғыс білдіреді.
НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР МЕН ҰҒЫМДАР
|