82
4.5 Статистикалық әдістер
Нақты бөлімде ұйым өз өнімдерін өндірісте шығару мүмкіндігін
бекіту үшін статистикалық әдістемелерді тағайындауды айтады. Мұнда
өнімнің өмірлік циклының барлық сатыларында пайдаланылатын келесі
гистограммалар, уақытша қатарлар, Паретто диаграммасы, себеп-салдар
диаграммасы, бақылау қағазы, бақылау картасы қолданылады.
4.6 Сәйкес емес өнімді басқару (брак)
Сәйкес емес өнім болып талапқа сай емес өнім табылады.
Сәйкессіздікті анықтайтын сала өнімді басқалардан бөліп қоюы тиіс.
Сәйкессіздікті басқарудың барлық операциялары құжатты рәсімделуі
керек. Ол үшін:
-
сәйкес емес өнімді бағалау, ажырату, таңбалау, қосымша өңдеу,
жөндеу керек;
- өнімнің дефектілі бірліктерін тіркеу және ұйым ішінде хабарлау;
- жұмыс істейтін жүйе туралы тапсырыс берушіге хабар беру
қажет.
Сапаға сәйкес емес өнім тұтынушыларды қанағаттандыру үшін
жөнделуіне, басқа қолданысқа берілуіне, немесе тасталуына болады.
Достарыңызбен бөлісу: