-
Балаға таңдай (небо) берсе, әнші болады.
-
Балаға құлақ берсе, сақшы (острый слух) болады.
-
Қыз балаға жүрек береді, мейірімді (милосердная) болсын деп..
-
Қыздың шәші өссін деп., желке (затылок) береді.
Тыйымдар – запреты
-
Балаға қабырға бермейді, бойы өссін деп..
-
Бала ауырмасын деп., бүйрек (почки) бермейді.
-
Балаға бас ұстатпайды, ми жегізбейді, мейірімсіз болады деп..(Чтобы дети не стали черствыми к родителям им не дают голову и мозг.)
XI. Ет жегеннің бәрі қонақ” дейді халқымыз.
Қазақ - қонақжай халық. Қазақ халқы қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Қазақта “қонақты қусаң-құт, ырыс қашады”, “қонақпен еріп құт, ырыс келеді” деген мәтелдер бар.
Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген.
XII. Қонақты қарсы алу рәсімі.
Ең алдымен қонақтарға сусын (қымыз, шұбат, айран) беріледі. Дастарханға нан қойылады.
Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға сый-сыяпат көрсету сол үйдегі әйел мен бойжеткен қызға үлкен сын болған.
Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі бар жағдайды жасайды. Ол үшін үй иесі әңгіме құрып, қонақпен бірге отырады.
Бүгінгі біздің әңгімелесу тақырыбымыз “Ұлттық тағамдар”.
XIII. “Нан – дәм басы”. Ұннан жасалған ұлттық тағамдар — шелпек, бауырсақ.
1. Шелпек туралы. “Өлі разы болмай, тірі байымайды” — дейді халық. Жұма күні шелпек пісіріледі., әруақтарға арнап құран оқытылып барып беріледі. “Жеті шелпек” деген ұғым осыдан тараған.
2. Бауырсақ. Дастарханның бас асы - бауырсақ. Бауырсақ жоғары сапалы ақ ұннан май құйып иленіп, құйрық майға қуырылады. Көлемі өріктің үлкендігіндей. Ақ бауырсақ бұрынырақта көбінесе арнаулы сыйлы қонақтарға арнап пісірілген. Мұндай бауырсақтың сүт пен майлы сорпаға иленген, кейде жұмыртқа қосып илеген түрі де бар.
3. Етті кептіру мен сүрлеу 97 бет. Бектұров.
-
Құйрық – бауыр 97 бет.
-
Шұжық – 97 бет.
-
Қуырдақ
-
Мипалау – 98 бет.
-
Қымыз (құнан /, 3 тәулік /, дөнен /, 4 тәулік,/, бесті қымыз / 5 тәулік / ашытылған қымыз
-
Айран – 102 бет.
-
Ірімшік – 103 бет.
XIV. Қазақ халқының ежелден бері салт-дәстүрінің бірі-бата беру.
Бата – тілек асқа да беріледі.
Бата
Дастарханың мол болсын!
Абыройың зор болсын!
Бақ берсін, бас берсін!
Өміріңе ұзақ жас берсін!
Әумин.
Жұмбақтар
-
Алға жайып тұз-дәмін,
Келтіреді үй сәнін (дастархан)
-
Ұрмай – соқпай жылатады,
Әркім бірақ ұнатады. (пияз)
-
Есігі жоқ,
Тесігі жоқ,
Ақ доптың ішінде
Несібі көп (жұмыртқа)
-
Аппақ су-дәмі тәтті
Ішсең сусын қандырады,
Шөлдегенде қатты
Және ең мықты дәрі (қымыз)
-
Аппақ сұйық
қалса ұйып
Шөлің қанады,
Ішсең құйып. (сүт пен айран)
-
Әжем уыстап сығып,
Далада кептірген
Қатты әрі тәтті дәмін,
Кім бар жеп көрген. (құрт)
-
Қос басы жұмыр
Жіңішке құбыр
Ішіне жиған
Майы да бар. (жілік) – кость
XV. Қоштасу.
Ал, сөз кезегін алыстан келген қонағымызға берейік.
Аren, what do you wish for ous?
-
You are very kind!
— Өте мейірімді екенcіз – Вы очень добры.
-
I am sincerely thanhful to you.
— Шын жүректен алғыс айтамын. – Искренне вас благодарю.
-
Мен сіздерге дән ризамын! Я глубоко признателен Вам!
-
Good bye! – Аман сау болыңыздар! До свидания!
XVI. Қоштасу. Алыстан келген қонақты шығарып салайық.
«Aren, орамал – тон болмайды, жол болады» деген мақал бар.
Сізге орамал сыйлаймыз. Риза болыңыз!
-
Thanks! — Рақмет!
-
Сау болыңыз! — Будьте здоровы!
-
Келесі кездескенше! До скорой встречи!
-
Көріскенше аман сау болыңыздар! До свидания!
Мақалдар:
-
Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ.
Гостей приглашают, но не выгоняют.
-
Қонақ келсе, құт келер.
Гость придет – счастье в дом войдет.
-
Қонағыңның алғысын ал.
Дорога благодарность гостя.
-
Шақырғанға бармасаң, шақыруға зар боласың.
Если от приглашения откажешься, в другой раз - не дождешься.
-
Өле жегенше, бөле же.
Поделись едой с ближним.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ (саяхат сабағы)
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері.
Сабақтың мақсаттары:
Білімдік: оқушылардың ой-өрісін кеңіту, қазақ халқының салт-дәстүрін басқа ұлттар арасында кеңінен таратып дәріптеу.
Тәрбиелік: қазақ тілін үйренуге баулу, қазақ ұлттық киімдерімен таныстыра отырып әсемдікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөздік қорын байыту, өз ойын тұжырымдап айта білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі – саяхат сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндірме, сұрақ-жауап, әңгімелеу, сөйлесу, ЖБЖ (жоғары белсенділікті дамыту әдісі (интерактив)
Көрнекіліктері: қазақ ұлттық киімдер көрмесі, тіл дамытуға арналған суреттер көрмесі, “Сымбат” сән үйінің сәнді киім үлгілері көрмесі, кітап көрмесі.
Оқыту түрлері: (формы)
-
жекеше
-
топтық
Оқыту құралдары:
-
Оқулық. Күлпәш Сариева “Қазақ тілі және Елтану” 1997
-
тірек конспектілер
-
“Мир казахов” Ақселеу Сейдімбек, Рауан 2001
-
Сен білесің бе? Кіташасы, 2001
-
энциклопедия
-
Сән журналы.
Пәнаралық сабақтастық “тарих пәнімен байланыстыру шетел тілі пәнімен байланыстыру)
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Кіріспе сөз: “Жеті атасын білген ұл
Жеті жұрттың қамын жер
Өзін ғана білген ұл
Құлағы мен жағын жер” – деген
Қазақ мақалында айтылғандай, қазақ халқының тарихын білу – біздің парызымыз.
Балалар, тарих пәнімен пәнаралық байланыс өткізейік.
Ежелден қазақ елі үш жүзге бөлінген. Олар: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз.
Жүз дегеніміз – ру, тайпалардың бірлесіп отыруы.
Әр жүздің мекендеген жері болған.
Әр жүздің өз ұраны, таңбасы, биі болған.
Бүгін сабақта сынып оқушылары 3 топқа бөлініп отыр
1-ші топ – Ұлы жүз
2-ші топ – Орта жүз
3-ші топ – Кіші жүз
№ 1. Саяхат сабағымыздың бірінші кезеңі – командаларды бір-бірімен таныстыру рәсімі.
Ұлы жүз – “үйсін”. Жетісу, Сыр бойын мекендеген.
Ұраны: “Қауға беріп, қойға қой!”
Таңбасы: Нәл таңбасы “Л”. Биі: Төле би.
Орта жүз – “арғын”. Сарыарқа атырабын мекендеген.
Ұраны: “Қалам беріп, дауға қой!” Таңбасы Босаға “П”
Биі: Қаз дауысты Қазыбек би.
Кіші жүз – “алшын” Арал, Каспий өңірін мекендеген
Ұраны: “Найза беріп жауға қой!”
Таңбасы: Жебе таңбасы
Би: Әйтеке би.
3 сұрақ
-
(XVIII) үш жүзді біріктірген ханның шын аты кім? – Абылай хан.
-
Абылай ханды қолдаған батырларды атап шығыңыз.
-
Абылай ханның ту ұстаушы бас батыры кім болған? – Қабанбай батыр
Ал, балалар, тіл жаттықтыру кезеңін өткізейік (речевая зарядка)
Сөздіктеріңді ашыңдар. “Қазақтың ұлттық киімдері” тақырыбына арналған сөздікпен жұмыс өткізейік.
Сөздік
-
Бағалы ескерткіштер – ценные памятники
-
халықтың рухани мәдениеті – духовная культура народа
-
ұлттық ерекшеліктері – национальные особенности
-
мәдени дәстүрлері – культурные традиции
-
ғасырлық тәжірибе – вековой опыт
-
эстетикалық талғамы – эстетич. Вкус
-
халық шеберлері – народные мастера
-
өлмес туындылар – бессмертные произведение
-
әшекей заттар – красивые украшения
-
рухани байлық – духовное богатство
-
мемлекеттік мұражай – государственный музей
-
сұлулыққа құштарлығы – стремление к красоте
-
өнер туындылары – произведения исскуства
-
киім үлгілері – образцы одежды
-
қолтума – оригинал, исконный
-
киім-кешек – одежда
32 сөз
3 топпен фонетикалық жаттығу өткізу.
№2. Саяхат сабағымыздың 2-ші кезеңі – Сөзсайыс.
Әр топтан 1 оқушы шығады.
Қазақ халқының киім-кешегі туралы кім әңгімелеп береді?
1-ші топқа сұрақтар:
-
Қазақ халқының киім-кешегі қандай мәдениеттің бағалы ескерткіштерінің бірі?
-
Қазақтың ұлттық киімдерінен не байқалады?
2-ші топқа сұрақтар:
-
Халықтың сұлулыққа құштарлығының дәлелі не?
-
Халық шеберлерінің қолтумалары неге айналды?
3-ші топқа сұрақтар:
-
Нелер қазақ халқының мәдени қазынасы деп саналады?
-
Киім үлгілерін қайда көруге болады?
№ 3. Саяхат сабағымыздың 3-ші кезеңі – сынып мұражайына саяхат. Сіздерді қазақтың ұлттық киімдері көрмесін көруге шақырамын.
Көрменің демеушілері (спонсоры) – ата-аналар, мектеп мұғалімдері, мектеп оқушылары.
№ 4. Саяхат сабағымыздың 4-ші кезеңі – Сурет көрмесіне саяхат.
Біздің мектептің 10 “Е” сыныбында Жүнісова Анита деген оқушы бар. Ол – жас суретші. Жас таланттың суретіне назар аударыңыздар.
Ерлердің ұлттық киімдері
-
жейде
-
шалбар “Жарғақ шалбар” – брюки из кожи
-
жеңсіз қамзол – безрукавки
-
шапан – верхняя одежда
-
ішік (қасқыр, түлкі ішік) – меховая шуба
-
тон – тулуп
-
белдік – пояс
-
кісе белдік – пояс ножнами
Ерлер бас киімі:
-
киіз қалпақ – войлочная шляпа
-
айыр қалпақ = хан қалмақ – ханский калпак
-
тымақ – ушанка (треух. С остроночным вехом)
Ерлер аяқ киімі:
-
мәсі – ичиги (сапоги без каблуков)
-
саптама етік – сапоги с высокими голенищами и войлочными чулками внутри – байпақ.
Ерлердің ұлттық киімдері туралы кім әңгімелеп береді?
Әйелдер киімдеріне назар аударыңыздар:
-
Үкілі тақия (бойжеткен)
-
сәукеле (қалыңдық, келін)
-
ақ жаулық (жас келіншек)
-
кимешек (жас келіншектер, егде әйелдер)
-
үкі қауырсыны – перья филина
-
көз тию – сглаз
-
кемер белдік – пояс с бляшками
-
жібек көйлек
-
қамзол
-
шапан
Әйелдер аяқ киімі:
-
мәсі – игичи
-
былғары етік – кож. Сапоги
-
кебіс – кожаные калоши
-
“Көк сауыр етік” – сапоги с голубыми голенищами Названия идет от цвета сапог, подчеркивая их изящество.
Монолог: Әйелдер киімі
Әйелдердің ұлттық киімдері ерекше сәнділігімен көзге түседі. Бойжеткендер мен келіншктердің киімдері әсем өрнектеліп, оюланып тігіледі. Ақ, сары, қызыл, жасыл жібек көйлектер қамзолмен киіледі.
Әйелдер бас киімі: үкілі тақия, сәукеле, бөрік, кимешек (самай шашын көрсетпеу үшін өз жасына лайықты кимешек киген).
Әйелдер аяқ киімі: мәсі, кебіс, етік.
Сөз кезегін көрме жетекшісіне берейік.
Сәукеле
Сәукеле – қалыңдықтың бас киімі.
Сәукелені жасау үшін зергер бір жыл еңбектенген, көп қаржы керек болған. Сәукеле күміспен, асыл тастармен, маржанмен (жемчуг) әшекейленген.
Көз тиюден сақтайтын киелі құс-үкінің қауырсыны сәукеленің төбесне тігіледі.
Сәукелеге міндетті түрде жұқа ақ желек (вуаль) ілетін болған. Ол беташар айтылғанда қалыңдықтың жүзін, бүкіл денесін жауып тұратындықтан, қыздың дене пішімін өте нәзік, сымбатты етіп көрсетеді.
Баяғыда сәукеленің құны 100 жылқыға тең болған.
Кимешек
Сөз келесі көрме жетекшісіне беріледі.
Қазақ әйелдерінің бас киімі-кимешек.
Кимешекті жас келіншектерден бастап егде жастағы әйелдерге дейін киген. Ол көбінесе ақ матадан тігілген, ал жастау келіншектерге үлбіреген ақ жібектен жасалған. Кимешек басты, мойынды, кеудені, иықты және жауырынды жауып тұрады. Көбінесе жас келіншектерге арналған кимешектердің бет жақтаулары алуан түрлі ою-өрнектермен кестеленіп, кейде алтын, күміс, асыл тастармен, моншақтармен әшекейленеді.
№ 5. Саяхат сабағымыздың келесі кезеңі.
“Ұлттық киім дүкеніне саяхат” Б II 78 бет.
Өткенмен қошатаса отырып, дәстүрге қайта ораламыз.
Бұл әсіресе соңғы жылдары айқын байқалады.
Біз ұлттық киімдерге назар аудара бастадық.
Өйткені әсемдік - мәңгілік. Ол ешқашан қартаймады.
№6. “Сымбат” сән үйіне саяхат.
“Сымбат” сән Академиясы дәстүрді қайта жаңғыртуға өз үлесін қосып келеді. Италияндықтар мен Француздарды қайран қалдырған ұлттық киімдердің тамаша жиынтықтарын Сән театрының көрсетілімдерінде қызықтауға болады.
Ежелгі ұмыт бола бастаған талай мүліктер
Бірінде өмірге қайта келіп, жаңғыра түсуде.
Мына бір киіз үйдің бағзы заманғы әшекейі
Бүгінгі сәнмен үйлесім табаны деп Кім ойлаған?
Қолдан жасаған әшекейлер. Самодельные аксессуары
Өз қолымен өзгелерде жоқты жасап алған адам шын шебер. Шығыстың дәстүрі мен қазіргі заманның талғамы тамаша үйлесіп тұрған мына бір былғарыдан істелген сәнді әшекеілерді “Сымбат” сән Академиясының суретші-үлгішілері жасаған.
№ 7. Соңғы аялдамамыз. Сұхбат – Интервью.
-
Ерлердің қандай қандай киімдерін білесіз?
-
Олардың қайсысы бүгінгі күнде пайдаланылады?
-
Әйелдердің киімдері қандай?
-
Әйелдердің қандай бас киімін білесіз?
-
Ұлттық киімдер әдемі ме?
-
Ұлттық киімдерді осы заманда киюге ыңғайлы ма?
-
Сіздер оны қандай кезде киесіздер? (тойға, той-думанға, Наурыз тойына).
-
Қазақ халқының киім-кешегінің бүгінгі күн үшін қандай мәні бар. (олар қазақ халқының мәдени қазынасы).
-
Оны көріп отырып біз қандай әсер аламыз? (оны көріп отырып мақтаныш сезімі сезіледі)
-
“Сымбат” сән үйінің киім үлгілерін көргендегі алған әсерімізді 3 тілде жеткізейік:
Қандай тамаша! Как прекрасно!
Қандай сәнді! Как модно!
Өте әдемі! Очень красиво!
Сондай жарасады! Так идет!
Сондай ыңғайлы! Так удобно в нем!
Әсемдік мәңгілік! Красота вечно!
Қорытынды:
Адам көркі – киім. Человека украшает одежда.
“Адамның бойындағысының бәрі де: жүзі де, киген киімі де, жаны да, ойлары да әсем болуы керек”. А.П. Чехов.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ (саяхат сабағы)
Сабақтың тақырыбы: Киіз үй
Сабақтың мақсаттары:
Білімдік: оқушылардың ой-өрісін кеңіту, қазақ халқының салт-дәстүрін басқа ұлттар арасында кеңінен таратып дәріптеу.
Тәрбиелік: еліміздің дәстүрін насихаттай отырып, оқушыларды тез ойлауға және жүйелі сөйлей білуге баулу.
Дамытушылық: ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру.
Көрнекі қүралдар: киіз үй, ұлттық өрнектер, киіз үй көрмесі, кітап көрмесі, мақал-мәтелдер, видео, жұмбақтар, қазақша әуендер.
Оқыту әдістері:
-
көрнекілік
-
әңгімелесу
Оқыту түрлері: (формы)
-
жекеше
-
жалпы сыныптық
Оқыту құралдары:
-
оқулық (Бейсембаева Н.Н. II- ші бөлім)
-
тірек – конспектілер (Сариева Күлпәш “Елтану”)
-
Көрнекілік (киіз үйдің бөлшектері)
Пәнаралық сабақтастық (тарих пәнімен байланыстыру, қазақ әдебиеті пәнімен сабақтастығы) (мақал-мәтелдер, жұмбақтар
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Тіл жаттықтыру кезеңі (речевая зарядка) Ж № 331; 71-72 б. Бейсенбаева Н.Н. № 333; 74 б.
Тапсырма: сол жағын жауып, қазақ тіліне 25 сек. Аудар.
-
Тірек – конспектілермен жұмыс
Киіз үйдің бөлшектері
Сөздік
-
негіз-основа
-
кереге – решетка, остов юрты
-
уық – купольные жерди
-
шаңырақ – купол юрты
-
есік (сықырлауы) дверь со створками. Ол арасынан ашылып – жабылатын жарма есіктерге ұқсас
-
тал – ива
-
қайың – береза
-
терек – тополь
-
құрал-сайман – инструменты
-
мор – печь для расправки дереви
-
үскі – станок для просверливания отверстий
-
тез – станок для выпрямления гриба деревянных частей
Киіз үй негізгі 4 бөлшектен құралады. Ол – кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлардың бәрі талдан, қайыңнан, теректен жасалады. Ең жақсысы – тал. Кереге, уық, шаңырақ, есікті шебер үйші жасайды. Үйшілер талды өзендер бойынан алады. Ол өзендер: Еділ, Жайық, Сырдария.
Киіз үйдің ағаш бөлшектерін жасау үшін үйшілер мор, тез, үскі деген ұлттық құрал-саймандарды пайдаланған.
Сұрақтар:
-
Киіз үй неше бөлшектен тұрады? Олар қалай аталады?
-
Киіз үйдің бөлшектері неден жасалады?
-
Үйшілер қандай ұлттық құрал-саймандарын пайдаланған?
Кереге
Сөздік
-
қанат-кереге Кереге қанаттардан тұрады
-
сағанақ-жердб Қанат сағанақтан құралады
-
тор-сетка Керегенің екі түрі болады:
-
қиғаш-по дагонали желкөз, торкөз.
-
қайыс-тонкая полочка из кожи Желкөз қатты желге төзімді
-
түйе-верблюд Торкөз жаңбырда су жібермейді
-
өгіз-бык Сағанақтар қиғаш орналасады
-
жылқы-лошадь Бір қанатта 20 сағанақ болады
-
тері-кожа Олардың ұзындығы 2 метр
-
тесік-отверстие Сағанақтарды бір-біріне қиғаштап
-
байлау-заязать қайыспен байлайды.
-
желкөз-от от ветра (қатты желге төзімді) Қайыстар түйе, өгіз, жылқы
-
торкөз-от дождя (су, жаңбыр жібермейді) терісінен жасалады. Қайысты сағанақтардың тесігінен өткізіп, екі жағын байлайды. Киіз үйлер көбінесе алты қанатты болады.
Сұрақтар:
-
Кереге неден тұрады?
-
Керегенің неше түрі болады?
-
Бір қанатта неше сағанақ болады?
-
Сағанақтарды немен байлайды?
-
Қайыс неден жасалады?
-
Көбінесе киіз үйлер неше қанатты болады?
Шаңырақ
Сөздік
шеңбер-круг
-
ию-гнуть
-
кесу-срезать
-
қаламдық-отверстие
-
шыбық-прутья
-
“қошқар мүйіз” –бараньи рога
-
бедерлену-наносить узор
-
маңызы зор –большое значение
-
мұра-наследие
-
ата-баба-предои
-
рух-дух
-
ие-хозяин
-
кенже ұл-младший сын
-
сақтау-сохранять
-
ошақ-очаг
Шаңырақ екі бөлшектен тұрады: шеңбер және күлдіреуіштен. Шаңырақ қайыңнан жсалады. Ол үшін қайыңды жаздың ортасында кесіп алады. Бұл кезде қайыңның шырыны мол, сондықтан оны кептірмей, шеңбер иеді. Шеңберге қаламдық тесіледі. Күлдіреуіш шыбықтардан иіледі: Күлдіреуіш арқылы үйге жарық түседі, түтін содан шығады. Шаңырақ “Қошқар мүйіз” оюларымен безендіріледі.
Сұрақтар:
-
Шаңырақ неден жасалады?
-
Түтін неден шығады?
-
Шаңырақ қандай оюмен безендіріледі? (“қошқар мүйіз” оюмен)
Қазақтың өмірінде шаңырақтың маңызы зор. Ол атадан балаға мұраға қалдырылып отырған. Шаңырақ арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ата-бабалар рухы жалғасады.
Шаңырақ – үй, әулет мағынасында да пайдаланылады. Әулет дәстүрі бойынша тұңғыш ұл әкенің үйінен бөлініп, жеке отау тіккен. Кенже ұл – шаңырақтың иесі, мұрагері болып саналады.
Егер де киіз үйдің басқа бөлшектері тозса, оларды жаңалайды, ал шаңырақты сақтайды. Ошақ түтінінен ол қараяды, сондықтан оны “қара шаңырақ” деп атайды.
Сұрақтар:
-
Шаңырақтың маңызы қандай?
-
Шаңырақ кімнен кімге қалдырылады?
-
Шаңырақ иесі кім? Шаңырақты не істейді?
-
Неліктен оны “қара шаңырақ” деп атайды?
-
Шаңырақ деген сөздің екінші мағынасы?
-
Әулет дәстүрі бойынша тұңғыш ұл не тіккен? (жеке отау)
Ақ бата
Әулет дәстүрі бойынша ұлдар әкенің үйінен бөлініп жеке шаңырақ иесі болады. Отау тіккен жастарға қандай бата беріледі?
-
Босағаларың берік болсын!
Шаңырақтарың биік болсын!
Бусть будет высоким шаңырақ
И крепким босаға!
-
Отауларың той-думанға толсын
Пусть весельем наполнится дом
-
Үбірлі-шүбірлі болыңдар! Да множатся ваши потомки!
-
Шаңырақты шайқалтпа! Не тревожь семейный покой!
-
Шаңырақты сыйла! Относись с уважением к семье!
-
Ошағыңның отын сөндірме! Не госи огонь в очаге! (Да не остановится жизнь в твоем очаге!)
-
Ата салтын, дәстүрін ұмытпаңдар! Не забывайте традиции дедов!
-
Отауларыңнан қуаныш, бақыт үзілмесін! Радости и счастья Вам!
-
Өмірлерің ұзақ болсын! Долгой жизни!
-
Көп тілеуі – көл (озеро)
-
“Жаңбырменен жер көгереді, Батаменен ер көгереді”
Киіз үй тарихынан
Сөздік:
-
көшпенділер-кочевники
-
баспана-жилье
-
ыңғайлы-удобный
-
көшіп-қону – кочевать
-
қола дәуір-бронзовая эпоха
-
пайда болу-появиться
-
киіз басу-кошмоделание
-
заман-эра,время
-
бұрын-раньше
Киіз үй – Орталық және Орта Азия көшпенділерінің негізгі баспанасы болған. Ол көшіп-қонуға ыңғайлы.
Киіз үй қола дәуірінде пайда болған. (біздің заманымыздан бұрынғы 3 мың жыл). Киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналады. Киіз үйді сол заманда тасқа түсірілген суреттерден айқын байқауға болады. Ол суреттер Гоби Алтайынан, Сібірдегі Баярқия тасынан, Қырымнан табылған. Көшпелі скифтердің киіз үйде тұратынын алғаш рет ертедегі грек тарихшылары Геродот, Страбон, т.б. жазды.
Киіз үйдің суреттері Алтайдағы Пазырық қорғанына, Ноинулинде (Монголияда) табылған.
Киіз үйдің тарихын зерттеген ғалымдар Гильом Рубрук (1253ж.), қазіргі заманда академик Гумилев, академик Марғұлан, тарихшы Абылғазы Бахадұр зерттеген.
“Киіз үйдің қаңқасы”
“қаңқа” – 2 ғаш дөңгелекті арба. Скифтердің алғашқы киіз үйлері арбаға артылатын. Гильом Рубруктың айтуынша ол арбаны 22 өгіз тартқан. Көне киіз үй үлкен кемеге ұқсас болған. (“Путешествия в восточные страны ...
Киіз үй көрмелері Ресейде, Францияда (1861),
Жапонияда, т.б. елдерде болды.
Жәңгір хан Николай 1-ші патшаға алтын киіз үйді сыйға берген. Шебер үйшілер 2 жыл бойы киіз үйдің бөлшектерін, жиhазын, жабдықтарын алтынмен, күміспен әшекейлеген. 1903 жылы “Торғай газетінде” осы киіз үй туралы мақала шыққан.
Киіз үйдің 3 түрі болған:
-
жай түрі
-
салтанатты түрі /қонақтарға арналған/
-
жорық түрі /походная/
Терминдер “Мир казахов” Ақселеу Сейдімбек 2001ж.
-
қара үй – 3-х крылая юрта, простая, черная
-
қоңыр үй – 4-х крылая юрта, коричневая
-
боз үй - 5-х крылая юрта, серая
-
ақ үй - 6-х крылая юрта,белая
-
ақ шаңқан - 8-х крылая юрта,белоснежная
-
алтынорда - 12-х крылая юрта,
-
алтын үзік - 30-х крылая юрта (юрты снаружи покрываю золотистой кошмой)
-
қос – юрта для временного проживания
-
жарық үй – походная
-
жоламай “жол амалы” для для похода, орысша “джуламайка”
Киіздің түрі:
-
туырлық (керегеге жабылады)
-
үзік (уықтарды жабады)
-
түндік (шаңырақты, сықырлауықты жабады, түндік арнаулы бау арқылы оңай ашылып-жабылады).
Киіз үйдің пайдаланылуы:
Сөздік:
-
адамзат тарихында
-
құрылыс-сооружение
-
жер сілкініс-землетрясение
-
дәлел-доказательство
Киіз үй – бұл адамзат тарихындағы ең бірінші архитектуралық құрылыс. Ол жер сілкіністеріне де төзімді. Киіз үй тез құралады, тез жиналады. Киіз үй жылы, жайлы. Оны шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үйдің артықшылығын біз 1988 жылы Армениядағы жер сілкінісінде байқадық.
Бұл киіз үйдің біздің заманымызда да пайдалы екендігінің дәлелі.
“Киіз үйдің ішкі құрылысы, оның жиhазы”
“Киіз үй тігу” тақырыбын біз XI сыныпта өтеміз.
Бүгінгі әңгімеміз киіз үйдің бөлшектері туралы, киіз үйдің тарихы туралы болды.
Жұмбақтар:
-
Қабырғасы тор көз
Төбесінде зор көз (кереге, шаңырақ)
2. Аяғы жер тіреп
Таяғы көк тіреп тұр (киіз үй)
3. Отыз омыртқа, 40 қабырға,
бәрін ұстап тұрған ауыз омыртқа.
30 позвонков, 40 ребер, скрепленных тазабедренной костью
(киіз үй)
Мақалдар:
1. “Өз үйім кең сарайдай боз үйім”. Каждому свой дом кажется дворцом. В гостях хорошо, дома лучше.
-
“Сұлуынан жылуы” . Достоинство вещи в добротности, а не в блеске.
-
Ошағыңның отын сөндірме. – Да не приостановиться жизнь в твоем доме!
“Әркімнің өз үйі – жұмақ”. Каждому родной дом – ра
Достарыңызбен бөлісу: |