С. О. Ахметова, М. С. Сериккызы сапа менеджменті жүйелері


Өнімнің сапасына әсер ететін факторлар



Pdf көрінісі
бет9/60
Дата16.09.2024
өлшемі1.17 Mb.
#503674
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60
Сапа менеджменті жүйелері

 
1.4 Өнімнің сапасына әсер ететін факторлар 
 
Талдап көрсетілген сатыларды кезеңдерге, процестерге т.б. бөлуге 
болады. Өнім сапасын тұрақты ұстап тұру өміршеңдік циклі кезінде 
туындайтын көптеген факторларға байланысты. Оларды нақты түрде
былай көрсетуге болады (1- сурет).
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, сапамен қамтамасыз 
етудің бірлік жүйесінде бөлім жумысын үйлестіру, сапаның барлық 
факторларын есепке алу, жүмыстың барлық сатыларын қамту ғылыми 
негізде экономикалық және әлеуметтік ұйымдастыру, техникалық 
шараларды тек қана жүйелі, кешенді түрде жүзеге асырады. 


18 
1- сурет. - Өнім сапасына әсер ететін факторлар 
1 кесте - Өнімнің сапасына әсер ететін факторлардың жіктелуі 
Факторлар 
Техникалық 
Ұйымдастырушылық 
Экономикалық 
Әлеуметтік 
- Дайындалатын 
өнім түрі мен оның 
өндірісінің сериясы; 
- Техникалық 
құжаттың жағдайы; 
- Технологиялық 
жабдықтардың, 
құралдардың 
сапасы; 
- Сынақ 
жабдықтарының 
жағдайы; 
- Бақылау және 
өлшеу 
құралдарының 
жағдайы; 
- Шығатын 
материалдар, 
шикізат, 
жинақталатын 
бұйымдардың 
сапасы 
- Шикізатпен, 
материалмен және 
т.б. қамтамасыз ету; 
- Құрал 
жабдықтармен 
техникалық қызмет 
көрсету; 
- Жұмыстың 
ырғақтылығы мен 
жоспарлығы; 
- Тасымалдаушылар 
мен жұмысты 
ұйымдастыру; 
- Ақпаратпен 
қамтамасыз етуді 
ұйымдастыру; 
- Өндіріс мәдениеті 
және еңбекті 
ғылыми 
ұйымдастыру; 
- Демалыс пен тамақ 
ты ұйымдастыру 
- Еңбек ақы түрі 
және жалақы 
мөлшері; 
- Жоғары сапалы 
жұмысты және 
өнімді марапаттау
- Ақауға ұстап қалу; 
- Өнімнің сапасы 
мен өзіндік құны, 
бағасы арасындағы 
байланыс; 
- Шаруашылық 
есепті өткізу және 
ұйымдастыру 
- Тәрбиелеу 
жұмысының 
жағдайы; 
- Кадрларды 
орналастыру, таңдау 
және кадрларды 
ауыстыру; 
- Біліктілікті 
жоғарылату және 
оқуды 
ұйымдастыру; 
- Әлеуметтік 
жарыстарды өткізу 
және ұйымдастыру; 
- Ұжымдағы қарым-
қатынас; 
- Жұмыстан тыс 
уақытта демалысты 
ұйымдастыру 
Өнімнің сапасына 
әсер ететін өте 
қажетті жағдайлар 
Шикізат, 
комлектеуші 
материалдар. Бұйым 
конструкциясы, 
техникалық 
процестер мен және 
т.б. –лардың сапасы 
Жағдай жасау 
сапасы 
Өндірістің 
әлеуметтік және 
экономикалық 
жағынан мақсатқа 
сәйкестігі мен 
тиімділігі. 
Материалдық 
қызығушылық т.б. 
Субъективті 
Кәсіби шеберліктер 
Жеке қызығушылығы 
Объективті 
Конструкция 
Өндіріс деңгейі 
Тексеру 
құралдары және 
т.б. 
Сапаны сақтау 
мүмкіндігі 
Буып-түю, 
таңбалау, сақталу 
жағдайы, 
тасымалдау, 
тарату, пайдаға 
асыру. 
Сапа 
факторлары 


19 
Өндірілген өнімнің сапасы фактордың келесі блоктарына 
байланысты: сыртқы жағдайы мен адамдық факторына 
2 кесте - Өнімнің сапасына әсер ететін факторлар 
Өнімнің сапасы 
Ішкі жағдайы 
Адамдық фактор 
Сыртқы жағдайы 
- пән 
- жабдықтар 
- технология 
- метрологиялық 
қамтамасыз ету 
- сынақ базасы 
- техникалық 
бақылау 
- құрылымды 
ұйымдастыру 
- жүйе 
- мамандық 
- тәжірибе 
- кәсіпшілік 
- марапаттау 
- ықыласы мен 
белсенділігі 
- алдыңғы 
тәжірибемен 
алмасу 
- нарық талаптары 
- конструкторлық 
өңдеулердің деңгейі 
- жинақталатын 
бұйымдар, 
материалдар, 
шикізаттың сапасы 
- жасалатын өндіріс 
пен өнімнің 
талаптарына өзара 
келісімділігі 
- бақылау мен 
бағалаудың талабы 
- сапаны заңмен 
қамтамасыздандыру 
- мемлекеттік қолдау 
мен инвестициялар 
- сапаны растау және 
бағалау қажеттілігі 
 
1.5 Өнімді зерттеу және өңдеу 
Бұл сатының мақсаты – жаңа өнімнің сапасына қойылатын 
перспективтік талаптарды қалыптастыру, конструкторлық және басқа 
түрде техникалық шешім құжаттары, осы талаптарды үнемді 
тәсілдермен тезарада іске асыру. Өнімнің сапасын қалыптастыруда бұл 
сатыда сапа факторы айырықша роль атқарады. 
Күрделі 
бұйымдарды 
құрастыру 
үшін 
(авиациялық 
қозғалтқыштар, көлік техникасын т.б.) жоба–конструкторлық және 
құрастыруды аяғына дейін жеткізу өте көп шығынды талап етеді. 
Мысалы, поездың электроқозғалтқышын жасау кезінде өте қажетті 
ғылыми-зерттеу жұмыстарына кететін шығын электроқозғалтқышты
сатқан кездегіден 125–150 есеге көбейеді, ақырында жасап шығуға 


20 
тура келеді. Осындай қаржы өндірістің қатаң арттыруға, өндіріс орнын 
ұйымдастыруға және ашуға кетеді. 
Американдық мамандардың пікірінше, егер сапаны 100%-ға 
жеткізудің жолын қарастырсақ, онда 75 -ы конструкторлық шешімді 
іздестіруін, макетін жасауға, технологияны құюға, 20%-ы өндіруші 
процесті тексеруге, 5 % -ы бұйымды қабылдауға кетеді. 
Еуропалық сапа жөнінде ұйым («ЕСҰ» – «ЕОК») мәліметі 
бойынша бұйым бағалау кезінде «70–20- 10» ережесі салдарынан
қабылданбайды. Келісім бойынша бұйымның 70 % -ы дұрыс 
жобаланбағандықтан, 20%-ы сапасыз жасалғандықтан, 10 %-ы
пайдалану кезінде қателік жіберуден қабылданбайды. 
Бұйымды өңдеудің жалпы сызбасы. Бұйымды өңдеу жұмысы 
МемСТ 15.001 «Бұйымды өндірісте өңдеу және жолға қою» жүйесіне 
сәйкес қарастырылады:

техникалық талаптарды жете зерттеу; 

техникалық және нормативті құжаттарды жете дайындау: 

жете зерттеу қорытындыларын қабылдау. 
Техникалық талаптар (ТТ) бұйымды өңдеу үшін негізгі құжат 
болып табылады. ТТ-да болашақ бұйымның техникалық деңгейі 
қолданылуы бойынша салынады.
Бұйымның маңызды түрін өңдеу барысында техникалық
талаптарда (ТТ-да) сапа көрсеткіштері келешек деңгейге сай келу 
керек, яғни сапа деңгейі әлемдік саудада өзіне ұқсас бұйымнан ең 
үздік болып басым түсуі белгіленуі тиіс. Берілген «сапаның қоры» 
бұйымды жасау кезінде неше жылдан бері шығарып келе 
жатқандықтан, шығарар алдында үздік үлгімен сәйкестендіруге қол 
жеткізу керек. 
Техникалық талаптарды (ТТ-ды) құрастыруда болашақ бұйымның
нарықтық бәсекеде алда болуы үшін маркетинг әдісті қолдану керек.
Батыс фирмаларының мәліметі бойынша көптеген жағдайларда
маркетингке жұмсалатын шығын өндірісті жаңа өнім шығаруға 
дайындауға кететін шығынның жартысынан көбі кетеді. 
Техникалық құжаттарды (конструкторлық және техникалық 
құжаттар) 
конструкторлық-сынақ 
және 
технологиялық-сынақ 
(тәжірибе) жұмыстары шеңберінде жасайды. Жасалған техникалық 
құжаттар қорытынды талаптарына сай келуі және үздік үлгіні таңдау 
үшін тәжірибелік үлгі дайындалады (партия), олар қабылдауда 
сынақтан өткізіледі де содан кейін барып бекітуге жіберіледі. 
Дайындалған өнімді бағалау және өндіріске жіберу туралы 
шешімді құрамында тапсырыс берушінің өкілі, өңдеуші және жасаушы 
бар қабылдау комиссиясы жүргізеді. Комиссия төрағасы тапсырыс 
берушіні тағайындайды, ал ол жоқ кезде – негізгі тұтынушыны. 


21 
Ұсынылған материалдар қорытындысы бойынша комиссия акт 
жасайды. Актіде көрсетілуі керек: 

талаптар мен нұсқауларға сай келетіндіктен жасалған бұйымды,
өндіріске жіберу туралы нұсқау беріледі; 

өнімнің техникалық деңгейінің бағасы қорытындыланады; 

бекітілген серияны дайындау туралы (серияны немесе бүкіл 
бұйым үшін) және оның көлемі туралы нұсқау; 

өнімді жасап шығару барысында кездесетін ескертулер мен 
ұсыныстар (егер қажет болса); 

эталон үлгісін бекіту. 
Қабылдау комиссиясы бекіткен акт өңдеудің аяқталғанын 
білдіреді, ТМ әрекетін тоқтатуды және бұйымды өндірісте жасауға 
рұқсат береді. 
Үлгі - эталон шығарылған бұйымды жасалған бұйыммен 
салыстыру үшін жасалады әрі, бұйымның көркем де әсем
жасалған және қабылданған үлгісі жасаушының қолында барлық 
кезеңде сақталады, арыз – шағымдар бола қалған жағдайда және
тауар партиясын сапалық жағынан жарнамала кезінде көрсетуі
ие болады. Қабылдаушы мекеме өнім партия құрамын
ұсынған кезде үлгі – эталонының көшірмесін (дубликатын) кіріс - 
тексеріске көрсету үшін талап етуі мүмкін.
Дубликаттың жазба қағазын көркем-техникалық кеңес
басшысы жазуы немесе басқа адам үлгі – эталонға сай толтыруы
тиіс.
2- суретте үлгі ретінде бұйымды жобалау процесінің сызбасы 
келтірілген, ол жобалау саласы мамандарына түсінікті болу үшін негізгі
жұмыс түрлерінің кілті қызметін атқаруы мүмкін. 
Бұйымды дайындау үш кезеңнен тұрады: өндірісті жолға
қою, өндіріске орналастыру және өндірістен алып тастау. 
Өндірісті жолға қоюға өндірісті дайындау және игеру
кіреді. 
Өндірісті дайындауда өндірісті дайындау және технологиялық 
процесте өнімді шығару шаралары қарастырылады. 
Өндірісті игеру кезінде технологиялық процесті іске қосу
және оның дайындығын тексеру, сондай–ақ тұрақты маңызды
көрсеткіштер 
бойынша 
өнімді 
дайындаудың 
сараптамалық 
(тәжірибелік) әдістерін меңгеру іске асырылады. 
Өндірістің сериялық (жаппай) өнім шығаруға дайындығына
келісім беру үшін дайындаушы бекітілген серия үлгісіне (бірінші 
өнеркәсіп партиясын) сапаны бағалау тәжірибесін жүргізеді. 


22 
Технологиялық процеспен байланысты өнімде негізгі параметрден 
ауытқушылық мүмкіндік шегінен аспайтынын, ал қабылдау 
комиссиясы анықтаған кемшіліктер жойылғанын тәжірибе растауы 
керек. 
Сапаны бағалау комиссиясы зерттеу нәтижесі бойынша дұрыс 
қорытынды шығарса өндірісті игеру аяқталады деп есептеледі,
ал дайын өнімді тапсырыс берушіге ұсынуға болады. 
Өндіріс орнын құру – өндіріс бұйымдарын конструкторлық
және технологиялық құжат бойынша жасап шығару. 
Өндіріс орнынан бұйымды алып тастау – өнеркәсіптен өндіріс 
бұйымын шығаруды тоқтату бойынша іс – шаралар жиынтығы.
Өнімді өндірістен мына жағдайда алып тастайды: 

бүгінгі талапқа сай келмесе;

жоғары көрсеткішке жеткен жаңа өнімді игергенде;

пайдалану кезінде немесе тұтыну кезінде адам денсаулығына 
және қоршаған орта жағдайына кері әсер ету қасиеті білінсе. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет