16
техникалық тапсырманы құрастыру;
бұйымды құрастыру немесе жасау мақсатында тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстарды орындау;
материалдарды жасау немесе жаңарту мақсатында
тәжірибелік – технологиялық жұмыстарды орындау.
Техникалық тапсырма (ТТ) - келесі бөлімдерден тұрады:
өнімнің
аталуы және қолданылу аймағы;
құрастыру мақсаты және тағайындалуы;
негізгі техникалық талаптар;
экономикалық көрсеткіштер;
құрастыру сатылары;
қабылдау және бақылау тәртібі.
Техникалық тапсырма (ТТ) қандай бөлімдерден тұратынын
тапсырыс беруші мен құрастырушы анықтайды.
Тапсырыс берушінің функциясын өнімге тапсырма беретін ұйым,
тұтынушылар мүддесін
қорғайтын өкіл, жасайтын өндіріс орны.
Тапсырыс беруші:
алғашқы мәліметтерді даярлайды;
қажетті техникалық деңгейдегі өнімді жасауға қажетті
мүмкіндікті қамтамасыз ету;
өнімді өндіріске қою мерземдерін қысқарту;
шығынды азайту;
келешекте
қателік болдырмай алдын–алу үшін
негізгі
мәселелерді қайта тексеруден өткізу қажет.
Бастапқы мәліметтер нарық сұранысына және оның даму
тенденциясына байланысты жобалануы қажет.
Құрастырушы - тапсырыс берушінің талабына және де
орындалған ғылыми–зерттеу жұмыстарының және тәжірибелік
жұмыстардың нәтижелерін ескере отырып,
өз және шет елдердің
техникаларының, көлік техника жүйелерінің және қондырғыларының
алдыңғы қатарлы жетістіктері талданып, патенттік құжаттарымен
танысып, ішкі және сыртқы нарықтық талабына сәйкес осылардың
негізінде техникалық тапсырма құрастырады.
Тапсырыс беруші құрастырушымен бірге техникалық тапсырманы
өткізу және қабылдау тәртібін бірге анықтайды:
даярланылған үлгілер (тәжірибелік);
сынау категориясы;
қабылдау комиссиясы және оның құрамы;
қабылдауға ұсынылытын құжаттар.
Өнімнің
өмірлік циклінің екінші сатысында өнім өндіріске қою
туралы шешім қабылданылады және бекітіледі. Дайындалған өнімнің
17
стандарттан өткен нормативтік құжат бойынша дайындалу кезіндегі
сапасы анықталады.
Стандартталынған нормативтік құжат (НҚ) - келесі түрлерге
бөлінеді:
мемлекеттік стандарттар (ҚР СТ);
салалық стандарттар (ОСТ);
техникалық шарттар (ТУ);
кәсіпорындар мен бірлестіктердің стандарттары (СТП);
ғылыми–техникалық
және
инженерлік
қоғамдардың
стандарттары (СТО).
Стандартталынған нормативтік құжаттарды (СНҚ) құрыстыру,
бекіту, есепке алу және қолдану Мемлекеттік стандарттау жүйесінің
талаптарына сәйкес жасалуы қажет.
Өнімнің өмірлік циклінің
үшінші сатысында өнім өндірістен
шығарылады. Өнім шығарылып жатқан құжат бойынша шығарылып
жатқан өнімнің талапқа сәйкестігі тексеріледі. Ол үшін өнімнің
сапалық көрсеткіштерінің нақты мәндері анықталып талап етілетін
мәндермен салыстырылады. Өнім өмірінің бұл сатысында әртүрлі
категорияда және көлемде бақылау сынақтары жүргізіледі.
Өнімнің өмірлік циклінің
төртінші сатысында өнімді тұтыну
немесе іске қосу кезінде өнім өзінің сапалық көрсеткіштерін іске
асырады.
Бұйымның сапалық деңгейін қажетті мөлшерде қамтамасыз ету
үшін бұйым циклінің «өміршеңдігін» ұзарту қажет.
Өміршеңдік цикл – бұл процесті құру және өнімнің жүре келе
талапқа сай қалыптасуда өзгеріске ұшырау жағдайы және оның
өндірістен шығарылуы немесе тұтынушы арасындағы өзара жиынтық.
Өміршеңдік циклдің бірінші деңгейін сатыға бөлуге болады:
зерттеу және өңдеу, дайындау, тарату және пайдаға асыру.
Достарыңызбен бөлісу: