86
Үлгілерді бағалау үшін негіз қалаушы
элемент болып нәтижелер
табылады. Олар сапаны жақсарту кезіндегі тенденциялар және сапаны
жалпы басқару жолына жеткен позицияларын, компанияның
мүмкіндігін
дәлелдеуді
қамтамасыз
етеді.
Сонымен
қатар
тұтынушылардың қанағаттандыру түріндегі
нәтижелері басқа екі
элементті нақты бағалау үшін базаны қамтамасыздайды: процестен
нәтижеге бағалауды ойлау реті келеді, яғни осы нәтижені берген, ал
одан сапа жүйесіне, яғни осы процестер
оған жиналады және
компанияның барлық басқа мүмкіндігі сапаға қатысты.
Үш элементтің бәрі дұрыс баға алу үшін қажет. Бірақ бағалаудың
бір түрі сапа жүйесінде негізделеді. Бағалаудың осы түрі қазіргі уақытта
маңызды рөл атқарады, ИСО 9000 сериялы стандартына сәйкес
бағалануы табылады.
Әлемдік тенденцияны оқып білу сапаны жалпы басқаруда жаңа
құралдардың өте жоғары
өсу рөлін көрсетеді, олар:
- Сапа бойынша премия критериялары;
- Осы критерияға сәйкес фирманың өзін-өзі бағалау әдістемесі;
- Жақсы жетістіктерге жету жолымен бәсеке қабілетінің деңгейін
бағалау тәсілі
6.3 Сапа бойынша ұлттық сыйлықтар және
олардың критериялары
Сапаны жалпы басқаруды құрайтын және принциптерінен
шығатын, критерия жүйесіне баға негізделеді. Критерия жүйесі сапа
бойынша байқауларды жүргізу үшін жасалған.
Көптеген елдердегі сыйлықтың
ішінде ең танымал сыйлық
Жапониядағы Деминг (1951ж. құрылған), АҚШ-ғы Малькольм
Болдридж атындағы сапа бойынша ұлттық сыйлық (1987ж. құрылған)
және сапаның Европалық сыйлығы 1992 жылы берілген.
Деминг сыйлығын беретін комитет 10 бағыт, 48 көрсеткіштер
бойынша топталған іс-әрекеттің жағдайын бағалайды:
• Сапа облысында саясатты жургізу;
• Кәсіпорынның қызметін басқару және ұйымдастыру;
• Сапа туралы ақпаратты жинау, өңдеу;
• Сапа облысында білімді
тарату және оқыту;
• Сапа проблемасын талдау;
• Стандартттау;
• Сапаны бақылау;
• Сапамен қамтамасыз ету;
• Нәтижелер;
• Жоспарлар.
87
Байқауға қатысушылардың бағасы 100 балдық жүйе бойынша
жүргізіледі. Деминг премиясын алу үшін кем дегенде 70 бал алу қажет.
Байқауға дайындалар кезінде кәсіпорын жасап шығарады және оны
тәжірибеге көптеген жаңаларын енгізеді. Деминг премиясын
алған кәсіпорынның тәжірибесімен танысады. Байқаудың жағдайы
бойынша бұрын Деминг премиясына лайық болған, кәсіпорынның қайта
жоғарылауына
рұқсат беріледі, сондықтан оның жалпы бағасы 75
балдан кем болмау керек. 1986 жылдан бастап байқауға қатысуға
шетелдік кәсіпорындар жіберіледі.
Малькольм Болдридж сыйлығы байқаудың негізінде жыл сайын
жеңімпаз-кәсіпорындарға беріледі. Байқауға қатысушылардың бағасы
32 көрсеткіштері бойынша 1000 балдық жүйеде жүргізіледі, яғни ол 7
келесі бағыт бойынша топтастырылған.
1. Сапаны басқару (100 бал);
2. Ақпарат және талдау (60 бал);
3. Сапаны стратегиялық жоспарлау (90 бал);
4. Адам ресурстарын қолдану (150 бал);
5. Өнімді сапамен қамтамасыз ету және қызмет көрсету (150 бал);
6. Тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру (300 бал);
7. Сапа облысында жетілген нәтижелер (150 бал).
Малькольм Долдридж сыйлығының үлгісі 19 суреттте
көрсетілген.
Сапа бойынша Европалық премияны жасаған кезде сапада бұрын
болған сыйлықтардың тәжірибесі көрсетілген (20 сурет). Сапа
критериясының негізгі топтары:
• Фирма жетістіктерінің рөлі (100 бал);
• Қызметшілерді басқару (90 бал);
• Саясат пен стратегия (80 бал);
• Ресурстардың болуы және пайдалануы (90 бал);
• Процестерді бағалау (140 бал);
• Тұтынушылардың қанағаттануы (200 бал);
• Фирманың, қызметшілердің қанағаттануы (90 бал);
• Қоғамға әсері (60 бал);
• Бизнестің нәтижелері (150 бал).
Әрбір топқа фирманың
бағасының жалпы суммалық баллы, өзінің
салыстырмалы салмағы бар, критерияның нақты саны кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: