С. О. Ахметова, М. С. Сериккызы сапа менеджменті жүйелері


САПА БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҚТЫҢ



Pdf көрінісі
бет4/60
Дата16.09.2024
өлшемі1.17 Mb.
#503674
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Сапа менеджменті жүйелері

6 САПА БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҚТЫҢ
КРИТЕРИЯСЫ БОЙЫНША ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ТӘСІЛІН 
ЖӘНЕ САПАНЫ ЖАЛПЫ БАСҚАРУ ПРИНЦИПТЕРІМЕН 
МЕҢГЕРУ.............................................................................................81 
6.1 ИСО 9000 стандарты бойынша сапа жүйесінің сапаны
жалпы басқару принциптерімен өзара байланысы…………….......81 
6.2 Фирмаларда сапа жүйесін бағалау принциптері.........................84 
6.3 Сапа бойынша ұлттық сыйлықтар және олардың 
критериялары.........................................................................................86 
6.4 Фирмада өзін-өзі бағалауды жүргізу үшін сапа бойынша
сый ақы критерияларын қолдану.........................................................91 
6.5 Өзін-өзі бағалау технологиясы.......................................................92 
6.6 Басқаруның жалпы фирмалық жүйесі...........................................93 
6.7 Қауіппен басқару.............................................................................97 
6.7.1 Қауіп классификациясы...............................................................99 
6.7.2 Қауіп көздерін анықтау. Пайда болу аумағы.............................99 
6.7.3 Стратегияны тағайындау. Қауіпті бақылау.............................101 
6.7.4 Қауіп идентификациясы мен құжаттамасы.............................102 
6.7.5 Бағалау. Қауіп дәрежесі мен приоритизациясы...................103 
6.7.6 Қауіпті әлсірету шаралары........................................................104 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................108 
 
 
 



 
КІРІСПЕ 
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың дамуына
байланысты ішкі және сыртқы саудада кәсіпорындардың, фирмалардың, 
өндірістердің және ұйымдардың жұмыс істеу жағдайлары күрт өзгерді.
Сондықтан отандық өндірістер бүкіл әлемдік саудада қолданылатын
ережелерімен тәртіптерді оқып, зерттеп, біліп іс жүзінде өзінің 
тәжірибесіне енгізу керек. Барлық бағыттағы халықаралық қарым – 
қатынас ұлттық және халықаралық қалыптардың үйлесуін талап етеді. 
Жоспарлық экономикадағы стандарттау, сертификаттау және 
метрологиялық жүйелер қазіргі жағдайда кедергі жасап, Қазақстан 
Республикасынның өркендік экономикаға өтуіне жол бермейді. 
Қазіргі заманда нарықтық экономикаға ауысу кезінде көптеген
мәселелер ішінде кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуі және оның 
дамуын ұйымдастыруға негізгі және шешуші рөлді атқаратын мәселе - 
өнімдердің, жұмыстардың және қызметтердің сапасы болып табылады. 
Жақын аралық жылдарда еңбек өнімділігін және өнім сапасын жоғары 
бәсекелесу қабілеті бар жаңа өнімдер шығара алатын кәсіпорындардың 
жағдайы жақсарады. Өнімнің сапасын арттыру үшін материалдық 
базадан басқа ынталы және біліктілігі (квалификациясы) жоғары 
қызметкерлермен қатар сапаны басқару қажет. Осы мәселені түсінген 
кәсіпорындар сапаны басқаруды бірінші орынға қояды. Себебі жұмыс 
процесіне сапа жүйесін енгізбей, өнім сапасын қамтамасыз ету мүмкін 
емес. 
Шығарылатын өнімдердің сапасы мен техникалық деңгейінің
өсуі, қазіргі уақытта өнеркәсібі дамыған елдерде кәсіпорын
жұмысына неғұрлым тән белгі болып табылады. Қаныққан нарық
және бағасы жоқ бәсекелестік басымдылғы жағдайында өнімдердің
жоғарғы сапасы ғана негізгі факторы рөлін атқарады. 
Шығарылған өнімдердің сапасы кез-келген кәсіпорын қызметінің
маңызды критерийлерінің қатарына жатады. Өнімдердің сапасын 
арттыру, нарық жағдайында кәсіпорынның (фирманың) жұмыс жасау 
дәрежесін, ғылыми–техникалық прогресс қарқынын, өндіріс 
тиімділігінің өсуін, кәсіпорында пайдалынатын ресурстардың барлық 
түрлерінің үнемделуін анықтайды. 
Еліміздің кәсіпорындарында жоғары сапалы бұйымдар өндіруді
ұлғайту нәтижесінде экономикасын интенсификациялауға, халықтың 
өмір сүру деңгейінің өсуіне, ішкі және әлеуметтік нарықтарда отандық
тауарлардың бәсекелестік мүмкіндіктерінің артуына әкелуі тиіс. Қазіргі
заманғы кәсіпорындар, ең алдымен, шығарылатын тауарлардың өмірлік
циклының барлық сатыларында қажетті сапа деңгейін қалыптастыру,



қамтамасыз ету және ұстап тұру процестеріне әсер ететін 
экономикалық, ұйымдастыру және құқықтық тетіктерді неғұрлым 
тиімді пайдалануды үйрену қажет.
Орталыққа 
тәуелді 
экономикадан 
нарықтық 
экономика 
жағдайындағы жұмысқа өткен кезде сапа екінші фактордан 
кәсіпорындардың елеулі табысты жұмыс істеу шартына айналады; сапа 
ел экономикасының түзелуіне оң ықпал етеді. Демек нарықтық 
жағдайда қалыпты жұмыс істеу үшін кәсіпорындар өнімге қойылатын 
сапамен байланысқан мәселелерді тұрақты шешіп отыруы тиіс. 
Сападан басқа бәсеке қабілетіне баға, тауарды жіберу мерзімі, 
берілген кепіл, сервистік қызмет көрсету және басқалар кіреді. 
Сапаны қамтамасыз ету үшін осыған сәйкес материалдық-
техникалық база, сапаны арттыруға ұмтылатын біліктілігі жоғары 
қызмет етушілер және сапаны өте мұқият басқару қажет. Сондықтан 
кәсіпорындар сапаны басқаруға жоғары көңіл бөлуде; қазіргі заманның 
сапа саласында ұйымдастыру деңгейіне сай келетін сапа жүйесін 
кәсіпорындарға енгізбей өнімнің сапасын тұрақты қамтамасыз ету 
мүмкін емес. 
Қазір сапаны басқару өзіне өте табанды жол салуда; осыған біз 
куәміз. Сапаны басқару қамтамасыз етуді, қаржыны және өндірісті 
басқарумен қатар кәсіпорындарды басқарудың өте маңыздысына 
жатады. Бұл тек қана жұмыстың басы. Мәселе мынаған келіп тіреледі: 
сапаны басқаруды алдыңғы қатарға шығару керек, дамыған 
елдердегідей сапаны жаппай басқаруды енгізу керек. 
Әрбір кәсіпорынның табысты және табанды жұмыс істеуі үшін 
өнімнің жоспарланған көлемін шығаруды қамтамасыз ету, қойылған 
мерзімді сақтау, бұйымның ең төмен өзіндік құнына ұмтылу және 
осындай жағдайда сапаға қойылатын талапты қамтамасыз ету керек. 
Сапаны жаппай басқаруды енгізген кезде кәсіпорын жұмысының 
ең негізгісіне сапаға қойылатын талаптарды міндетті түрде орындау 
жатады. Нарықтық жағдайда кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуінің 
негізіне бәсекеге қабілеттілік, демек шығарылатын өнім сапасына 
қойылатын талаптың тұрақтылығы жатады. 
Өнімнің бәсекеге қабілеті кәсіпорынның бәсекеге қабілетін 
қамтамасыз етеді; ал бұл экономиканың дамуына оң ықпал етеді. Демек, 
өнімнің сапасы кейбір тауар өндірушілердің жеке проблемасы емес; 
өнімнің сапасы жалпы ұлттық проблема болып табылады. 
Бәсекеге қабілеттілік сапасы өте жоғары өнім шығарғанды 
сипаттамайды. Сапа деңгейі халықтың әр түрлі бөлігіне (ауқатты, кедей) 
есептелген, демек, әртүрлі болуы мүмкін. 



Осының 
бәрі 
сапаны 
басқару 
облысында 
жұмысты 
ұйыдастырудың белгілі тәжірибесін пайдалануды, өте икемді және 
шапшаң жұмыс істей білуді қажет етеді. 
Қазіргі кезде тауарды жіберушілер мен тапсырыс берушілер 
арасында мынадай өзара қатынас кең таралған: өнімге тапсырыс бермей 
тұрып тапсырыс беруші тауар жіберушінің сапаны ұйымдастыру 
жұмысының деңгейін тексереді және осындай тексеру нәтижесіне 
байланысты келісім-шартқа отыруды шешеді. 
Бәсекеге қабілеттіліктен басқа жақсы өнім қауіпсіздік және 
экологиялық тазалық талаптарын қамтамасыз етуі тиіс; қауіпсіздік пен 
экологиялық тазалықты мемлекеттік органдар бақылайды. Өнім және 
технология халыққа қауіпсіз болуы керек және қоршаған ортаға зиян 
келтірмеуі тиіс - Кәсіпопындар адам денсаулығына және қоршаған 
ортаға келтірген зиян үшін, тапсырыс алу және табысты жұмыс істеу 
үшін сапаны басқаруды қазіргі заман талабына сай үйымдастыруы 
керек. Ал осыны іске асыру үшін сапаны басқарудың теориялық 
негіздерін білетін, сапаны басқаруды ұйымдастыра алатын мамандар 
қажет. 
Кәсіпорындарды құру, яғни өнім шығармайтын кезеңде сапаның 
маңызын айта кету керек. Осы кезеңде сапа туралы сөз қозғау ерте 
сияқты. Осындай жағдайда жұмысты қаражаттан (ақшадан) бастау 
керек, мәселен банктен қарыз алу бағытында жұмыс істеу керек. 
Банктен қарыз алу үшін банк сенетіндей бизнес-жоспар жасау керек; 
бизнес-жоспарда міндетті түрде сапаға көңіл аудару керек. 
Материалдарды және құрал-жабдықтарды сатып алу керек - қаражаттың 
мөлшері осыған байланысты. Бизнес сападан басталатынына банк 
қызметкерлерін сендіру керек. Сапаны басқаруды тәжірибеде 
ұйымдастыруды оқып-үйренген кезде мынаған көңіл бөлу керек: бұл 
пән кәсіпорынның тәжірибелік қызметіне бағытталған ғылыми 
пәндермен тығыз байланысқан. 
Біріншіден, сапаны басқару кәсіпорынды жалпы ғылыми басқару 
өрісінің біріне, дәлірек айтсақ, өндіріс менеджментіне жатады. 
Сапа өнімді жасаған кезде құралады; демек, сапаны басқару үшін 
ең маңызды кезеңге жұмыс технологиясын білу және өндірісті 
ұйымдастыру жатады. Сапаны басқару өзіне сәйкес ақпаратсыз іске 
асуы мүмкін емес. Сондықтан сапаны басқару ақпарат теориясымен 
жанасады, маркетингпен және патенттік-лицензиялық жұмыстармен 
таныс екендікті талап етеді. 
Басқару стандарттаумен байланысқан. Себебі басқарудың негізгі 
нормативтік базасына сапа талаптары, сапаны тексеру және бағалау 
тәртібі жазылған стандарттар жатады. 



Сапаны басқарудың негізгі жұмыстарының бірі сапаны бақылау 
болып табылады; сапаны бақылау сәйкес өлшеу құралдарымен іске 
асырылады. Демек метрологиялық білімді қажет ететін, кәсіпорында 
метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыра білетін қызмет етушілер 
керек. 
Жеке бақылау тәсілдерін қолдану техниканың - сәйкес 
облыстарында біліктілікті, статистикалық тәсілдерді қолдануға 
икемділік танытуды, есептеу құралдарын пайдалануды қажет етеді. 
Сапаны басқару өнім шығарушылар мен өнімді тұтынушылардың 
өз құқықтарын білуі үшін сапа облысында қолданылатын заң актілерін 
білуді міндетті түрде талап етеді. 
Сапаны басқаруды дамыту және кең еңгізу ғылыми пән болып 
табылады; осы пәннің тәжірибедегі жұмыс бағыты өнім сапасын қажет 
деңгейге жеткізуде ерекше рөл атқарады. Демек, осындай тапсырманы 
орындау осы облыста қызмет ете алатын мамандарды дайындауды 
қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет