52
Ол кәсіпорынның басшылығымен қысқаша арыз түрінде
толтырылады және - "Сапа бойынша басшылық" енгізіледі, яғни ол
тапсырыс берушілерге келісімді қорытындылау
кезінде көрсетіледі
және сапа жүйесінің сипаты болып қызмет атқарады. Сапа
облысындағы саясатты жасауға әсер ететін негізгі факторлар болып:
ғылыми-техникалық прогрес және бәсекелестіктің жетістіктері,
кәсіпорын ішіндегі жағдай, сонымен қатар кәсіпорынның даму кезіндегі
инвестицияның болуы мен экономиканың жалпы жағдайы, нарықтағы
жағдай табылады. Экономиканың тұрақты
дамуында сапа саясатының
негізгі бағыты перспективті жобаларды жасау, өтім нарығында
бәсекелестерден озу мақсатында алдыңғы қатарлы технологияны енгізу,
белсенді зерттеулер жүргізу болады.
Дағдарыс кезеңінде, инвестиция жетіспегенде және «өндіріс
құлдырағанда» сапа саясатында бірінші ретте қажет болатын қандай да
бір уақытта өнімге деген сұранысты
қолдау қабілеттілігі бар, сапаның
жақсы жетілген деңгейін сақтауды қарастыру керек.
Сондықтан дағдарыс кезіндегі сапа саясатының негізгі бағыты,
сапаны төмендетпей-ақ шығынды қысқартатын, сапаны қолдау үшін
ішкі резервтердің барлығын қолдану қажет.
Осындай кезеңдерде сапаны арттыру үшін
елдегі экономикалық
жағдайларды әрдайым талдауды қарастыру қажет, яғни олар
экономиканың дағдарыстан шығуын береді.
Барлық жағдайларда сапа саясаты тапсырыс берушіні үгіттеу
керек, сапа облысындағы кәсіпорынның мақсаты мен жұмыстардың
бағыты дұрыс анықталған және оларды жүзеге асыру үшін
нақты
құралдар таңдалған, ол қажетті сапасы жақсы өнімді кәсіпорында
жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: